«Үйіңдегілерді шығар», – деп бір құпия сыр айтпақ болып
тұрғандығын меңзейді.
Әбу Бәкір:
«Уа, Аллаһтың елшісі! Үйде екі қызымнан басқа ешкім жоқ»,
– деп оларға толық сенетіндігін білдіреді. Аллаһ елшісі (с.а.с.)
Әбу Бәкірге қоныс аударуға бел байлағандығын және осы
сапарда өзіне оның серік болатындығын жеткізеді.
Екеуі оны-мұны жол жабдығын реттеген соң, мүшріктерден
қауіптеніп, үш күндей Саур үңгірінде жасырынып жүреді. Ізім-
ғайым жоғалып, із суытып кеткен Пайғамбарымыз (с.а.с.) бен
Әбу Бәкірді іздеп Әбу Жәһл бастаған мүшріктердің бір тобы
оның үйіне келеді. Олар келіп Әсмәға:
«Әкең қайда?» – дейді. Әсмә:
«Қайда екенін білмеймін», – деп жауап береді. Әбу Жәһлдің
кіжініп бірнеше рет қайтарған сұрағына Әсмә:
«Білмеймін», – дегеннен басқа жауап қатпайды. Ашуға мінген
Әбу Жәһл оны шапалақпен тартып жібергенде, сырғалығы
жыртылып, құлағындағы сырғасы үзіліп түседі. Соған қарамай
Әсмә Пайғамбарымыз (с.а.с.) бен әкесінің қайда екенін айтпайды.
Бір күні оларға кәрілік жеңген, көз жанарынан айырылған Әбу
Бәкірдің қарт әкесі келеді. Ішке кірген қария қорғансыз қалған екі
немересіне жаны аши қарап:
«Әбу Бәкір шиіттей ғып қалай ғана тастап кетті сендерді?!
Енді қалай күнелтесіңдер?» – деп аяушылық танытады. Шын
мәнінде, Әбу Бәкір Аллаһ елшісін (с.а.с.) Мәдинаға жеткізу
жолында қажет боп қалар деген ниетпен бар мал-дүниесін өзімен
бірге алып кеткен-ді. Әсмә қарт атасының көңілін тыныштандыру
үшін бір шүберекке тас салып түйіп:
«Ол бізге мынаны тастап кетті», – деп түйіншекті қарттың
қолына ұстатады. Көзі көрмейтін қария оны алтын мен күміске
балап, екі қызды уайымдаған көңілі жай табады.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) бен Әбу Бәкір үңгірде жасырынып
отырғанда, елдің жай-жапсарын оларға Әсмәнің інісі Абдуллаһ
175
Достарыңызбен бөлісу: |