«Ақша, несие,банктер» пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмыстарына тапсырмалар жинағы


 тақырып. Ақша және ақша айналысы



Pdf көрінісі
бет2/56
Дата31.10.2023
өлшемі1.35 Mb.
#482018
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
ТАПСЫРМАЛАР ЖИНАГЫ АНБ

1 тақырып. Ақша және ақша айналысы
 
Ақша айналысы — шаруашылықтагы тауарларды өткізуге, сондай-ақ 
тауарлы емес толемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет 
ететін қолма-қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың 
қозғалысы. 
Ақша айналысының объективтік негізіне де тауар өндірісі жатады. Тауар 
өндірісі тұсында тауарлар әлемі: тауар және ақшаға бөліне отырып, олардың 
арасында өзара қарама-қайшылықтар туады. Қоғамдық еңбек бөлінісінің 
тереңдеуіне және жалпы ұлттық және дүниежүзілік нарықтардың 
қалыптасуымен байланысты капитализм тұсында ақша айналысы да әрі қарай 
дами түседі. Сонымен ақша, капитал айналымына қызмет ете отырып, 
барлық жиынтық қоғамдық өнім айналысы мен айырбасына дәнекер болады. 
Ақшаның қолма-қол және қолма-қолсыз формаларының көмегімен тауарлар 
айналысы, сондай-ақ ссудалық және жалған капиталдың қозғалысы жүзеге 
асырылады. 
Ақша айналысының құрылымына қолма-қол ақшалар айналысы мен 
қолма-қолсыз ақшалар айналысы кіреді. 
Қолма-қол ақшалар айналысы бұл нақты ақшалар қозғалысын 
білдіреді. Оған банкноталар, монеталар және қағаз ақшалар (қазыналық 
билеттер) қызмет етеді. Дамыған еддерде нақты ақшалар айналысының 
едәуір бөлігін орталық банктерден шығарылған банктік билеттер құрайды. 
Ақша шығарудың кішкене бөлігі (10%-ға жуығы) қазыналық билеттерді 
шығарушы қазынашылықтың үлесіне тиеді. 
Қолма-қолсыз 
ақшалар 
айналысы 
— 
қолма-қолсыз 
ақшалар 
айналымының ақшаларының қозғалысы. 
Мұндағы, қолма-қолсыз ақшалар - чектер, пластикалық карточкалар, 
электрондық аударымдар көмегімен пайдаланылатын клиенттердің 
шоттардағы сақтаған ақшалары (депозиттер). 
Қолма-қол ақша мен қолма-қолсыз ақшалар арасында тығыз байланыс пен 
өзара тәуедділік бар. Ол ақшаның үнемі бір айналыс сферасынан екінші 
біріне өтіп отыруынан байқалады. Айталық, қолма-қол ақшалардың банктегі 
депозитке салынуы, олардың қолма-қолсыз ақшаға айналуын білдірсе, ал, 
банктен жалақы, жәрдемақы, стипендия, зейнетақы және т.с.с. төлеу үшін 
ақша алған жағдайларда қолма-қолсыз ақшалардың қолма-қол ақшаларға 
ауысуы байқалады. 
Акша айналысының заңы - тауарлар айналысы үшін қажетті ақшалардың 
санын (А
та
) анықтайды. 
саны
н
айналымыны
Акша
сомасы
н
багаларыны
н
Тауарларды

ТА
А
Бұл жерде бір айта кететін жағдай, ақшаның төлем құралы қызметін 
атқаруымен байланысты бұл формула да нақтылануды талап етеді. 
Айналысқа қажетті ақша санын мынадай формуламен бейнелеуге болады: 


ОС
ТС
ТС
ТБ
ТБ
к
А
М
Н
С
А





мұнда, 
А
к
- айналысқа қажетті ақша саны; 
С
тб
- сатылатын тауарлар бағасының сомасы; 
Н
тб
- несиеге сатылған тауарлар бағаларының сомасы; 
М
тс
- міндеттемелер бойынша төлемдер сомасы; 
Ө
тс
- өзара өтелетін төлемдер сомасы; 
А
ос
- айналыс және төлем құралы ретіндегі ақша айналымының орташа 
саны. 
Осындай жағдайларға айналысқа қажетті ақша санына, өндірістің 
дамуының шарттарына тәуелді болып келетін, әр алуан факторлар ықпал 
етеді. Оның біріне айналыстағы тауарлар санының өзгерісі жатады. Сондай-
ақ, шаруашылықтағы ақшаға деген қажеттілік тауарлар және көрсетілетін 
қызметтер бағаларының деңгейіне байланысты да анықталады. 
Айналысқа қажетті ақша санына мыналар кері ықпал етеді: 
• несиенің даму дәрежесі, себебі, қаншалықты тауарлардың басым бөлігі 
несиеге сатылса, соғұрлым айналысқа аз мөлшерде ақша қажет етіледі; 
• қолма-қолсыз есеп айырысудың дамуы, 
• ақша айналысының жылдамдығы. 
Металл ақша айналысы тұсында айналыстағы ақша саны ақшаның қазына 
жинау құралы қызметінің көмегімен реттеліп отырды. Егер ақшаға деген 
қажеттілік қысқарса, онда айналыстағы артық ақша (алтын монета) 
айналыста қазынаға кетіп, ал егер ақшаға деген қажеттілік ұлғайса, онда 
айналысқа қажетті мөлшердегі ақша қазынадан айналысқа шығырылып 
отырады. 
Егер де айналысқа алтынға ауыстырылмайтын банкноттар немесе қағаз 
ақшалар (қазыналық билеттер) қызмет етсе, онда бұл жағдайда, қолма-қол 
ақшалар айналысы қағаз ақша айналысының заңына сәйкес жүргізіледі. 
Ақша айналысын қолдап отыру шарттары мен зандары келесідей екі
фактордың өзара ерекет етуімен, яғни шаруашылықтағы ақшаға 
деген қажеттілік және айналымға ақшалардың нақты түсуімен анықталады. 
Егер де айналымдағы ақша көлемі, шаруашылыққа қажетті ақшадан артық 
болса, онда ақшаның құнсыздануына, сонымен қатар ақша бірлігінің сатып 
алу қабілетінің төмендеуіне, яғни инфляцияға жол береді. 
Ақша айналысының негізгі сандык көрсеткіштерінің біріне ақша массасы 
мен ақша базасы жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет