171
шаттыққа бөленді. Фатима Пайғамбарымыздың (с.а.с.) алдынан
шыққаннан кейін оған Айша анамыз ілесе шығып:
«Не үшін жылап, неге күлдің?» – деп
сұрағанда, ол:
«Мен Пайғамбардың сырын жая алмаймын», – деп жауап
береді. Яғни Пайғамбар (с.а.с.) сендердің естулеріңді қалағанда,
мұны құпия қылып айтпас еді дегенді меңзейді.
Бірақ кейін
Пайғамбар (с.а.с.) көз жұмған соң, бұл құпияны Айшаға айтып
берген. Фатима:
«Аллаһ елшісі (с.а.с.) алғаш рет құлағыма
сыбырлағанда:
«Жәбірейіл (аләйһис-сәләм)
әр жылы маған Құранды
басынан аяғына дейін бір рет қайталататын, ал бұл жылы
екі рет қайталатты. Осыған қарағанда, менің өлім сәтім
таяды-ау», – деді. Мен мұны естіп жыладым. Аллаһ елшісі
(с.а.с.) менің жылағанымды көріп, маған қайтадан сыбырлап:
«Отбасымның ішінде бірінші боп маған жолығатын
сенсің», – деді. Мұны естіп, мен қуанғанымнан күлдім», – деген.
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) Әли мен Фатимаға, Хасан мен
Хусейнге қарап:
Достарыңызбен бөлісу: