Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет112/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   200
Asyl-analar

 
 
Осылай Зәйнәб уәлисіз
1
, куәгер адамсыз, ешқандай неке 
рәсімінсіз пайғамбарлық иесіне (с.а.с.) қосылады. Оны бүкіл неке 
рәсімдерін белгілеп отырған Аллаһ тағаланың Өзі үйлендірген, 
Аллаһ оған разы болсын! 
Зәйнәб Пайғамбардың (с.а.с.) өзге әйелдеріне: «Мен уәлиде 
сендерден артықпын», – деп мақтанатын. Ал оның уәлиі 
мақтануға лайық Аллаһ тағаланың Өзі еді. Және де ол:
«Мен сендерден куәде де артықпын», – деп мақтанатын. Ал 
оның куәсі – мақтануға тұрарлық Жәбірейіл (аләйһис-сәләм) еді. 
Бұл некеден ұлы қандай неке бар?! 
Сондай-ақ Зәйнәбтің Пайғамбарымызбен (с.а.с.) үйленуі 
мұсылмандарға және мүміндердің аналарына қатысты жаңа 
үкімдерге себепші болады. Ол үкімдер: Зәйнәбқа үйленгенінде 
Пайғамбар (с.а.с.) той жасап, адамдарды шақырады. Адамдар 
келіп, ішіп-жеп тарап кетеді. Тек бір-екі кісі әңгіме-дүкен құрып 
отырып алады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) ыңғайсыз жағдайда 
қалып, бірдеңе деуге ұялады.
Сол кезде Аллаһтан: 
«Ей, иман келтіргендер! Өздеріңе тамақ жеуге рұқсат 
етілгенде болмаса, (басқа уақытта) Пайғамбардың үйлеріне 
(тамақтың) пісуін пайлап кірмеңдер. Бірақ шақырылған 
кездеріңде кіріңдер де, тамақ жеп болсаңдар, әңгіме тыңдамай 
дереу 
тараңдар. 
Бұларың 
Пайғамбарға 
жайсыздық 
тудыратын еді, бірақ ол сендерден ұялатын. Ал Аллаһ 
шындықтан (оны түсіндіруден) ұялмайды»
2
, – деген аят түскен.
Және де осы аяттың ішінде мүміндердің аналарына қатысты 
да жаңа үкім келеді.
«Қашан сендер (Пайғамбар әйелдерінен) бір нәрсе 
сұрасаңдар, перденің артынан сұраңдар. Бұл сендердің 
жүректерің мен олардың жүректері үшін әлдеқайда таза. 
1
Әкесі, ағасы сияқты жақын ер туысы. 
2
«Ахзаб» сүресі, 53-аят. 


142


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет