Ашық тәрбие сағаты Тақырыбы: «Жол белгілері және оның мақсаттары» Мақсаты


ескерту белгілері, басымдылық белгілері, тыйым салу белгілері, міндеттеу белгілері, ақпараттық-көрсеткіш белгілері, қызмет көрсету белгілері



бет2/3
Дата19.03.2024
өлшемі43 Kb.
#496088
1   2   3
Жол белгілері және оның мақсаттары

    Бұл бет үшін навигация:
  • Оқушы
ескерту белгілері, басымдылық белгілері, тыйым салу белгілері, міндеттеу белгілері, ақпараттық-көрсеткіш белгілері, қызмет көрсету белгілері,
қосымша ақпараттық белгілер.
Оқушы: Әділ қазылармен таныстыру.
Оқушы: Сонымен I кезеңді бастайық. «Жол ережелері»
Оқушы: Бұл кезең «Жалғасын тап» деген ойын түрінде өтеді. Қазір мен бірнеше жол ережелерін бастап оқимын, соңын Алибек аяқтайды. Сендер бұл ережелерді мұқият тыңдаңдар.Оқып болған соң, жалғасы екі топқа таратылады. Мен қайтадан жол ережесін бастап оқығанда сендер жалғасын тауып жалғастырыңдар.
1. Жүріп келе жатқан көліктің алдынан өтіп кетемін деуші болма.Ол тоқтағанша, не өтіп кеткенше тоса тұр.
2.Аялдамада тұрған автобустың арт жағынан айналып өт.Сонда сен оның соңынан келе жатқан машинаны дер кезінде көре аласың.
3. Жолдан өткенде әңгімені доғарып, барлық зейінді жол қауіпсіздігіне аудару керек.
4. Көшенің шетіне өту үшін арнайы өткелден өту керек.Ал қалалық жерлерде аспалы көпірлермен, жол асты жолымен жүреді.
5. Транспорттың артына жабысуға болмайды,құлап, апатқа ұшырауын мүмкін.
6. Көшеде келе жатып, қақпадан шығып келе жатқан көлікті көрсең күте тұр.
7. Көшеде тоқтап тұрған көліктің қасынан абайлап өт, көлік есігін ашып қалуы мүмкін.
8. Қала көшесімен келе жатқанда абай бол!Асықпа! тек тратуармен немесе жол жиегімен ғана жүр.
Оқушы: Басымдылық белгілері көше қиылыстарын, жолдың жіңішкерген бөлігін, кесіп өту кезектілігін белгілейді. Олар пішіндері мен түстері әр түрлі 9 жол белгілерінен тұрады.
Оқушы: Ескерту белгілері жолдың қауіпті бөлігінің жақындағанын хабарлайды. Ол айналасы қызыл жолақпен көмкерілген ақ түсті тең қабырғалы үшбұрыш түрінде жасалып, ортасына қауіп түрін айқындайтын шартты белгілер салынады.
Оқушы: Сайсымыздың II-кезеңі «Жол белгілері» Бұл кезеңде әр топ өздерінің дайындаған жол белгілері бойынша бір-біріне сұрақ қояды.
Оқушы: Тыйым салу белгілері жолдағы көлік қозғалысына белгілі бір шектеулер енгізеді немесе бұрын қойылған шектеулердің күшін жояды. Олардың пішіні дөңгелек болады, шеті қызыл жолақпен көмкеріліп, ақ түсті ортасында тыйым салатын шартты белгілер көрсетіледі.
Оқушы: Міндеттеу белгілері бір бағытта немесе көліктің белгілі бір түріне ғана жүруге рұқсат етілетіндігін көрсетеді. Солға бұрылуға рұқсат ететін белгілер кері бұрылуға да рұқсат береді. Жиегі ақ жолақпен көмкерілген көк түсті, пішіні дөңгелек не тік төртбұрыш болып келетін 18 белгіден тұрады.
Оқушы: Сайысымыздың келесі III-кезеңі«Көше көмекшілері» деп аталады. Бұл кезеңде әр топқа үй тапсырмасы берілген. Әр топ өздерінің дайындаған жұмысын көрсетеді.
Ортаға «Бағдаршам» тобы шақырылады! Ортаға «Жол сақшылары» тобы шақырылады!
Оқушы: Ақпараттық-көрсеткіш белгілер қозғалыстың белгілі бір режимдерін енгізеді немесе күшін жояды, сондай-ақ елді мекендер мен басқа да нысандардың орналасуы туралы хабарлайды. Олардың өлшемдері, пішіндері мен түстері әр түрлі болып келеді. Қызмет көрсету белгілері жол бойында және жолдан әр түрлі қашықтықта орналасқан қызмет көрсету нысандары туралы ақпарат береді. Пішіндері тік төртбұрыш болып жасалып, жиектері қалың көк жолақпен көмкеріледі, ақ түсті ортасында нысандар туралы шартты белгілер көрсетіледі. Олардың жалпы саны – 12.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет