Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет98/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   200
Asyl-analar

 
 
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) есігінің алдына келген сұлу жас 
бойжеткеннің сол кезде жасы жиырмаға толмаған. Аллаһ елшісі 
(с.а.с.) оның мұңлы жанары мен үмітке толы көздерін көреді.
Ол Пайғамбарымызға (с.а.с.): 
Уа, Аллаһтың елшісі! Мен – мұсылманмын, өйткені 
Аллаһтан өзге құдай жоқ, сенің Оның елшісі екеніңе куәлік 
етемін. Мен мусталиқ руының көсемі Харистің қызы Бәррамын. 
Өзің жақсы білесің, басымызға күн туды. Мен Сәбит ибн 
Қайстың тұтқынына түстім. Сәбит мені өзіне тәуелді болу 
келісімімен босатты. Мен сенен қол ұшын беруіңді сұрап келіп 
тұрмын, – дейді. 
Аллаһ елшісінде (с.а.с.) оған деген рақымшылық оянғандай 
болады. Ол алдымен кемсітушілікке қарсы, бостандығы үшін 
аянбай күресетін, еркіндікті сүйетін, тұтқыннан және құлдық 
құрсауынан құтылуды сұрап келіп тұрған әйелді көреді. Бәрра 
руы жеңіліп, күштері ыдырап, тұтқынға түскені бар, өлтірілгені 
бар, бас ауған жаққа қашқандары бар, олардан үмітін үзсе де, өз 
бетінше еркіндік іздеуде еді. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған жанашырлық, аяушылықпен 
қарап, жәрдемдесу жолын қарастырады. Ал есік алдында жауап 
күтіп тұрған қызға бұл бір мезет бүкіл ғұмырдай боп сезілген-ді. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) басын көтеріп, оған аяушылық 
білдіріп: 
– Мұнан саған жақсы болар ма екен? – деді. 
Қиналып тұрған қыз асыға: 
– Неден? – дейді. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): 
– Мен сені тұтқыннан босатып, саған үйленсем, – дегенде, 
қыз жанары қуаныштан бал-бұл жайнайды. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): 
– Онда осылай болсын, – дейді де, Аллаһ елшісі (с.а.с.) Сәбит 
ибн Қайсқа Бәрра үшін сұраған құнын төлеп, оны тұтқыннан 
босатады. Оған үйленіп, оны Жуәйрия деп атады. Ол (с.а.с.) 


124


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет