Бірақ бұл Ислам әлдебір жақын адамның өлімі жайлы
жасыруды құптайды деген сөз емес, керісінше, Ислам ондай
жағдайды ашық айтуды талап етеді. Ал бұл әңгімедегі жағдай –
күйеуінің көңіліне қаяу түсіргісі келмеген әйелдің игі ниетінен
туындаған амал ғана. Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұл істі құптамаған,
тек оған түсіністікпен қараған.
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) Әбу Талхаға «Аллаһ сол
түндеріңе береке берсін» деп қылған дұғасы қабыл болып, шын
мәнінде де, Аллаһ тағала олардың сол түндеріне береке беріп, дәл
тоғыз айдан кейін шаңырақтарында Абдуллаһ атты ұлдары
дүниеге келеді. Осы ұлдан туылған он баланың бәрі де Құранды
жаттаған қарилар болған.
Аллаһ елшісінің (с.а.с.) берекетін барынша пайдаланып
қалуды ойлаған Умму Суләйм ұлы Әнәс жеті жасқа келгенде,
оны Пайғамбарымызға (с.а.с.) алып келіп:
«Уа, Аллаһтың елшісі! Мынау – менің балам Әнәс. Бұдан
былай ол – сенің қызметкерің», – дейді.
Осылай құрметті, мәртебелі басы азат әйел өз баласын кісі
қызметіне алып келеді. Мұның астарында «ұлым Пайғамбардың
(с.а.с.) үйінде тәрбиеленіп, Ислам тағылымын алсын» деген ниет
жатқан-ды. Осы сәттен бастап Әнәс Пайғамбарымыздың (с.а.с.)
қол астында болып, оған бірнеше жыл қызмет етеді. Қызметтегі
жылдары жайлы Әнәс ибн Мәлик:
«Аллаһтың атымен ант етемін! Аллаһ елшісіне (с.а.с.) мен
бірнеше жыл қызмет еттім. Егер мен бір нәрсені өздігімше
істесем, ол кісі «мұны неге істедің» деп айтпайтын, ал бір
нәрсені істемесем, «мұны неге істемедің» демейтін», – деген
2
.
Міне, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) қызметкерімен мәмілесі
осындай дәрежеде еді. Шын мәнінде де, Әнәс ибн Мәлик
теңдессіз ислами тәлім алып, хадис риуаят етудегі алғашқы
1
Әл-Бұхари, Жанаиз: 41.
2
Әл-Бұхари, Уасайа: 25.
188
Достарыңызбен бөлісу: |