Қашықтықтан оқыту жағдайында Қазақстан тарихы пәнінен 11-сынып оқушыларының алған білімдерін «Google формада»



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата03.10.2024
өлшемі0.92 Mb.
#504281
1   2   3
 
 


Кіріспе
Қай заманда да сапалы әрі қолжетімді білім беру маңызды. Ал сапалы 
білім беруге қойылатын талаптар заман ағымына сай үнемі өзгеріске ұшырап 
отырады.
Қазіргі XXI ғасыр – адамзат қоғамының барлық салалары жоғары 
технологияларға негізделген ақпараттандыру заманы. Бүгінгі төртінші 
өнеркәсіптік революция цифрлы 
қоғамды қалыптастырып отыр. 
Технологиялық және инфрақұрылымдық тұрғыдан дамудың жаңа кезеңі 
басталды: экономика салаларын индустрияландыру кезінде өнеркәсіптік 
манипуляторларды, роботты техниканы, әртүрлі техникалық құралдар мен 
компьютерлендірілген жүйелерді кеңінен қолдануға негізделген өндірістерді 
ашумен қатар, цифрлы технологияларды жаппай қолдану жоғары 
экономикалық өсуді қамтамасыз етудің қуатты факторы болып табылады. Ал 
осы цифрлы қоғамның дамуына негіз болатын білім саласы екендігі сөзсіз. 
Әсіресе 2020 жылығы пандемияға байланысты қашықтықтан оқыту 
форматына көшу білім беру саласында цифрлық ресурстарының 
маңыздылығын арттыра түсті. 
Электрондық оқыту жүйесін білім саласына енгізудегі басты мақсат - 
білім беру үрдісінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары 
мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету. Ал бұл мақсатты 
жүзеге асыру үшін оқу үрдісін автоматтандыруды енгізуге жағдай жасау 
қажет. Мақсатқа қол жеткізу оқу сапасын, білімді басқарудың тиімділігін, 
сыртқы ортамен ақпараттық кірігуін арттырады. [2] 
Қазіргі кезде білім беруді жүйесіндегі талаптардың бірі - оқу үрдісін 
цифрлық қорлармен қамту немесе оқытудың компьютерлік құралдарын 
жасау және пайдалану. Оқу үрдісінде электрондық оқу басылымдары, арнайы 
энциклопедиялар, тестілеу мен бақылау бағдарламалары, анықтамалық 
жүйелер, географиялық карталар және жердiң жасанды серiгiнен алған 
суреттердiң жиынтығына негiзделген бiлiм беру ортасы, виртуальдық 
зертханалар немесе оның құбылыстарын зерттеуге негізделген модельдер, 
күрделі интерактивтік оқу материалдары және басқа да ОКҚ-лар кеңінен 
қолданыс табуда [3]. 
Қазақстандық орта білім беретін ұйымдар үшін қазақ тілінде цифрлық 
білім беру ресурстарының өзіндік қорын жасау, жүйелеу өзекті мәселе. Осы 
салада жұмыс жасауға үлес қосу әр ұйымның, ұстаздың міндеті деп 
есептеймін. Сондықтан да, жаңартылған білім беру мазмұнына көшкен 11-
сынып оқушыларын қашықтықтан оқыту жағдайында білім икем дағдыларын 
бекіту, ұлттық біріңғай тестілеу жүйесіне дайындауға арналған, қолдану 
барысында оқушының да мұғалімнің де жұмыс жүйесін оңтайландыратын 
«Google формалар» арқылы тестілеудің автоматтандырылған жүйесімен 
Қазақстан тарихы пәнінен 1-бөлім. Өркениет: даму ерекшеліктері тарауына 
арналған тестілер жинағы құрастылды.


Google іздеу жүйесі құрылу тарихына тоқталсақ. Google іздеу жүйесін 
Стэнфорд 
университетінің аспиранттары Ларри 
Пейдж және Сергей 
Брин оқу жобасы ретінде шығарған еді. Олар 1996 жылы BackRub іздеу 
жүйесімен жұмыс істеп, 1998 жылы аталмыш іздеу ж
үйесінің негізінде 
Google-дың негізін салады. Алғаш рет Google жеке-меншік корпорация 
ретінде 1998 жылы 4 қыркүйекте құрылады, Ларри Пейдж, Сергей Брин және 
Эрик Шмидт Google-да 2014 жылға дейін бірлесіп жұмыс істеуге келіседі. 
Компанияның көздеген мақсаты «әлемдік ақпаратты жинап, халық 
тұтынуына мол мүмкіндік беру 
[4].
Google қызметтер жауаптардың әртүрлі 
түрлерімен онлайн сауалнама, және барлық респонденттердің жауаптар 
жиынтық кестенің автоматты құру жасауға мүмкіндік береді. Мұндай 
зерттеулер оқытушылардың әлеуметтік желілерінде немесе мектеп веб-
сайтында электрондық пошта, жариялау арқылы сауалнама бетке сілтеме 
жіберу арқылы оқушылардан тестілеу жүргізу мүмкін. Тестілеу анонимді 
және тек уәкілетті пайдаланушыларға да бола алады. 
«Google формалар» — 
сауалнама жүргізуге арналған сервис. Ол үшін сауалыңызды жазып, жауап 
нұсқаларын көрсетіп, дайын сілтемені адамдарға жібересіз. Бұл 
оқушылардың жауаптарына сараптама жасайтын тест-тапсырмаларға да, 
қарапайым “Аты -жөнің кім ?” деген сауалдарға да нақты жауап алуға 
мүмкіндік береді. Сондай-ақ, сауалнаманы өз талғамыңызға қарай әрлеуге де 
болады.
Аталған құрал осы «Google формалар» сервисін қашықтықтан оқыту 
жағдайында Қазақстан тарихы пәнінен жоғарғы сынып оқушыларының 
білімдерін бекіту, ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындауға көмекші сервис 
ретінде пайдаланудың жолын көрсетеді. Тестілеу сұрақтарының құрамы 
к
үрделілік деңгейі ұлттық біріңғай тестілеу форматындағы «А», «В» және 
«С» деңгейлері ескеріліп жасалған. Сонымен қатар білімді жинақтап есте 
сақтауға көмектесетін қарапайып сәйкестендіру тапсырмалары да бар. 
Сәйкестендіру тапсырмаларын көбіне мәдениетке байланысты тараулардың 
цитата және автор, тарихи ескерткіш және оның орналасақан орны немесе 
ерекшелігі сияқты сұрақтарды қамтиды. «
Google формадағы» тест сұрақтары 
оқушылар білімін қашықтық форматта жинақтап, бекітуге арналған. 
Бұл жинақтың артықшылықтары: 
1. 
Онлайн форматта қашықтықтан оқыту оқыту форматында 
тақырыптың бекіту, жинақтау жұмысын өткізуге қолайлы; 
2. 
Оқушы сілтемесі арқылы тестілеуден өтіп, тақырып бойынша алған 
білімін тексере алады; 
3. 
Әр оқушы тест тапсырып болған соң алған ұпай санын, қате жіберген 
сұрақтарын және олардың дұрыс жауаптарын да көре алады; 
4. 
Мұғалім оқушылардың жауаптарын тексеріп уақыт кетірмейді. 
Автоматты түрде жазған уақыты мен жауаптары, тіптен мониторнигісі де 
дайын тұрады; 


5. 
Мұғалім жауаптар мониторнингісі арқылы оқушылардың ең көп 
қателескен сұрақтарын анықтап, білімдегі ақтаңдақ тұстарынмен жұмыс 
жасау барысында қолдана алады; 
6. 
Сұрақтар «А», «В» және «С» деңгейлік етіп құрастырылған: 
7. 
Тест сұрақтарын қағаз бетіне түсіп одан кейін әр парақтағы ақпаратты 
өңдеу мұғалімнің біршама уақыттын алады. Сол қағазбастылықтан 
арылудың оңтайлы шешімдерінің бірі- Google формалар сервисі.
8. 
Бұл сервис қазіргі заман талабына сәйкесті тыңдаушыларды көп 
мазаламай жоғарыда айтқандай бір ғана сауалнамамен біршама ақпаратты тез 
жинап алып және өңдеуді жеңілдетеді. 
Әдістемелік-дидактикалық жинаққа «Қазақстанда көшпелі мал 
шаруашылығының пайда болуы», «Қолөнер мен кәсіптер», «Қазақстан қала 
мәдениетінің дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөлі», «Экономикалық және 
мәдени қарым-қатынастың дамуы мен өзара әсері», «ХХ ғасырдағы 
Қазақстан 
экономикасының 
дамуы», 
«Қазақстан 
Республикасы 
экономикасының дамуы» және «Қазақстан халқы моноэтникалық 
құрамының өзгеруі (ХVІІІ ғасыр-ХХ ғасыр басы)» тақырыптарын арнлаған 
тестілер жиынтығы енгізілді. Сондай-ақ мұғалімдер мен оқушыларға 
арналған қолдану нұсқаулығы берілген.
Тарих пәні мұғалімі: Рауза Амангелдіқызы 


Қолдануға арналған нұсқаулық (мұғалімдер үшін): 
1. 
https://docs.google.com/document/d/1-2OEECjsNo-
sORwU9joIP9FCpiKLkoPxsqEqMUDlYp0/edit?usp=sharing
– осы сілтеме 
арқылы барлық тақырыптық тестілеу сілтемелерін ворд документ түрінде 
жүктеп алыңыз.
2. 
Әр тақырыпты өткен соң оқушыларға вацап арқылы сілтемені 
жіберіңіз. 
3. 
Оқушылардың жинаған ұпай санын жазып алыңыз. 
4. 
Қате жіберген сұрақтарын қайталауын қадағалаңыз. 
5. 
Көп қателескен сұрақтар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуге 
болады. 
6. 
Оқушыларға Аталған тақырып бойынша сілтемеге кіріңіз. 
Қолдануға арналған нұсқаулық (оқушылар үшін): 
1. 
https://docs.google.com/document/d/1-2OEECjsNo-
sORwU9joIP9FCpiKLkoPxsqEqMUDlYp0/edit?usp=sharing
– осы сілтеме 
арқылы барлық тақырыптық тестілеу сілтемелерін ворд документ түрінде 
жүктеп алыңыз.
2. 
Өзіңіздің біліміңізды сынап, дайындағыңыз келеген тақырып 
бойынша сілтемеге кіріңіз. 
3. 
Тапсырмаларды орындаңыз. 
4. 
Аятаған соң «жіберу» батырмасын басыңыз. 
5. 
Алған ұпай санын мұғалімге хабарлаңыз 
6. 
Қате жауап берген сұрақтарыңыздың дұрыс жауаптарын көріп есте 
сақтаңыз. 
7. 
Өзіңізді тексеру үшін бір тақырыптан бірнеше рет қайталап өтуіңізге 
болады.

Document Outline

  • Оқытудың нәтижелерін бақылау және тексеру оқыту процесінің міндетті бөлігі. Бақылау жүйелі болса нәтиже де жақсы болмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет