Ашық тәрбие сағаты Тақырыбы: «Жол белгілері және оның мақсаттары» Мақсаты


Оқушы: Сайысымыздың келесі кезеңі «Көшедегі кездейсоқ жағдайлар» деп аталады. Оқушы



бет3/3
Дата19.03.2024
өлшемі43 Kb.
#496088
1   2   3
Жол белгілері және оның мақсаттары

    Бұл бет үшін навигация:
  • Оқушы
Оқушы: Сайысымыздың келесі кезеңі «Көшедегі кездейсоқ жағдайлар» деп аталады.
Оқушы: Бұл кезеңде әр топ көше оқиғаларына байланысты көрініс көрсетеді.
Ортаға «Бағдаршам» тобы шақырылады!
Ортаға «Жол сақшылары» тобы шақырылады!
Оқушы: Қосымша ақпараттық белгілер (тақташалар) бірге қолданылатын жол белгілеріне қосымша ақпарат беруге арналған. Негізінен түсі ақ, төртбұрыш кестешелер түрінде жасалып, ортасына қосымша ақпараттардың шартты белгілері келтіріледі. Жол белгілері жолдың (жүріс бағыты бойынша) оң жағына биіктеу бағанаға немесе жолдың үстіне биіктетіп орналастырылады. Олар 100 м қашықтықтан анық көрінетіндей болып жарықтандырылады. Жол белгілері мемлекеттік автомобиль инспекциясының келісімімен орнатылады.
Оқушы: Сайысымыздың соңғы кезеңі «Топ басшылар сайысы»
Оқушы: Бұл кезең «Кім тапқыр» ойыны түрінде өтеді.Әр топ басшысына жасырылған сөзді қолданбай түсіндіру қажет. Ал 2-нші топ басшы жасырылған сөзді табу керек.
Оқушы: Қорытынды сөзді Әділ – қазылар алқасына берейік.
Оқушы: Сайысқа түскен екі топты ортаға шақырайық.Топтардың орындауында «Бағдаршам» әні.
Оқушы:Жолда жүріп үйрендік,
Жамандықтан жирендік,
Енді қорықпай жүреміз.
Сары жанса күтеміз,
Тоқтауды да білеміз.
Қызыл жанса тоқтаймыз
Машинадан қорықпаймыз.
Жасыл жанса жүреміз,
Біз бәрін де білеміз!
Оқушы: Шуақты өміріміз күндей күліп,
Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.
Арманға сапар тарту мүмкін емес,
Жол жүру ережесін білмей тұрып.
Қай көшеде, қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да
Жол жүру ережесі заңды тәртіп,
Ол ортақ үлкен – кіші баршамызға.
Қорытынды:Оқушылардың қосымша дайындаған деректері мен салған суреттері көрсетіліп, кеш қорытындыланды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет