«asia trafo " "alageum electric"» зауытының Өндірістік тарихы және қҰрылымымен танысу, топ-серуенге қатысу


ЦЕХТАРДАҒЫ ӨНДІРІСТІК ПРОЦЕСТЕРДІҢ ӨТУІ МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАРМЕН ТАНЫСУ



бет5/13
Дата06.12.2023
өлшемі2.54 Mb.
#485666
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
сапар пр 21 (1)

3 ЦЕХТАРДАҒЫ ӨНДІРІСТІК ПРОЦЕСТЕРДІҢ ӨТУІ МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАРМЕН ТАНЫСУ
Зауытта білдектердің барлық түрлері бар. Соның ішінде моделі 16К20 білдегінің құрылысы мен сипаттамасы, оның технологиялық сипаттамасына тоқталып өтейін.
Бағыттауыш тұғыр үстінде орналасқан дайындаманың максимал диаметрі 400 мм, ал суппорттың үстіңгі бөлігінде 220 мм, өнделетін дайындаманың максимал ұзындығы шамамен 1300 мм. Электрқозғаушы жетектің қуаты 10 кВт, бұл дайындаманың жону кезінде көптеген әдіптерді шешуге мүмкіндік береді.
Айналдырықтың үлкен айналым саны 2000 айн/мин кесудің жоғары жылдамдықпен жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Білдек 0,075-тен 4,46 мм/айн дейін 48 бойлық беріліс және көлденең 0,038-ден 2,23 мм/айн бар. Бұранданың барлық түрлерін кесуге мүмкіндік береді. Білдекте ішкі және сыртқы цилиндрлік және конустық беттерді сырт жону және күйлеуге, оларға бұранданы кесуге, БИД әдістерімен, бұрғылау, бұрғылап кеңейтуге, центрлеу, ұңғылау, тесіктерді ұңғылау (сыртқы жону және беттік сығымдау), цилиндрлік және конустық беттерін сыртқы жону және беттік сығымдау, дайындаманы тіліктеу және кесу, жырашықты жону,арнайы техникалық жабдық қолданғанда сұлбалы және көпжақты беттерді өңдеуге болады.
Бойлық және көлденіңен беріліс бағытында білдектің орын ауыстыру механизмі бар. 16К20 білдегі сурет 3.1 келтірілген.



Сурет 3.1 – 16К20 білдегі


Білдектің негізгі түйіндері орнатылған станина, іргетасы бекітілген және діріл тірегі орнатылған, алдыңғы және артқы тіреуде орналастырылған.


Құралкүймешік жылжымасы тұғырдың бағыттауышы арқылы орын ауыстырады, артқы тұғыр.
Алдыңғы (айналмалы) тұғыр жылдамдық қорабымен тұғырдың сол жақ соңында бекітіледі және дайындаманы бекіту үшін қызмет етеді, сонымен катар түрлі айналым сандарымен айналмалы қозғалыс береді.
Айналдырық – кинематика қатардағы жылдамдық қорабының соңғы білігі. Центрі орнатылатын (центр жұмыс істеу үшін) конустық тесік бар және өнделетін дайындаманы бекіту үшін жұдырықты және жетектемелі қысқы құрайтын сыртқы бет бұрандасы болады.
Айналдырықты қуыс болып өндіреді, өнделетін шыбық ты орналастыру үшін, беріліс қорабын тұғырдың беткі жағында бекітеді. Ол керекті беріліс шамасын және бұранданың кесу қадамын қолдануды қамтамасыз етеді.
Беріліс бұрандасына хабарлауды құралкүймешік қызмет атқарады. Бойлай жылжыма немесе бұнақ деп аталатын құралкүймешіктың төменгі бөлігі, бойлай беріліс кезінде станинаның бағыттауышы арқылы қозғалады. Оның үстінде көлденіңен қозғалыс кезінде дайындаманың айналу өсіне перпендикуляр орын ауыстыратын көлденең жылжыма орналасқан. Көлденең жылжыманың үстінде кескіш бекіткіш пен сыртқы бұрылыс құралкүймешік орналасқан.
Алжапқыш құралкүймешіктың бұнағына бекітіледі. Оның ішінде механизм орналастырылған, оның көмегімен айналу қозғалысы, айналдырықтан жүріс білікшісіне немесе жүріс бұрамасына беріледі, құралкүймешіктың ілгерлімелі түзусызықты (бойлық немесе көлденең) қозғалысқа айналады. Оның ішінде көлденіңен немесе бойлық берілісті, бұранданы кесу үшін қозғалыс, сонымен қатар құралкүймешіктың тездетілген орын ауыстыруын қосу үшін арналған қондырғы.
Артқы тұғыр центрдегі жұмыс кезінде өнделетін дайындаманы ұстау үшін қызмет етеді, сонымен қатар тесіктерді өндеген кезде оның ішінде бұрғыларды, ұңғыларды және т.б. құрал-жабдықтарды бекітуге болады. Ол үшін артқы тұғырдың сүйеу төлкесінде конустық тесік бар. Артқы тұғыр іліну механизмінің көмегімен құралкүймешікпен қосыла алады және механикалық берілісті жүзеге асыра алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет