Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет143/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   200
Asyl-analar

 
 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) Умму Суләймнің үйінде көз шырымын 
алу үшін ұйықтайды және ұйықтап жатып терлей бастайды. Сол 
кезде Умму Суләйм одан аққан терді жерге тамшылатпай жинап 
алып, оны иіссуына араластырған. Бұл әйелдің Аллаһ елшісін 
(с.а.с.) қастерлейтіндігі сондай, оның терімен хош иістенетін. 
Сондай-ақ бірде Умму Суләйм Пайғамбарымыз (с.а.с.) умраға 
шыққанда, онымен бірге баратын күйеуі Әбу Талхаға ихрамнан 
шығып, шаш алдырған кезде Пайғамбарымыздың (с.а.с.) 
шашынан алып келуді тапсырады. Сөйтіп, Аллаһ елшісінің 
(с.а.с.) шашын үйіне сақтап қояды. Тек Умму Суләйм ғана емес, 
барша мұсылмандардың Пайғамбарымызға (с.а.с.) құрметі 
осындай дәрежеде еді. 
Бір күні Умму Суләйм Пайғамбарымызды (с.а.с.) үйіне 
шақырып, ол кісіден шаңырағының берекеті үшін үйінде екі 
ракағат намаз оқуды сұрайды. Аллаһ елшісі (с.а.с.) намаз оқып 
болған соң, осы шаңырақтың берекеті үшін Умму Суләйм мен 
Әбу Талхаға арнап ұзақ дұға қылды. Умму Суләйм Пайғамбарға 
(с.а.с.):
«Уа, Аллаһтың елшісі! Менің бір бұйымтайым бар», – дейді. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«Айт бұйымтайыңды», – дейді. Умму Суләйм: «Балақайым 
Әнәске дұға қылсаң деп едім», – дейді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) 
Әнәске арнап:
«Аллаһым! Оған мал-дүние, бала-шаға бер және оған береке 
бер», – деп дұға қылады.
Бұл дұғаның мүлтіксіз қабыл болғаны жайлы Әнәстің (Аллаһ 
оған разы болсын) өзі:
«Аллаһ елшісінің (с.а.с.) маған қылған дұғасы қабыл болып, 
мен ансарлардың ең бай-дәулеттісі болдым. Оған қоса
шөберелеріме дейінгі өз нәсілімнен тараған жүз жиырма 
ұрпағымның көзін көрдім», – дейтін
1

1
Әл-Бұхари, Саум: 61; Ахмад, Муснад: 3/108. 


186


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет