88
үйренгенін сұрағанымда, ол:
«Өзім бірде сырқаттандым, біреу
келіп менің сырқатымды анықтап, оның шипасын айтты және
біреу сырқаттанса, басқа біреу келіп сырқатын анықтап, оның
шипасын айтатын. Мен солардың айтқандарын естіп, көріп
тұрып үйрендім», – деді», – деген.
Кейбір табиғиндер Айшадан
Исламның қағидалары жайлы
қайдан жақсы білетіндігін сұрағанда, ол:
«Шынында, мен Аллаһ елшісінен (с.а.с.) Ислам қағидалары
жайлы сұрап келетін көп сахабаларды көретінмін», – деп жауап
берген.
Аллаһтың елшісі (с.а.с.) Айшаға Хадишаның қазасынан соң,
Сәудә Зумғақызынан кейін һижра жыл санауымен 2-жылы,
шәууәл айында үйленеді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) Айшаға
үйленгенде, ол бар-жоғы тоғыз жаста болатын. Айша үйлену
тойларын есіне алып:
«Аллаһ елшісі (с.а.с.) біздікіне келгенде,
оның келісіне ерлер мен әйелдер жиналды. Сәудә менің жаныма
келіп, ойнап отырған әткеншегімнен түсіріп, басымнан сипап,
жүзімді сумен сүртті, бетімнен сүйіп, жетектеп бөлмеге
кіргізді, Аллаһ елшісі (с.а.с.) отырған біздің үйдегі кереуеттің
қасына әкеліп, мені оның жанына отырғызып: «Енді бұлар –
сенің жақындарың, Аллаһ сені бұлармен, бұларды сенімен
берекеттендірсін», – деді. Қой, түйе сойылмақ түгіл, жейтін
ештеңе болмады. Сәудә бізге ішіп-жемге жарар бір кесе сүт
әкелді, одан бірінші Аллаһ елшісі (с.а.с.) ішті де, сосын мен
іштім», – дейтін.
Бұдан кейін Айша ұзатылып, өзінің жаңа үйіне көшеді.
Олардың үйлері
мешітке жапсарлас, қам кірпіштен, құрманың
шыбықтарынан өріліп тұрғызылған,
еденінде жұқа топырақ пен
өсімдіктердің сабақтары және мал терісі төселген бір бөлме еді.
Ал есіктің орнында жүннен жасалған перде тұратын.
Жас болғанына қарамастан, алғаш келген күннен бастап-ақ
Айша отбасындағы әйелдік орнын біліп,
міндетін абыроймен
алып жүрген. Сол бір қарапайым ғана бір бөлмеде отырып, Айша