«Аллаһ елшісі (с.а.с.) оны (Хадишаны) есіне жиі алатын, егер
қой сойса: «Хадишаның дос әйелдеріне үлестіріңдер. Маған
оның сүйіспеншілігі берілген», – дейтін»
1
.
«Пайғамбарды (с.а.с.) Хадишадан қызғанғанымдай басқа
әйелдерінен қызғанған емеспін. Оны әсте көрмегенмін де. Кейде
мен Пайғамбарға (с.а.с.):
– Тура дүниеде Хадишадан басқа әйел болмағандай, – деп
айтып қалатын едім. Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.):
– Ол – ол еді ғой... Ол – ол еді ғой... одан мен перзент
сүйдім
2
, – дейтін.
Оны әр күні еске алғанына мен бірде қызғаныш білдіріп:
– Неге сонша сол қызыл иек (кемпірді) айта бересің? Аллаһ
тағала оны саған одан жақсы біреумен
3
алмастырған жоқ па? –
дедім.
Ол (с.а.с.) ашуланып:
«Аллаһтың атымен ант етемін! Аллаһ маған одан
жақсыны бермеді. Адамдар маған қарсы келгенде (күпірлік
танытқанда), (Хадиша) маған иман келтірді, адамдар мені
жалғаншыға шығарғанда, ол мені растады, адамдар мені (мал-
дүниеден) айырғанда, ол мені өз дәулетімен жұбатты және
одан Аллаһ маған әйелдердің басқасынан нәсіп етпеген бала
берді», – деп жауап қайтарды»
4
, – деген.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) өмірінің соңында күңі Мәрия
Қыбтиядан көрген Ибраһим деген ұлынан басқа өзге әйелдерінен
перзент сүйген емес.
Хадишаның денесі Мекке маңындағы Хажун деген жерде
жерленген.
1
Муслим, Фадаил әс-сахаба: 75, Ахмад, Муснад: 6/58, 202 және
басқалар.
2
Әл-Бұхари, Манақиб әл-ансар: 20.
3
Айша анамыз өзін меңзеп отыр.
4
Ахмад, Муснад: 6/117, 118.
|