Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет70/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   200
Asyl-analar

 
 
ханым бүкіл әлем әйелдеріне үлгі танытты. Мінеки, он төрт ғасыр 
өтсе де, оған тең келер ешкімнің шықпауы – осының дәлелі. 
Айша үйінің мешітке жапсарлас салынғандығынан жамағат 
намаздарында бөлмесінде тұрып, Пайғамбарымызға (с.а.с.) ұйып 
намаз оқитын. Ол таһажжуд
1
намазына қатты көңіл бөлетін. 
«Таһажжудты тұрып оқуға шаршасаң, отырып оқы» деген 
сөздер айтқан. 
Айша үлкен көзді, нәзік денелі, толқын шашты, қызыл 
шырайлы, аппақ жүзді сұлу әйел болатын.
Ол Аллаһ елшісін (с.а.с.) ештеңеге айырбастаған емес. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) әйелдеріне өзі мен дүние сән-
салтанатының арасына таңдау тастаған кезде бірінші Айшадан 
бастап:
«Мен 
саған 
бір 
істі 
айтамын. 
Әке-шешеңмен 
ақылдаспайынша, шешім шығаруға асықпа», – деп:
«Ей, пайғамбар! Әйелдеріңе айт: «Егер сендер дүние 
тіршілігі мен оның сән-салтанатын қалайтын болсаңдар
онда бері келіңдер, сендерге біраз дүние берейін де, көркем 
түрде қоя берейін. Ал егер Аллаһты, Оның елшісін және 
Ақырет мекенін қалайтын болсаңдар, расында, Аллаһ 
сендердің араларыңдағы жақсылық істеушілерге үлкен сауап 
әзірлеген»
2
деген аятты оқығанда, Айша анамыз: «Осыған бола 
әке-шешеммен ақылдасамын ба?! Мен Аллаһ пен Оның елшісін 
және Ақырет мекенін қалаймын», – деп бірден жауап берген
3

Аллаһ елшісі (с.а.с.) ақиқат пен Аллаһқа шақыру жолында 
түздегі кәпірлер мен мүшріктердің көрсеткен зұлымдығы мен 
надандығынан ашуға булығып үйіне келгенде, ашуын сейілтетін, 
жүрегіне қуаныш ұялататын ең жақсы да сүйікті әйелі Айша еді. 
Аллаһ оған разы болсын! 
1
Түнгі нәпіл намаздар. 
2
«Ахзаб» сүресі, 28-29 аяттар. 
3
Әл-Бұхари, Тәфсир: «Ахзаб» сүресі. 


90


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет