Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет147/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   200
Asyl-analar

 
 
олардың әрбір қимылын көз жазбай аңдиды. Сонда да болса
сақтық 
шараларын қарастырған 
Пайғамбарымыз 
(с.а.с.) 
Мәдинаның бар әйел, бала-шағаларын қаланың орта тұсындағы 
бір қамалға орналастырады. Әйелдермен бірге қамалда аурулар, 
жас балалар ғана болады. Олардың арасында ересек кісілерден 
жалғыз сахаба Аллаһ елшісінің (с.а.с.) ақыны Хассан ибн Сәбит 
(Аллаһ оған разы болсын) бар еді. Хассан жүрегі әлсіздеу, соғыс 
істерінен хабары жоқ кісі еді. Осы себепті Пайғамбарымыз (с.а.с.) 
оны қамалда қалдырған болатын. 
Шайқас қарқынды белең алып, қалың нөпірден қорыққан 
мұнафықтар бірінші болып мұсылмандар сапынан тайқып 
шығады, сосын оларға иманы әлсіз мұсылмандар қосылды. 
Ақырында Аллаһ елшісінің (с.а.с.) қасында ерік-жігерін 
жоғалтпаған үш жүздей кісі ғана қалады. Осы уақыт аралығында 
мүшріктер Мәдинаның оңтүстік-шығысындағы бәну құрайзалық 
яһудилермен келіссөз жүргізуге кірісіп, бірнеше рет үгіттеудің 
нәтижесінде оларды мәдиналық мұсылмандарға қиянат жасауға 
көндіреді. Яһудилер Пайғамбарымызбен (с.а.с.) жасаған 
келісімдерін бұзғандықтары жайлы тіс жармастан, қамалдағы 
әйел-балалар мен мал-мүлікті басып алуға ниеттенеді. Бұл 
жоспарларын жүзеге асыру үшін яһудилер әуелі қамалда 
күзетшілердің бар-жоқтығын біліп келуге барлаушылар жібереді. 
Қамалды барлауға келген шолғыншыларды бірінші болып Сафия 
байқап, сезіктеніп, әйелдермен кеңеседі. Яһудилердің тегін 
жүрмегенінен қауіптенген әйелдер егер олар қамалда күзет 
жоқтығын білсе, істің насырға шабатынын жақсы біледі. 
Ақылдаса келіп әйелдер Хассанға барып: 
– Бұл шолғыншы тегін жүрген жоқ, барып оны өлтір, – дейді. 
Сонда Хассан: 
Аллаһтың атымен ант етемін! Бұл менің қолымнан 
келмейді, – деп, өзінің соғыс істерінен хабарсыз екенін жеткізеді. 
Осы кезде Сафия «мұсылмандар әскеріне хабар жеткізу үшін 
біраз уақыт қажет, оның үстіне, оларда қамалды қорғауға 


191


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет