- Реабилитациялық шаралар емханада немесе ауруханада жүргізіледі.
- Рецедивге қарсы ем;
- Санаторлық-курорттық ем;
- Диеталық тамақтану;
- Физиотерапиялық ем;
- Психотерапия;
- Емдік жаттығулар.
Стол N1. Стол N1. Асқазан жара ауруы және 12-елі ішектің аурулары кезінде - Құрамы: үгітілген сүтті және көкөністі тағамдар ( қырыққабаттан басқа), дәнді-дақылды сорпа (бірақ етті және балықты емес); суға немесе буға қайнатылған және ботқа тәрізді түрінде көкөністер; қайнатылған құнарлығы аз ет, майлы емес қайнатылған балық, буға піскен ет, балық, сыртқы қабатынсыз қайнатылған тауық; сары май, зәйтүн майы, шемішке майы; сүт, қышқыл емес ұйыған сүт, майлы емес қаймақ, жұмсақ ірімшік, қышқыл емес қаймақ; бітеудей қайнатылған немесе булы омлет түрінде пысқан жұмыртқа,кептірілген нан; тәтті жеміс-жидектер, жеміс – жидекті, көкөністі шырындар, итмұрын қайнатпасы, қант, тоспа, шай, сүтті какао — әлсіз.
- Жалпы жағдайы жақсарған сайын тағамды қайнатылған түрінде қолдануға болады. Тұзды 8 г дейін азайту. А, С, В тобындағы витаминдер қолдану. Тағамды жиі күніне 5-6 рет пайдалану, толықтай шайнап және тым ыстық немесе тым суық тағамдардан аулақ болу қажет;
Құрамында барлық қажетті элементтері бар азық-түлікті шамамен тұтыну;Әсіресе құрамында дәрумендер мен микроэлементтер бар азық-түлікті тұтынуға назар аудару керек.
Сүрленген,тұздалған,қақталған тағамдарды,нитраттарды тұтынуды азайту.
Тамақты күніне 3 рет қабылдау және осы тамақтануға ек аралық қосымша тамақтануды қосу керек.Кешкі асты ұйқыға дейін 2-3 сағаттан кешіктірмей қабылдау қажет.
Шайналуы қиын азық-түлікті үккіштен өткізу немесе ұнтақтағыш, еттартқыштың көмегімен тарту қажет.
Асқазан-ішек жолдарының секреторлық және қозғалыстық белсенділігін бір қалыпты ынталандыру үшін ас үлесінде тез қорытылатыназық-түлік мөлшері көп болуы қажет.
Тамақтанудың дұрыс болуы:
Достарыңызбен бөлісу: |