8.3 Асфальт бетон төсемесін жаю
Асфальтбетонды төсемесі бар жол жамылғысының конструкциясын барлық конструкцияның беріктігіне, табиғи жағдайларға және жергілікті материалдарға қойылатын талаптарға сүйене отырып таңдайды.
Жол жамылғысының конструктивтік көлденең кескінінің бейнелері 8.3.1 суретте келтірілген.
8.3.1 – сурет – Жол жамылғыларының конструктивті кескіндері (мысал):
1 – асфальтобетон, беткі қабат – 3 см; 2 – асфальтобетон, астыңғы қабат – 4 см; 3 – асфальтобетон, астыңғы қабат – 5 см; 4 – цементті бетон, 20 см; 5 – құмды қабат, 18 см; 6 – битумды минералды қоспа; 7 – цементті бетон тақталары, 8 – асфальтобетон, астыңғы қабат – 4,5 см; 9 – битуммен араластырылған қиыршықтас қабаты, битум мөлшері 2,5 л/м2 – 16 см; 10 – құмды қабат, 18 см; 11 – ақ қиыршықтас
Негіз қабаты төсеменің әр жағынан 0,5 м-ге кең етіп орнатылады. I және II техникалық санаттағы жолдарда кеңейтілген негіздер-конструкцияның қажетті элементі.
Жүру бөлігінің бүйір жиегінің бұзылуын болдырмау және жол жамылғысының астына судың кіруін болдырмау үшін кеңейтілген негіз үстіндегі кеңістік су өткізбейтін материалмен толтырылады.
Жүру бөлігінің жиектергі бойындағы жиектік жолақтар жүру бөлігінен, әсіресе түнгі уақытта қозғалыс қауіпсіздігін арттыру үшін айрықша болуы тиіс.
Асфальт бетон қоспасын МЕМСТ 9128-97 талаптары сәйкес технологиялық регламент бойынша дайындайды.
Асфальтбетонды төсемелерді жаю технологиясына келесі негізгі операциялар кіреді:
асфальтобетон қоспасын дайындау;
қоспа жайылатын негіз бетін дайындау;
қоспаны тасымалдау;
қоспаны жаю және нығыздау.
Дайындық жұмыстары
Асфальтобетон қоспасы төселетін негіз белгіленген тәртіппен қабылдануы тиіс (тегіс, сапалы нығыздалған болуы керек).
Асфальтбетонды қоспаны жаяр алдында төменгі қабаттың беті дайындалуы тиіс:
қажет болған жағдайда Инженер мақұлдаған материалмен шұңқырарға жөндеу жүргізіледі;
тегістеу жұмыстары орындалады (шұңқырларды, ойықтарды асфальтобетонмен толтыру және т.б.);
негіз беті кірден, бөгде заттардан, қоқыстан тазартылады.
Ластанған немесе ылғалданған негіз беті асфальтобетонмен ілінісу қамтамасыз етілмейді, бұл төсеме мен жол жамылғысы беріктігінің күрт төмендеуіне әкеледі. Негіз бетіндегі тегіссіздіктерді қымбат тұратын материал – асфальтобетон есебінен түзетуге тура келеді, бұл оның артық жұмсалуын және жұмыстардың қымбаттауын тудырады (8.3.2 – сурет). Сондықтан асфальтобетонды қабаттарды тегіс, құрғақ, таза және қатпаған негізде орналастыру қажет.
8.3.2 – сурет – Тегістегіш қабат, астыңғы қабаттағы тегіссіздіктерді түзету үшін
Дымқыл негізді құрғату ыстық құммен (250 – 300о С-ге дейін) немесе арнайы кептіргіш-қыздырғыш агрегаттарымен жасалыныды.
Негіз бетін тазалау механикалық сыпырғыштармен немесе қысылған ауамен орындалынады.
Осы жұмыстарды орындағаннан кейін төсеменің жобалық ені мен көлденең еңістігін, сондай-ақ төсеме жиегінің түзулігін сақтауға мүмкіндік беретін белгілеу жұмыстарын орындау қажет (нивелирдің немесе басқа да геодезялық аспаптар көмегімен, жиектегі таспаға ақ немесе түсті сызықтарды салу арқылы және басқа да тәсілдермен).
Негіз немесе астыңғы қабат беті дайындалғаннан және қабылданғаннан кейін асфальтобетон қоспасын жаюға дейін 3-5 сағат қалғанда битум эмульсиясымен (ЭБК-1 немесе ЭБПК-1) немесе сұйық битуммен өңделеді, майланады (подгрунтовка).
Сцепление покрытия с нижележащим слоем усиливают за счет подгрунтовки битумной эмульсий (ЭБК-1 или ЭБПК-1) за 1-6 ч до укладки покрытия или жидким битумом за сутки до укладки покрытия – при применении жидкого битума класса СГ – и за двое суток – при применении жидкого битума класса МГ.
Майлау жұмыстарын жасамауға болады, егер:
|