210
УММУ ЗИЯД ӘЛ-АШЖАҒИЯ
(АЛЛАҺ ОҒАН РАЗЫ БОЛСЫН)
«Уа, Аллаһтың елшісі! Біз өзімізбен дәрі-дәрмек алып
шықтық, жаралыларды емдейміз, садақшыларға жебе ұзатып
тұрамыз, әскерге тамақ әзірлейміз, оларды жігерлендіреміз.
Осылай Аллаһ жолында жәрдем көрсетеміз».
Пайғамбарымызбен (с.а.с.) бірге Хайбар жорығына бар-жоғы
алты-ақ әйел қатысқан. Бұл әйелдер «соғыс – әйелдердің ісі емес»
деп үйлерінде қарап отырмай, Аллаһ дінінің үстемдігі, ақиқаттың
жеңісі үшін аз болса да үлес қосуды қалап аттанған-ды. Мұны
естіген Аллаһ елшісі (с.а.с.) оларды алдына шақыртып:
«Сендер кімнің рұқсат етуімен шықтыңдар?» – деп
сұрайды. Умму Зияд:
«Біз Аллаһ елшісінен ашудың белгісін байқадық», – дейді.
Олар:
«Уа, Аллаһтың елшісі! Біз өзімізбен дәрі-дәрмек алып
шықтық, жаралыларды емдейміз, садақшыларға жебе ұзатып
тұрамыз, әскерге тамақ әзірлейміз, оларды жігерлендіреміз.
Осылай Аллаһ жолында жәрдем көрсетеміз», – деп жауап
береді. Ерікті әйелдердің жауабын тыңдаған Аллаһ елшісі (с.а.с.)
олардың Аллаһ жолындағы көмегін қабыл алып,
әскер сапында
қалуға рұқсат етеді. Әйелдер бұл қанды қырғын шайқаста
дұшпандарды жеңіп шығу үшін қандай орасан үлес қосты
десеңізші!
Олар өз еріктерімен
бастарын қатерге тігіп, ерлермен бірге
соғысқан. Осылайша ержүрек аналар кейінгі ұрпаққа ұмытылмас
өнеге қалдырған. Әйелдердің бұл жорықтағы үлесін бағалай
білген Пайғамбарымыз (с.а.с.) Хайбар
қолға алынғаннан кейін
шайқастан
түскен
олжаларды
үлестіргенде
оларға
жауынгерлермен бірдей мөлшерде үлес ажыратып, бұл