«Ақши негізгі орта мектеп»кмм қымыздың пайдасы Тақырыбы: Жетекшісі: Омашева Гулнур Мусакызы Орындаған: Төлеу Ерасыл Медетұлы Сыныбы



бет2/3
Дата15.11.2023
өлшемі4.6 Mb.
#483281
1   2   3
ЕРАСЫЛ ғылыми жұмыс

Аннотация
Қазақтың ұлттық тағамы – ұлы тағам. Ата –бабаларымыздан мұра боп қалған осындай ұлттық тағамдарымыз бен сусындарымыз, яғни ұлттық өнімдерімізді білу оқушылардың міндеті.
1-сынып оқушысы Төлеу Ерасыл “Қымыз ” атты тақырыпта ғылыми зерттеу жұмысын жасады. 
Зерттеу жұмысы барысында ұлттық тағамдардың ең құрметтісі, дастарқан дәмінің бірі-қымыз жайлы, олардың адам денсаулығына қажет емдік шипалы сусын екендігін зерттеп, өз ойымен ұштастыра білді. 
Ұсыныс
1. Қымыздың адам денсаулығына, аурудың алдын алу мақсатында сапалы дайындалған қымызды әрбір жас ұрпаққа ішкізіп, кеңінен қолға алынса.
2. Қымызды ауру түрлеріне байланысты шипа ретінде пайдаланатын бірқатар емдеу сауықтыру орындары ашылса.


Кіріспе

Мен бұл жобамды қазақ халқының сусыны – қымыздың шипалық қасиетін зерттеуге арнадым.


Қымыз – қазақтардың сүйікті тағамдарының бірі. Осы бір тамаша сусын салтанаттардың барлығында алдымен ұсынылатын тағам. Әйел адамдардың асқан шеберлігі алдымен баптап ашытқан қымызының сапалылығымен бағаланған. Тостағандағы қымызды тауысып ішпей, түбінде сарқыт қалдыру айып болып саналған.
Мен қымызды кішкене кезімнен ішемін. Нағашы атам ылғи да маған «қымыз іш, ол пайдалы» дей беретін. Маған осы қымызда не пайда бар екен деген ойлар жиі мазалай бастады. Сондықтан осы сұрақтарыма жауап іздеп көруге бел байладым.
Негізгі бөлім

Мен бірінші қымыз туралы зерттемес бұрын жетекшіммен кеңесіп, жұмысты неден бастау керек екенін жоспарлап алдым.



  1. Қымыздың құрамын анықтау.

  2. Қымызды дайындау әдістерін үйрену.

  3. Қымыздың емдік қасиеттері қандай?

Үйірілген сары алтындай сары қымыз,
Ауруға – ем, сауға – қуат, дәрі қымыз.
Елімнің баяғыдай сүйген асы,
Шығаршы тағы нең бар кәрі қымыз, -деп Жамбыл атамыз жырлаған екен. 
Бұның өзі қымыздың қасиеті мен бірге оның түрлерінің көп екенін аңғартады. Қазақ халхы жыл маусымына қарай қымызды уыз қымыз, жазғы қымыз, күзгі, қысқы қымыз деп атаған.
Солардың негізгі түрлері мыналар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет