Тапсырма: Қалған топтарға тақырыпқа сәйкес 3 зат, сезім немесе оқиғаны көрсету.
Актерлік шеберлікті дамытудың әдісі - театр экспромт. Бұл әдіс қиялды, зейінді , есте сақтауды ғана дамытпай сонымен қатар ұжымда, топта өнімді жұмыс жасау дағдысын дамытады.
Экспромт – дегеніміз жарқ еткен бір ойды ықшам түрде көрсету
Тапсырма: «Ертегілер елінде» тақырыбында көрініс дайындау.Сахнада осы уақытқа дейінгі үйренгендерін қолданып шағын образдарды сомдау үшін қысқа көріністер көрсету. Бұл тақырыпта жеңіл рөлдерден тұратын көріністерді таңдау керек. Әр оқушының бейіміне, ерекшелігіне сай рөлдерді бөлу. Басты рөлдің ерекшелігін түсіндіру, көріністің идеясын сахнада ойнау арқылы жеткізу болмақ. Әр рөлдің ерекшелігіне тоқталу, сөздерін оқытып түсіндіру.
«Түрлі – түсті есте сақтау» жаттығуы
Бұл жаттығуды орындау үшін жүргізушіге 5 түрлі – түсті стикер қажет болады.
Түстің шартты белгілері:
қызыл – секіру;
сары – аяқпен топырлату;
көк – шапалақтау
жасыл – отырып – тұру;
күлгін – еңбектеу.
Жүргізуші қатысушыларға тапсырма береді. Түрлі – түсті стикерлерді кезек – кезек көтереді, 5 стикерді жылдамта көтереді. Қателескен қатысушы ойыннан шығады.
Бағдаршам
Карточкалар тақырыпты түсінгенін көрсету үшін пайдалануға болады (мысалы, қызыл түс =БАРЛЫҒЫ, сары түс =КӨБІ, жасыл түс=КЕЙБІРІ).
Достарыңызбен бөлісу: |