Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет133/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   200
Asyl-analar

 
 
Сол кездерде жалпы халықтың әсіресе Фатиманың 
материалдық жағдайы өте қиын еді. Ол үй тірлігінің барлығын өз 
қолымен істейтін. Ол кездегі үй тірлігі бүгінгі күнгімен 
салыстыруға келмейтін. Бір күні Фатима тірлігінің ауырлығынан 
Пайғамбарымызға (с.а.с.) шағым айтпақ боп келеді. Күнделікті 
күйбең тірліктен оның қолдары күстеніп, жарылып кеткен-ді. 
Адамзат тарихындағы соңғы пайғамбар, Ислам үмбетінің 
басында Аллаһ тағаланың өкілі болып отырған Мұхаммедтің 
(с.а.с.) қызы осындай жағдай кешкен-ді. Фатиманың ойында 
кейбір тірліктерін жеңілдету үшін әкесінен бір қызметкер 
сұраймын деген ниеті бар-тын. Бұл жайлы Фатиманың өзі:
«Осы ниетпен Аллаһ елшісінің (с.а.с.) алдына келгенімде, 
өтінішімді айтуға ұялып, ол жайлы тіс жармай шығып 
кеттім», – деп әңгімелейді. 
Мінеки, бұл – ойламды қыздың әке алдындағы ибасы. Әйтсе 
де Пайғамбарымыз (с.а.с.) қызының не үшін келгенін сезген еді. 
Аллаһ елшісі (с.а.с.) кейіннен қызы мен күйеу баласының үйіне 
келіп екеуіне:
«Сендерге қызметкерден артық бір нәрсе үйретейін бе?» – 
дейді. Олар:
«Әрине, уа, Аллаһтың елшісі!» – дейді. Пайғамбарымыз 
(с.а.с.):
«Күнде жатар алдында Аллаһты еске алыңдар, 33 рет 
«субханаллаһ» (Аллаһ Пәк), 33 рет «әлхамду лилләһ» (Аллаһқа 
мадақ болсын), 34 рет «Аллаһу әкбар» (Аллаһ Ұлы) деп 
айтыңдар. Бұларың сендерге қызметкерден де артық», – 
деген
1

Сондай-ақ Пайғамбардың (с.а.с.) Әли мен Фатиманың үйіне 
таң намазынан бұрын олар ұйықтап жатқан кезде кіргені риуаят 
етіледі. Осылай Аллаһ елшісінің (с.а.с.) өзі бұл отбасын кейде 
1
Әл-Бұхари, Дағауат: 11; Муслим, Зикр: 80, 81. 


170
 
 
намазға оятатын. Бұл да пайғамбарлық ұлы тұлғаның 
кішіпейілділігін айғақтайды. 
Кейіннен мұсылмандардың мал-дүниесі көбейіп, жоқ-
жітіктердің жағдайы түзелген соң, мешіт ауласында жататын 
үйсіз-күйсіз сахабалар дүниелік қажеттіліктермен қамтамасыз 
етілгеннен кейін ғана Пайғамбарымыз (с.а.с.) қызына бір 
қызметкер ажыратып береді. Сол кезде Фатима құлдықтан азат 
етілгендей күй кешкенін айтқан. Қараңыздар, күйбең тірлікте күң 
сияқты жағдайда жүрген әйел қалай үлгі-өнеге көрсетіп, қоғамға 
қандай балалар тәрбиелеп бере алды десеңізші?! Ал қазіргі 
барлық жағдайы жасалған әпке-қарындастарымыз болмашы 
нәрсені сылтау ғып, желеуретеді. Оларды Пайғамбарымыздың 
(с.а.с.) қызы Фатимадан үлгі алуға шақырар едік. Ол осындай 
қиын тұрмысына қарамастан, Әлимен бақытты өмір кешкен. Әли 
Фатиманы құрметтегені себепті оның үстіне ешқашан әйел алған 
емес. Тек бір жолы ғана үйленуге ниет қылады. Бұл Әбу Жәһлдің 
қызы еді. Әлидің бұл ойынан хабардар болған Пайғамбарымыз 
(с.а.с.) оны шақырып алып:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет