[
168
]
бауыры. Солай бола тұрса да, рулық замандағы түсініктің
негізгі шарттарының бірі болып есептелген туыстық сезім
фольклорда осындай тұтастану тудырып отырғаны ақиқат. Сол
себепті біз оны шежірелік тұтастанудың бір түрі деп отырмыз.
Ал батырлық эпоста көбінесе шежірелік тұтастану, жоға
рыда айтқанымыздай, елдің жақсы көретін ерін дәріптеу үшін
пайдаланылады. Сондықтан мұнда әкесі (ағасы) ешбір жәбір
кермесе де баласы (інісі) әке (аға) жолын қуып, жорыққа шы
ғады. С. Садырбаев орынды айтады: «Қарт батыр шау тарт
қанда, жас батыр сахнаға шығады.
Жас батырдың әлеумет ісіне
араласуымен жаңа жау, жаңа араздық тағы да туады. Жеке
батыр жастық жігердің жәрмеңкесін ұзатып, ду базардың
шетіне шыққанда, ілешала қолындағы қаруын, үстіндегі
сауытсайманын іліп әкететін жас батыр пайда болады. Бейбіт
елдің бейқам көшін әрі қарай бастай беру – жас батырдың
азаматтық борышына беріледі
31
».
Демек, қаһармандық эпоста батыр әкенің баласы ата сал
тымен ерлік өмір кешеді, жорықтарда жүреді. Рас, кейде
жас батыр тыныш жатқан жауға өзі барып соқтығады. Оның
себебі – басбұзар тентектік емес, керісінше: осы ата жауым
түбі
маған тыныштық бермес, әйтеуір бір тиіседі ғой деп, істің
алдын алып, дұшпанға өзі бұрын шабады. Яғни «егер тыныш
өмір сүргің келсе, соғысқа дайындал», «қорғанудың ең жақсы
жолы – шабуыл» деген шартты халық қолдаған.
Сонымен, эпос халықтың қалаулы батырын ардақтап,
дәріптеу
үшін оның өмірін баяндаумен шектелмейді. Жыр,
ең алдымен, батырдың қарапайым адам емес екендігін
дәлелдеу үшін оның тегін мықты етіп көрсетеді. Сол себепті
қаһарманның атаанасы (кейде балалары) жай елден асқан
бай емес,
олар кереметтің иесі, ғажайып сиқырдың білгірі
көрінеді. Сөйтіп, эпоста батыр асқан байдан, ғаламат алыптан
,
я болмаса құдірет күшінен немесе ғайыптан,
тағы басқа құпия
заттан туған болып суреттеледі. Демек, ерекше жағдайда,
ерекше атаанадан туған баланың келешегі де, яғни өмірі,
сүйген жары, ісқимылы, балашағасы – бәрі ерекше болатыны
заңды, яғни оның ғұмыры алдын ала «жоспарланып»
қойған.
Сөйтіп, батырдың атаана
сы, өзі, баласы туралы әңгіме
лер үлкен бір цикл құраған. Рас, егер құрылысына үңіле
[
169
]
қарасақ, аталған үш әңгіменің өзі үш түрлі шығарма деп те
айтуға болады. Мұны біз, әсіресе, шежірелік тұтастанудың
классикалық қалпына түскен үлкен эпостардан көреміз.
Бұл жерде біз зор эпопеяны – «Манас» тәрізді жыр мұхитын
мысалға келтіруімізге болады. «Манас», «Семетей», «Сейтек»
деп аталатын үш ғаламат жырдан тұратын бұл эпикалық
трилогияның ең зоры – «Манас». «Манас» жырының өзінде
де
шежірелік тұтастану мұнда оның әкесі Жақып жайлы
өзінше бір жыр еседі. Сонымен қатар «Манаста» оқиғалар мен
кейіпкерлер,
қақтығыстар мен ұрыстар, рулық жиылыстар,
таластар, тайпалар мен адамдардың өзара қарымқатынаста
ры – бәрібәрі қамтылған. Ал «Семетей» мен «Сейтекте» негізгі
мәселе – батырлардың өмірбаяны. Басқаша айтқанда
, бұл екі
жырда ғұмырнамалық сипат басым, сондықтан сюжет ауқымы
«Манастағыдай» кеңейе алмаған. Сол себепті де
ғалымдар
«Семетей» мен «Сейтек» жырлары кейінгі заманда пайда
болған деген пікір айтады
32
. Солай болғанмен де
бұл жырлар
«Манас» эпосын жалғастырып отыр. Олай болса эпос пен оның
айтушылары һәм тыңдаушылары үшін шежірелік тұтаста
ну – жай ғана ермек емес, логикалық
әрі жалғастық бірлікті
сақтаған көркем заңдылық. Сондықтан да шежірелік тұтаста
ну – көптеген елдің эпосына тән құбылыс. Мәселен, Батыс
Еуропа
жұртының эпосын айтпағанда, Шығыс халықтары
ішінде әзірбайжанның «Көроғлу», өзбектің «Гороғлы»,
түрікменнің «Юсуф пен Ахмед» жырдастандарын еске алуға
болады. Қазақ фольклорындағы шежірелік тұтастанудың
классикалық үлгісі – «Қырымның қырық батыры» (кейде
оны «Ноғайлының қырық батыры» деп те атайды)
33
. Аталмыш
эпос басқа халықтардікімен байланыстырғанда өзінің бірнеше
ұрпақты қамтуымен ерекшеленеді. Айталық, оның «Аңшыбай
батыр және оның ұрпақтары» атты бөлімінде бас батырдың
жеті ұрпағына дейін қамтылады, яғни оның баласы, немересі,
шөбересі, шөпшегі, неменесі, туажаты – түгелімен ата жолын
қуған батыр болып суреттеледі, ал
батыр болмағаны бәрібір
өз баласынан ата кегін қайтаруды талап етіп, батырлық мінез
көрсетеді. Осындай жағдай «Қарадөң батыр да» да байқалады:
батырдың өзі, баласы Жұбаныш, немересі Сүйініш, шөбересі ер
Бегіс, шөпшегі Көгіс, неменесі Тама, тағы басқа ұрпақтары.
[
170
]
Шежірелік тұтастануға түскен эпостың тағы бір заңдылы
ғы – кейінгі батырлар қиналған немесе мұңайған тұста
өзінің атабабасын еске алып, көмекке шақыруы я болмаса
солардың аруағына сиынып, медет сұрауы, кейде мақтан үшін
санамалауы. Әдетте, ол
ең бірінші бабасынан бастап, атаған
аталарына мінездеме беріп отырады. Мысалы, Едігенің Сыпыра
жырауға өзін таныстырғандағы сөзі:
Достарыңызбен бөлісу: