Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет122/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   200
Asyl-analar

 
 
Осындай себептерді алға тартқан Әбул-Аси сөз болудан 
қорқып, хақ дінді қабылдаудан бас тартады. Екі оттың арасында 
қалғандай күй кешкен Зәйнәб сонда да болса күйеуі иманға келер 
деген үмітін үзбейді. Бұл кезде кәпір күйеу мен мұсылман 
әйелдің арасын ажырату туралы үкім әлі келмеген-ді. Осылайша, 
Зәйнәб күйеуімен Меккеде тұрып жатады. Мұсылмандардың 
саны артқан сайын күннен-күнге құрайыштар оларға қатты 
қысым көрсете бастайды. Осы кездерде жас сенімдерін қорғап 
қалу мақсатында Зәйнәбтің сіңлісі Руқайя мен оның күйеуі Осман 
(Аллаһ ол екеуіне разы болсын) Хабаша жеріне қоныс аударады. 
Ал Зәйнәбтің күйеуі құрайыштың белді өкілдерінің бірі 
саналғандықтан, оның отбасына дінге қатысты қысым болмаған 
еді. 
Күндер өтіп жатады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) құрайыштардың 
көрсеткен зұлымдығынан бой тасалап, Исламға бейбіт мекен 
іздеп Мәдинаға қоныс аударады және сонда жаңа мемлекеттің 
негізін қалайды. Осы жылдар ішінде Зәйнәбтің күйеуін Исламға 
үгіттеуі нәтижесіз аяқталып, Әбул-Аси иманға мойын бұрмаған 
күйі қала береді. Уақыт өте келе Ислам және оның туын көтерген 
мүмін мұсылмандар мен серікқосушы кәпірлер, иман мен күпір 
арасындағы соғыс – Бәдір шайқасы басталады. Бұл соғыста 
мұсылмандар теңдессіз жеңіске жетеді. Құрайыштардың 
талабымен бұл шайқасқа Әбул-Аси да қатысып, мұсылмандарға 
қарсы соғысады. Ұрыста жетпіске жуық меккелік жауынгерлер 
мұсылмандардың қолына тұтқынға түседі. Осы тұтқындардың 
ішінде Әбул-Аси да бар еді. Қолға түскен тұтқындарды туыстары 
келіп, құн төлеп босатып алып жатады. Солардың қатарында 
Зәйнәб та күйеуінің бостандығы үшін төлем ретінде біраз мал-
дүние жіберген-ді. Жіберген дүниенің арасында анасы 
Хадишаның тойына тарту еткен мойын алқасы да бар болатын. 
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) көзіне іліккен бұл алқа оның жан 
дүниесіне толқу салады. Аллаһ елшісінің (с.а.с.) жадындағы 
ширек ғасыр естелігін қайта көтеріп, ол кісінің Хадиша анамызға 


157


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет