Сәудәнің
дархан
жомарттығы
мен
кеңпейілділігі
Пайғамбарымызға (с.а.с.) әсер етпей қоймайды. Өзінің сұрауына
жауап күткен Сәудә Пайғамбарымыздың (с.а.с.) маңдайынан
сүйеді. Аллаһ елшісі (с.а.с.) үндемеген күйі намаз оқуға шығып
бара жатып, тынығу үшін қайтып келетінін айтады. Содан соң
Біләлдан (Аллаһ оған разы болсын) азан айтуын сұрайды, ал
азанның дауысы оның көңілін тыныштандырады.
Сәудә өз өтінішін Пайғамбарымыздың (с.а.с.) қабыл алғанын
сезіп, жан дүниесіне қуаныш оты жүгіріп, оның бойын шаттық
билейді. Ол өз көңіл қалауының тазалығы мен ниетінің
дұрыстығын Пайғамбар (с.а.с.) түсінгеніне көңілі жай табады.
Осыдан кейін Ұлы Аллаһ тағала Мұхаммедке (с.а.с.):
«Егер әйел күйеуінің салқын қабақ танытуынан немесе
бетін теріске салуынан қорықса, ол екеуіне араларын
келісіммен түзетулерінде күнә жоқ. Келісімге келген абзал.
Нәпсілер сараңдыққа әзір (жаратылған). Егер жақсылық
істесеңдер және тақуалық қылсаңдар, шындығында, Аллаһ –
не істегендеріңнен толық Хабардар»
1
, – деген уахи жіберген.
Міне, осылайша Сәудә Зумғақызы Пайғамбарымыздың (с.а.с.)
үйінде Аллаһтың өзіне берген бар нығмет игілігіне шүкіршілік
етіп, разылығын білдіріп, өмірде мұсылмандардың анасы,
жаннатта Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жары болып қалады.
Аллаһтың көрсеткеніне тәубе деп, берік иманымен өмір сүрген.
Аллаһ елшісі (с.а.с.) Сәудәні өзі дүниеден өткенге дейін тастаған
жоқ.
Сәудә әділ де шыншыл Омар ибн әл-Хаттабтың (Аллаһ оған
разы болсын) уақытына дейін ғұмыр кешіп, Жаратушысы Аллаһ
пен күйеуі Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жүзін көруге, тағдырына
разы пейілде шүкіршілік етіп дүниеден өтті. Аллаһ оған разы
болсын!
1
«Ниса» сүресі, 128-аят.
|