Ас қорыту физиологиясы


Қарын сөлінің құрамында төрт фермент бар



бет2/3
Дата31.01.2024
өлшемі259.6 Kb.
#490430
1   2   3
алғашқы көмек ас қорыту

Қарын сөлінің құрамында төрт фермент бар:

Қарын сөлінің құрамында төрт фермент бар:


1- пепсиноген тұз қышқылының әсерінен пепсинге айналады. Пепсин белоктарды альбумоз бен пептондарға дейін ыдыратады;
2 - реннин - сүттің казеиноген белогін казеинге ауыстырады, немесе сүтті ірімшікке айналдырады;
3 - қарындық липаза –эмульсияланған майды глицерин мен май қышқылдарына дейін ыдыратады;
4- желатиназа - желатинді сұйықтандырады.

Тұз қышқылының қарындағы ролі:

Тұз қышқылының қарындағы ролі:


1- қарында қышқыл орталық жасайды;
2 - пепсиногенді пепсинге айналдырады;
3- белоктарды ісіндіріп, олардың көлемін ұлғайтады;
4 - бактерицидтік қасиет береді;
5- азықтардың ішекке ауысуына қатысады;
6- аш ішектегі бөлінетін просекретинді гастринге ауыстырады.

Қарын сөлінің бөліну кезеңдері. 

Қарын сөлі бөлінуінің екі кезеңі бар:


1- рефлекторлық кезең – тамақ жегеннен соң итте 5 минуттан кейін басталып, 1-2 сағатқа созылады. Тамақты қабылдаған кезде ауыздағы және қарындағы рецепторлар тітіркеніп, тітіркену сопақша мидағы сөл бөлу орталығына барады. Ол орталықтан қарынға кезеген жүйке арқылы беріледі де итте сөл бөлу басталады.
2- нейро-химиялық кезең - итте тамақ қабылданғаннан соң 30-40 минуттан кейін басталып, секреция 5-8 сағатқа дейін созылады Бұл кезеңде көкөністер мен ет сорпасында болатын гистамин, қарында бөлінетін прогастрин тұз қышқылының арқасында гастринге ауысып, қанға сорылып, сопақша миға барып бөлінуді реттейтін орталықты қоздырады. Осы орталықтан қозу қарынға тағы да кезеген жүйке арқылы беріледі де сөл бөліне бастайды.

Күйіс қайыратын малдың –мүйізді ірі қара, түйе, қой-ешкі қарны төрт бөлімнен құралған: таз қарын, жұмыршақ, қатпаршақ пен ұлтабар. Түйеде қатпаршақ жоқ, сондықтан оның қарны үш бөлімнен құралған. Осы көрсетілген бөлімдерден тек ұлтабар нағыз қарын болып саналады. Себебі, ұлтабарда қарын сөлі бөлінеді. Ал, қарынның басқа бөлімдерінде азық қорыту микроағзадардің қатысуымен өтеді. Төрт бөлім қарынның ең үлкені таз (мес) қарын. Мүйізді ірі қара малда оның көлемі 100-300 л, ал қой мен ешкіде 12-20 л. Күрделі қарын бөлімдеріне микроағзалар ірі азықтар мен сүт арқылы, сиырдың бұзауды жалауынан кіреді. Күрделі қарын бөлімдерінде үш типті микроағзалар өсіп дамиды.

  • Күйіс қайыратын малдың –мүйізді ірі қара, түйе, қой-ешкі қарны төрт бөлімнен құралған: таз қарын, жұмыршақ, қатпаршақ пен ұлтабар. Түйеде қатпаршақ жоқ, сондықтан оның қарны үш бөлімнен құралған. Осы көрсетілген бөлімдерден тек ұлтабар нағыз қарын болып саналады. Себебі, ұлтабарда қарын сөлі бөлінеді. Ал, қарынның басқа бөлімдерінде азық қорыту микроағзадардің қатысуымен өтеді. Төрт бөлім қарынның ең үлкені таз (мес) қарын. Мүйізді ірі қара малда оның көлемі 100-300 л, ал қой мен ешкіде 12-20 л. Күрделі қарын бөлімдеріне микроағзалар ірі азықтар мен сүт арқылы, сиырдың бұзауды жалауынан кіреді. Күрделі қарын бөлімдерінде үш типті микроағзалар өсіп дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет