Асфальт бетонның құрылымды механикалық қасиеттері


төсеменің астыңғы және үстіңгі қабаттарын салу арасы 2 тәуліктен төмен болса



бет3/5
Дата30.05.2024
өлшемі1.47 Mb.
#502089
1   2   3   4   5
лекция 8.2 АБ қасиеттері

төсеменің астыңғы және үстіңгі қабаттарын салу арасы 2 тәуліктен төмен болса;

  • салынған астыңғы қабат үстімен көліктер қозғалысы болмағанда.

    Органикалық тұтқырғыш материалдарды пайдалану кезінде қыздыру температурасы 8.3.1 кестеде көрсетілген шектерде болуы тиіс.
    8.3.1 – кесте

    Тұтқырғыштар маркалары

    Тұтқырғышты қыздыру температурасы, °С

    беттік белсенді заттарсыз

    беттік белсенді заттармен

    МЕМ СТ 22245-76 бойынша битумдар



    БНД 40/60, БНД 60/90, БН 60/90

    130 - 150

    110 - 130

    БНД 90/130, БН 90/130, БНД 130/200,
    БН 130/200

    100 - 120

    90 - 100

    БНД 200/300, БН 200/300

    90 - 100

    90 - 100

    МЕМ СТ 11955-82 бойынша битумдар



    СГ 130/200, МГ 130/200

    90 - 100

    90 - 100

    СГ 70/130, МГ 70/130, МГО 70/130

    80 - 90

    80 - 90

    СГ 40/70, МГ 40/70, МГО 40/70

    70 - 80

    70 - 80

    СГ 25/40, МГ 25/40

    60 - 70

    60 - 70

    МЕМ СТ 4641-80 бойынша қарамайлар



    ДО-7, ВДП-6, ВДП-7

    100 - 120

    -

    Д-6, ДО-6

    90 - 110

    -

    Д-5

    80 - 100

    -

    Д-3, Д-4

    75 - 90

    -

    МЕМ СТ 18659-81 бойынша эмульсиялар



    ЭБА-1, ЭБА-2, ЭБА-3, ЭБК-1, ЭБК-2, ЭБК-3

    қыздырусыз

    -

    Кері эмульсиялар

    60 - 70

    -

    Материалдардың шығын нормасы, л/м2:



    • негіз бетін битуммен өңдегенде – 0,5-0,8, астыңғы асфальтобетон бетіне – 0,2-0,3;

    • негіз бетін 60% эмулсиямен өңдегенде – 0,6-0,9, астыңғы асфальтобетон бетіне – 0,3-0,4.



    Майлау жұмыстарында бақыланады:

    • тұтқырғыштың біркелкі таралуы;

    • температура;

    • шығын нормасы.

    Автогудронаторды дұрыс баптау 8.3.3 суретте көрсетілген.

    8.3.3 – сурет – Битум эмульсиясын тарату:


    1 – қоспа жайылатын қабат; 2 – тұтқырғыш таратқыш сызғыш; 3 – битум эмульсиясын шашу; 4 – тұтас тұтқырғыш қабаты


    23
    А/б қоспасын тасымалдау








    Зауытта дайындалған қоспаны төселетін жерге автомобильдермен тасымалдайды. Қоспаны жайылатын жерге қатаң түрде графикпен жеткізу қажет. Қоспа қабыршақтанбау және салқындамау үшін тасымалдау қашықтығын мүмкіндігінше шектеу керек. Қоспа тасымалдайтын машиналардың шанақтарын жылыту жүйелерімен және брезентті жылуоқшаулағыш материалдармен қамтамасыз ету қажет.
    Асфальтобетон қоспасының сапасы оның температурасына байланысты.
    8.3.2 – кесте
    Тұтынушыға тиеу кезіндегі қоспаның температурасы

    Қоспа түрі

    Битум көрсеткішіне байланысты қоспа температурасы, °С,

    25°С-де ине ену тереңдігі, 0,1 мм

    60°С-де 5 мм-лі тесігі бар визкозиметр бойынша шартты тұтқырлық, с

    40...60

    61...90

    91...130

    131...200

    201...300

    70...130

    121...200

    Ыстық

    150-ден 160-қа дейін

    145-тен 155-ке дейін

    -140-тан 150-ге дейін

    130-дан 140-қа дейін

    120-дан 130ға дейін

    -

    110-дан 120-ға дейін

    Суық

    -

    -

    -

    -

    -

    80-нен 100-ге дейін

    100-ден 120-ға дейін

    Ескерту:

    1. ББЗ және белсендірілген минералды ұнтақтарды пайдаланған кезде ыстық қоспалардың температурасын 20 оС-ға төмендетуге жол беріледі.

    2. Жоғары тығыздықты асфальтобетон және полимер-битум тұтқырғыштарда дайындалған асфальтобетон үшін дайын қоспалардың температурасын 20 °С-ға дейін арттыруға рұқсат етіледі.

    Сапалы қоспа жолға жеткізу кезінде автомобиль шанағында жадағай конус түзейді, біркелкі қара түсті, түтіндемейді, жылжымалы, битум түйіршіктері мен дақтары жоқ.


    Тасымалдаудың рұқсат етілген қашықтығы қоспаның түріне, климаттық жағдайларға, тасымалдау жолдарының жағдайына байланысты.
    Жуық мөлшермен (тәжірибе жүзінде) ыстық қоспа жолдың әрбір километріне тасымалдау кезінде 1°С-қа немесе тасымалдаудың әрбір сағаты үшін 20°С-қа салқындайды деп есептеуге болады.
    Тәжірибеге сүйене отырып, құрғақ ыстық ауа райында ыстық тығыз қоспаны 40...50 км-ге дейін қашықтыққа тасымалдауға болады, ал салқын ауа райында – 20...30 км-ге дейін.
    Асфальтобетонды қоспаларды тасымалдау ұзақтығы жаю кезінде ең аз рұқсат етілген температураны қамтамасыз ету жағдайларымен белгіленеді. Тиеу және жаю кезінде қоспаның температурасын талдау қоспаны тасымалдау процесінде жылу ысыраптарын барынша азайту қажет екендігін көрсетеді, бұл тек түрлі қорғаныс құрылғыларын пайдалану кезінде ғана мүмкін.
    Көлік құралдарының қозғалысы кезінде шанақтың бүйір бетінде және тасымалданатын қоспаның жоғарғы бөлігінде орналасқан қоспа қабатының температурасы конвективті жылу беру есебінен төмендейді. Бұл қоспаның кейбір көлемінің жоғары тұтқырлық түзілуіне ықпал етеді және әртүрлі температуралы қоспаларды жаюға әкеледі. Соның салдарынан нығыздау коэффициенттері мен беріктілік сипаттамалары төмен төсемелері бар телімдер пайда болады.
    Заыутта араластырғыштан қоспаны түсіру кезінде қоспаның қабатталуын болдырмау және біртектілігін қамтамасыз ету үшін қоспаларды тиеудің арнайы схемасы әзірленді: алдымен қоспаны шанақтың алдыңғы бөлігіне, содан кейін артқы және одан кейін ғана – ортасына төгіледі. Автосамосвал шанағының сыйымдылығы 15 т артық болған кезде шанақты бес әдіспен тиеуге болады.
    Автосамосвал шанағындағы қоспа салмағы салмағы көп болған сайын, оның баяу салқындағанын ескеру қажет. Сондықтан үлкен жүк көтерімділігі бар автомобильдерді қолдану қоспаны жеткізу қашықтығын арттыруға, жылжымалы асфальт-бетон зауыттарының орнын ауыстыру санын және оларды монтаждау мен бөлшектеу шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Үлкен жүк көтерімділікті автомобиль-самосвалдарды қолдану кезінде тасымалдаудың өзіндік құны да азаяды.




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет