Біріншілік профилактика
Балалық шақтан рациональды тамақтану;
Еңбек және демалыс жағдайларын ұйымдастыру;
Темекі шегумен күрес;
Ішімдікпен әуестенбеу;
Дене шынықтыру және спортпен шұғылдану;
Ерте диагностика жүргізіп,жара алды ауруларды емдеу/созылмалы гастриттер,асқазанның және 12-елі ішектің функциональды бұзылыстарын/
Екіншілік профилактика
1.Үздіксіз терапия жүргізу;
2.Аурулары белгілері пайда болса өршуіне қарсы ем жүргізу;
3.Ұзақ уақыт диспансерлік бақылау жүргізу;
4.Көктемде және күзде қажет болса жыл бойы профилактикалық ем жүргізіледі;
5.Қосарланған ауруларды емдеу;
6.Рентгенологиялық,эндоскопиялық зерттеулер жүргізу.
5 жыл бойы ауру рецидивтері болмаса пациент жазылды деп есептеледі және диспансерлік қабылдауды қажет етпейді.
Профилактикасы
Асқазанжәне 12 елі ішек ауруы кезінде пациентке күтім көрсету - Ойық жара ауруы алғаш анықталған немесе өршуі бар пациенттер 1-1,5 ай аурухана ішінде емделеді.
- Аурудың өршуі кезінде пациент 2-3 апта төсек режимін сақтау керек.
- Науқастың жалпы жағдайын бақылар отыру:науқас терісіне, пульсі, АҚ,нәжіс түріне назар аудару.
- №1 диеталық стол тағайындалады.
- Дәрігер тағайындаған дәрілерді дұрыс және уақытылы берілуін қадағалап отыру.
- Науқасқа психикалық күш түсірмеу.Науқастың аландауына, мазасыздануына,уайымдауына болмайды.
- Пациент ұйқысының тыныш және толық болуын қадағалау.Кем дегенде 8 сағат тынығуы қажет.
- Темікі шегу және ішімдік қолдануға тыйым салынады.
- Пациентте асқазаннан қан кету және асқынбаған ойық жара болмаса физиотерапиялық ем жүргізіледі.
- Пациентте асқазаннан қан кеткен кезде тез арада дәрігер шақыру.Пациентті тыныштандырып,таза ауамен қамтамасыз ету.Асқазан тұсына мұзды мұйық қою.Қан тоқтататын препараттарды енгізу.Егер бұл шара көмектеспесе хирургиялық ем тағайындалады.
- Пациент ауруханадан шыққан соң санаторияда курорттық ем алу ұсынылады.
- Пациент диспансерлік есепке алынып,жылына 2 рет тексерістен өтуі керек.
- Реабилитациялық шаралар жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |