Олар күннен-күнге қауіп пен үрей үдетіп, Мәдинаны
торуылдайды. Бұл торуыл жиырма жеті күнге созылады. Ислам
мен Аллаһ елшісіне (с.а.с.) деген көкіректерінде ыза мен жек
көру сезімінің табы қалған яһудилердің құрайза тайпасы осы
мүмкіндікті
пайдаланып,
мұсылмандардың
жауларымен
одақтасады. Құрайза тайпасы пайғамбарымыз Мұхаммедпен
(с.а.с.)
өзара
бейбітшілік
сақтаймыз
деп
бекіткен
келісімшарттарын бұзып, кәпірлерге қосылып, жаудың Мәдинаға
кіруіне жол ашпақ ниетпен мұсылмандарға ту сыртынан келіп
соқтығады.
Әйтсе де мұсылмандар Аллаһтың жеңісіне сеніп, ақиқат үшін
өліспей беріспей, өжеттілікпен күресіп, дұшпанның алпауыт қара
күшін жер жастандырады. Бұл мұсылмандардың есебіндегі тағы
бір ұлы жеңіс болатын.
Келесі кезеңде мұсылмандар бір кездегі арқасынан келіп
пышақ сұқпақшы болған екіжүзді яһудилерге тарпа бас салып, ел
болмас ежелгі дұшпандарын бас көтерместей етіп тізе бүктіреді.
Сөйтіп, яһудилер істеген әрекеттері үшін қатаң жазаланады.
Осы жылы, жоғарыдағы «Ахзаб» шайқасының алдында,
шағбан айында мусталиқ руының Мәдинаға шабуыл жасау үшін
әскер дайындап жатқаны мәлім болады.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) мусталиқ руының қамалы ішіндегі
қам-қаракеттің қалай белең алып жатқанына көз жеткізіп, біліп
келу үшін Бурайда ибн Хусайб әл-Әсләми (Аллаһ оған разы
болсын) деген сахабасын барлауға жібереді. Бурайда амалын
тауып, жасырын қамалға кіріп, келген мақсатымен төңіректі
шолады. Ол қаруланған қалың әскердің тобын көреді. Олардың
мақсаттары Мәдинаға шабуылдаумен қатар, мұсылмандармен
соғысып, Аллаһ елшісін (с.а.с.) және жіберілген уахиды жою
екендіктерін естиді. Мұны олар қарақұрым әскерінің көптігіне
арқа сүйеп, ойластырып жатқан-ды.
Бурайда Мәдинаға оралып, көрген-білгендерін түгелдей
Пайғамбарымызға (с.а.с.) жеткізеді. Мән-жайға қаныққан
122
Достарыңызбен бөлісу: |