Аспандияр Кенжиннің өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі


«А. Кенжиннің шығармашылық мұрасы»



бет3/3
Дата25.02.2016
өлшемі436.02 Kb.
#20271
түріДиссертация
1   2   3

«А. Кенжиннің шығармашылық мұрасы» деп аталатын үшінші тарауда қайраткердің «Қазақ» газетіне жарияланған және Алаш қозғалысына қатысты еңбектері мен кеңестік билік жүйесіне байланысты публицистикалық жарияланымдарына жан-жақты талдау жасалады.

А. Кенжиннiң баспасөз беттерiнде жарияланған еңбектерiн тарих, тарих ғылымдары, Қазақстан Республикасының тарихы, экономика, экономика ғылымдары, мемлекет және құқық, заң ғылымы, сауда, ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы, ауыл шаруашылық өнiмдерi мен шикi заттарды өңдеу, дайындау, сақтау, тамақ өнеркәсiбi, бiлiм беру iсi, педагогика ғылымы деген тақырыптармен жүйелеп қарастыру қажет. Алаш қозғалысына, алаш партиясының құрылу тарихына қатысты жазған еңбектерiн ерекше бөлiп атау артықтық жасамайды.

«К исторической оценке деятельности партии «Алаш» мақаласында А. Кенжин бұл партияның бағдарламасына толық, жан-жақты баға беріп, оның астарын ашып көрсетуге ұмтылады. «Алаш партиясы қазақ халқының буржуазиялық-демократиялық қабаттарының ықпалының рәсімделуінде, буржуазиялық төңкерістің дамуында елеулі роль атқарды. Мен өзім Алаш партиясының бағдарламасының жобасын бағдарлама ретінде емес, оның Құрылтай жиналысына мүше қазақтарға тапсырма ретінде қарастырамын» дей келе, негізгі екі қорытындыны алға тартады: «отар елдерге бостандық беру жөніндегі Уақытша үкіметтің ертегісіне балаша сенген бұл партия серкелерінің аңғалдығы; олар тым империалистік пиғылдағы Уақытша үкімет қанау объектісі ретінде қарастырып отырған ұсақ ұлттарды одан әрі қанау, отарлау саясатын ұстанып отырғандығын аңғармау, империализм тұсында халықтар бауырластығы орын алуы мүмкін еместігін көрмеу жағдайларын байқамауы. Екіншіден партияның бағдарламасының жобасы мен партияны ұйымдастыру жұмыстарынан оның басшыларының саяси тәрбиесінің тайыздығын көрсетеді», – деді.

«Қызыл Қазақстан» журналына жарияланған «Алаш партиясы туралы мағлұматтар» мақаласы мұның алдындағы мақалалардың заңды жалғасы іспеттес. Партияның бағдарламасын талдай келе, ол «алаш партиясының тарихы, алаш партиясының тұтынған жол жобасы қазақ байларының, қазақ жуан-жұдырықтарының қорлық, зорлығынан құтқару жұмысын қазақ халқының бейнетқорлары, қазақтың жарлы-жақыбайлары жалпы бейнетқорлар табынан ғана, жалпы бейнетқорлардың қамын ойлаушылардан ғана күтуге болатынын ескеруге тиіс екенін көрсетеді» деп баға беруге мәжбүр болады.

Өлкелік газеттің бетіне «Н.Ш.» бүркеншік атымен жарияланған мақалаға жауап ретінде «К статье «Ревдвижение в Киргизии» мақаласын жариялады [23]. Мұнда ол Алаш қозғалысын зерттеуде объективтілікпен қарауға шақырды.

Халық ағарту саласындағы орын алған кемшiлiктер, қол жеткен жетiстiктер туралы, Қазақстандағы саяси ахуал жайында жазған мақалалары «Қызыл Қазақстан», «Известия Киробкома РКП (б)», «Қазақстан большевигi», «Қазақ календары» газет-журналдарында жарияланып тұрды. Оның бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мақалалары негізінен елді сауаттандыру, халық арасында саяси ағарту жұмыстарын жүргізу мәселелерін қамтыды.

«Задачи Главполитпросвета» мақаласы коммунистік үгіт-насихат жұмыстарының алғашқы кезеңінде жүргізілуі туралы баяндайды.

«Работа среди киргизского пролетариата и бедноты» мақаласында қазақ жалшылары мен кедейлерін кәсібіне қарай бөлшектей отырып, олардың арасында істелуі тиіс жұмыстарға тоқталып өтеді. Пікірталастық мақсатта жарияланған мақалада «ол қазақ арасында айырбас сауданың қалпына келтіріле бастағандығын, ҚКСР-дің кеңестік және коммунистік құрылысының әлеуметтік базасының арасындағы жалпы жұмыстардың нобайын жасау үшін қазіргі таңдағы экономикалық дамуын зерттеп алу қажет», – деп көрсетеді.

«К введению делопроизводства на киргизском языке» деп аталатын мақаласы да кеңес өкіметі билігінің алғашқы кезеңіндегі қазақ халқы үшін басы ашық мәселені талқылауға арналған. Қазақ тілінің мемлекеттік басқару ісіндегі ресми құжаттарда пайдаланылуы туралы мәселе кеңестер билігі тұсында бірнеше мәрте көтерілгенімен оңды шешімін таба алмағандығы мәлім. 1923 жылы жазылған бұл мақаласында А. Кенжин де қазақ тілінің іс жүргізу саласына енгізілуіне, оның заңнамалық негіздеріне түсінік беріп, арнайы тоқталып өтеді. Патшалық самодержавиенің кезінде кеңсе тілі тілмаштардың аударуымен жүргізілгендігін айтып өтеді.

А. Кенжиннiң қалам тартқан тақырыптарының ең көлемдiсi – Қазақ АКСР-i Iшкi және сыртқы сауда халық комиссариатында қызмет атқарған кезеңiнде жазылған, жарияланған мақалалары, баяндамалары, есептері, бұйрықтары.

1924–1928 жылдары жарияланған мақалалары Қазақ АКСР Iшкi және сыртқы сауда халық комиссариатының атқарған жұмыстары, келешек жоспарлары, жұмыс барысында кездесетiн кемшiлiктер мен олардың алдын алу, зардаптарын жою сияқты мәселелердi көтередi. А. Кенжин Қазақстанның шикiзат базасынан гөрі дайындау, өндiру, өңдеу жұмыстарын жүзеге асыратын индустриалды-өндiрiстi ел болғанын қалап, бұл мәселенi мақалаларында жиi көтерiп отырды.

А. Кенжиннің ағарту саласы, мемлекеттік баспа ісі, ішкі және сыртқы сауда, азық-түлік және мал өнімдерін дайындау, тоқыма өндірісі, елдегі қасапханалар мен мұздатқыштар салу ісінің барысы туралы жарияланымдары қай салада болмасын сауаттылығы мен өз ісіне берілген қайраткер екендігін білдіреді. Оның орыс және қазақ тілдерінде жарияланған мақалаларының Қазақстанның кеңестік тарихын жүйелеу мен оны баяндауда алатын тарихи орны ерекше екендігін атап көрсету қажет.


қорытынды
Қорытындыда диссертацияның мазмұнынан туындайтын ойлар жүйеленіп, тұжырымдар нақтыланады.

Аспандияр Кенжиннің ХХ ғасырдың бастапқы кезеңіндегі Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде өзіндік орны бар, жан-жақты қайраткер, ысылған саясаткер екендігі, ұлттық мүддені басшылыққа ала жұмыс жүргізген қайраткер екендігі жан-жақты зерделенді.

1920 жылы мамырда Қазақ өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитеттің Халық ағарту бөліміне жұмысқа тартылған ол 1930 жылдардың басына дейін билік басында болды. Халық ағарту комиссары, БК(б)П Қазақ обкомының үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі, Бас саяси ағарту комитетінің бастығы, Қазақ АКСР-і Ішкі және сыртқы сауда халық комиссары, Қазақ Халық Шаруашылығы кеңесінің төрағасы сияқты лауазымды қызметтерді атқарды.

1922, 1924, 1926, 1929, 1932, 1933, 1935 жылдары Қазақстанда, Түркіменстанда жүргізілген партиялық тазалаулар науқанында Коммунистік партия қатарынан шығарылды, партиялық сөгістер алды.

Қай салада болмасын асқан жігерлілікпен, энтузиазммен жұмыс жүргізді. Қазақстан Республикасының аумағындағы мұрағаттарда ол туралы дереккөздер өте көптігімен ерекшеленеді.

А. Кенжиннің шығармашылық мұрасының өзі арнайы зерттеуді қажет етеді. Ол екі тілде еркін сөйлеумен қатар, шұрайлы тілмен жаза да білетін қабілетімен айрықшаланады. Бұл қасиет жаңа әдістегі мектептерді бітірген ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ зиялыларына тән болатын.


Пайдаланылған деректер мен әдебиеттер тізімі:
1 Григорьев B. К. Противостояние. (Большевики и пролетарские партии в Казахстане. 1917–1920 гг.) – Алма-Ата: Казахстан, 1989. – 252 с.

2 О прошлом для будущего: Некоторые проблемы истории Компартии Казахстана в свете гласности. – Алма-Ата: Казахстан, 1990. – 256 с.

3 Аманжолова Д.А. Казахский автономизм и Россия. История движения Алаш. – М.: Россия молодая, 1994. – 216 с.

4 Григорьев В.К., Джагфаров Н.Р. және Осипов В.П. Идейно-политическая работа партийных организации Казахстана. (1917–1925 гг.). –Алма-Ата: Казахстан, 1989. – 176 с.

5 Алаштың азаматтары. Олар кiмдер едi? Тізім. // Қазақстан коммунисi. – 1991. – № 9. – 79–83-бб.

6 Әлихан Бөкейханов. Шығармалар. / Құрастырып, кiрiспесiн және өмiрбаяндық ғылыми мақаласын жазған М. Қойгелдиев. – Алматы: Қазақстан, 1994. – 384 б.

7 Нұрпейiсов К. Алаш һәм Алашорда. – Алматы: Ататек, 1995. – 256 б.

8 Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. – Алматы: Санат, 1995. – 368 б.

9 Тәж-Мұрат М. Батыс Алаш-Орда. Биобиблиографиялық сөздiк тәжiрибесi. – Ақтөбе: А-Полиграфия, 2003. – 232 б.

10 Сүлейменова Д. Алашорданың Батыс бөлімі: т.ғ к. ... дисс. – Алматы. - 2004. – 142 б.; Таукибаева Ш. Становление государственности Казахстана по образованию, культуре и науке. (1917–1936 гг.): Дисс. ... к.и.н. – Алматы, 1999. – 146 с.; Ауанасова А. Национальная интеллигенция Казахстана в первые годы Советской власти (1917–1927 гг.): Автореф. дисс. … к. и. н. –Бишкек. - 1993. – 23 с.; Мамраева А. Общественно-политическое развитие Казахстана начала ХХ века и Алихан Букейханов: Автореф. дисс. … к. и. н. – Алматы, 1997. – 27 с.; Елмурзаева Р. Жизнь и деятельность Смагула Садвакасова: Автореф. … к. и. н. – Алматы. 1997. – 27 с.; Иманбаева С. М.М. Дулатовтың өмірі мен қызметі (1879–1933): т.ғ.к. ... дисс. авторефераты. –Алматы, 1998. – 25 б.; Сайлаубай Е.Е. Алашорда үкіметінің Шығыс бөлімі: т.ғ.к. ... дисс. авторефераты. – Алматы, 2001. – 32 б.

11 Нурмагамбетова Р.К. Движение Алаш и Алаш-Орда. Историография проблемы. 1920–1990 годы ХХ века.. – Алматы: ИИЭ, 2003. – 153 с.

12 Алаш қозғалысы. Құжаттар мен материалдар жинағы. Сәуір 1901 ж. – желтоқсан 1917 ж. – Алматы: Алаш, 2004. – 1-т. – 552 б.; Алаш қозғалысы. Желтоқсан 1917 ж. – мамыр 1920 ж. – Алматы: Алаш, 2005. – 2-т. – 496 б.; Движение Алаш. Сборник документов. Апрель 1920–1928 гг. – Алматы: Алаш, 2007. – т. 3. – кн. 1. – 304 с. – т. 3. – Кн. 2. – 344 с.; Алаш қозғалысы. Мәселенің зерттелу тарихынан. Құжаттар мен материалдар жинағы. 1918–2007 жж. – Алматы: Ел-шежіре, 2008. – 4-т. – 472 б.

13 ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің мұрағаты. 010513 ф-1 қылмыстық ісі. 1–3-т.

14 Жұмашев Ғ., Ғабдешұлы Қ. Бәйтеректің бұтағы немесе шумақ Шеркештің Тоқымет ұрпақтары. – Атырау, 2002. – 182 б.

15 ҚРОММ. 95-қ. 1-т. 111-іс. 2, 2-қ б.; 44, 86, 92, 96, 11, 138, 170-iстер.

16 Атырау облысының мемлекеттік мұрағаты. 1-қ. 1-т. 23-іс. 92-п.

17 ҚРПМ. 139-қ. 1-т. 769-іс. 28–30-қ-п.

18 Баязитов Д. Қазақ автономиясының астанасын көшiру тарихының кейбiр мәселелерi // ҚазақҰУ хабаршысы. –Тарих сериясы. – 2004. – № 3 (34). – 36-б; ҚРОММ. 30-қ. 1-т. 545-іс. 6–12-пп.

19 ҚРПМ. 719-қ. 4-т. 1054-iс. 59–62-пп.; Кенжин А. В чем испытывает нужду Семипалатинский комбинат. // За пищевую индустрию. -1932, 12 августа.

20 ҚРПМ. 719-қ. 5-т. 83-іс. 49-п.; 1-т. 185-іс. 5, 5-қ.-п., 6-б.; 3, 4-пп.

21 ҚРПМ. 719-қ. 4-т. 1054-iс. 59–62-пп.

22 Узницы АЛЖИРа. Список женщин – заключенных Акмолинского и других отделений Карлага. – М.: Звенья, 2003. – 568 с.

23 Кенжин А. «К исторической оценке деятельности партии «Алаш» // Известия Киробкома РКП (б). – 1923. – № 1. – С. 10–19; Кенжин А. Алаш партиясы туралы мағлұматтар // Қазақстан коммунисі. – 1991. – № 8. – 87–90-бб.; Кенжин А. К статье «Ревдвижение в Киргизии» // Степная правда. - 1922, 27, 31 августа.

Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған

мақалалар тізімі:

1 Шетел мұрағаттары мен кітапханаларындағы Аспандияр Кенжиннің өміріне қатысты деректер // Международная научно-практическая конференция «История Казахстана в документах зарубежных архивов». 14 марта 2007 г. –Алматы: Веретельный, 2007. – 106–110-бб.



2 Қазақстанның халықаралық қатынастары тарихындағы Ішкі және сыртқы сауда халық комиссариатының орны (1924–1928 жж.) // «Актуальные проблемы международного права в свете послания Президента Республики Казахстан Н. А. Назарбаева «Новый Казахстан в новом мире» // Материалы Международной научно-практической конференции. –18 апреля 2007 г. – Алматы: Издательство ТОО «Print-S», 2007. – 750–755-бб.

3 Тұлға және қоғам: Аспандияр Кенжин (1887–1938) // «Тарихтағы тұлғаның ролі» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Астана қаласы, 22 қазан 2007 ж. – Астана: ҚРТПМ, 2007. – 212–215-бб.

4 ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ зиялыларының қызметі: А. Кенжиннің жарияланымдары негізінде // «ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ зиялылары және ұлттық мемлекеттілік: мұрағаттар, келелі мәселелері, келешегі» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. –Алматы, 2008 ж. 30 мамыр. – Алматы: Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатының шағын баспаханасы, 2008. – 109–116-бб.

5 Аспандияр Кенжиннiң «Қазақ» газетiне жарияланған хабарлары // Қазақ тарихы. – 2007. – № 2. – 44–47-бб.

6 Халық ағарту комиссариатындағы тәжірибелі маман ... Ахмет Байтұрсынов пен Аспандияр Кенжиннiң арасындағы қарым-қатынастар мәселесiне орай (1920–1921 жылдар) // Қазақ өркениеті. Қайнар университеті жаршысының қосымшасы. – 2007 . – № 2. – 130–136-бб.

7 Аспандияр Кенжин Қырғыз (Қазақ) АКСР Орталық Атқару Комитетi жанындағы Балалар өмiрiн жақсарту жөнiндегi орталық комиссияның басшылығы кезеңiнде // Отан тарихы. – 2007. – № 2 . – 192–203-бб.

8 Алаш зиялыларының Бұратаналар бөліміндегі қызметі: Ә. Бөкейханов пен А. Кенжин арасындағы қарым-қатынас мәселелеріне орай // Қоғам және дәуір. Ғылыми-сараптамалық журнал. – 2007. – № 3 (15). – 28–30-бб.

9 Біріксек береке туар немесе «Еркін дала» қауымын ұйымдастырушылар жөнінде // Қазақ тарихы – 2007. – № 4. – 40–44-бб.
Резюме
на автореферат диссертации на соискание ученой степени кандидата исторических наук по специальности 07.00.02 – Отечественная история (История Республики Казахстан)

сулейменова Алия Тоймахановна
Жизнь и общественно-политическая деятельность

Асфендияра Кенжина (1887–1938 гг.)
Диссертационная работа посвящена целостному изучению жизни и общественно-политической деятельности видного представителя казахской национальной интеллигенции первой четверти ХХ века Асфендияра Кенжина.

Цель исследования – на основе новых архивных источников и периодических изданий, исследовать общественно-политическую деятельность Асфендияра Кенжина и раскрыть его роль в социально-экономической, культурной жизни казахского народа.

Для достижения цели в диссертационной работе поставлен следующий комплекс задач:

– определить общероссийские и казахстанские факторы, оказавшие влияние на формирование личности и политических взглядов А. кенжина;

– показать влияние общественно-политических изменений в Казахстане в период Февральской и Октябрьской революции в 1917 г. на политическое сознание и деятельность А. Кенжина;

– выявить факты активного участия А. Кенжина в движении Алаш в 1917–1919 гг.;

– изучить разностороннюю деятельность А. Кенжина в сфере государственного управления и хозяйственной советской власти, определить его место и роль в истории советского Казахстана в 1920–1937 гг.

– определить причины способствовавшие отстранению от государственной деятельности и приведение к репрессиям А. Кенжина в 1937–1938 гг;

– осуществить научную оценку творческого наследия опубликованные в разные годы жизни и деятельности А. Кенжина.



Научная новизна исследования. На основе документальных источников из архивов Казахстана и России, а также библиографических материалов всесторонне исследованы особенности жизни и общественно-политической деятельности А. Кенжина.

В ходе проведения исследования были достигнуты следующие научные результаты:

– выявлены особенности формирования идейно-нравственной и гражданской позиции А. Кенжина под влиянием специфических факторов его становления и развития как личности в условиях взаимовлияния разных культур;

– проанализированы обстоятельства участия А. Кенжина в становлении и развитии движения Алаш;

– даны оценки к работам казахской интеллигенции среди мобилизованных на тыловые работы казахской молодежи в 1916–1917 гг., выявлены факты об убийстве А. Иманова;

– на примере А. Кенжина сделана историческая оценка роли деятелей движения Алаш в органах власти большевиков;

– с точки зрения новой методологии на историю подробно исследованы особенности общественно-политической деятельности А. Кенжина в период двух революции 1917 г и в первой трети ХХ века.

Практическая значимость полученных результатов. Полученные результаты можно широко применять в учебном процессе – при разработке лекций, специальных курсов, методических рекомендаций в помощь преподавателям и студентам учебных заведений по истории Казахстана.

Основные положения, выводимые на защиту:

– А. Кенжин был видным деятелем общегражданского масштаба, который понимал нужды казахского народа находящегося под колониальным гнетом;

– А. Кенжин был вовлечен в освободительное движение в целях защиты насущных интересов казахского народа;

– на основе впервые вводимые в научный оборот архивных и других источников обоснованы факты его пребывания в органах советской власти;

– дана объективная оценка новым архивным документам, долгое время находившимся под запретом, анализирующие крупные политические события в 1887–1938 гг.

Структура диссертации. Диссертация состоит из введения, трех глав, заключения и списка использованных источников.

RESUME
On the author's abstract of the dissertation on competition

of a scientific degree of the Candidate

of historical sciences on a speciality 07.00.02 –

Domestic history (History of Republic Kazakhstan)
Suleymenova Aliya
The Life and political activity of Asfendiyar Kenzhin (1887-1938)
Dissertational work is devoted to complete studying of Asfendiyar Kenzhin’s life and political activity of the prominent representative of the Kazakh national intelligence in first quarter XX of century.

The purpose of research - on the basis of new historical, archival sources and an information material of periodicals, objectively to open a role and to investigate political activity of Asfendiyar Kenzhin in a social and economic, cultural life of Kazakh people first half XX of century.

For achievement of an object in view in dissertational work the following complex of problems is solved:

- by means of studying the environment of education and formation of political views of A.Kenzhin to define the all-Russian and Kazakhstan factors on these currents;

- to analyze political changes in Kazakhstan during February revolution and October revolt in 1917 and to show their influence in political creation and A.Kenzhin's public work;

- to elicit the facts of active participation of A.Kenzhin in Alash movement per 1917-1919 by means of factual data;

- to study versatile activity in sphere of management and economic branches of the Soviet authority, to define a place and A.Kenzhin's role in history of the Soviet Kazakhstan per 1920-1937;

- to define the reasons of A.Kenzhin’s repression per 1937-1938;

- to carry out a scientific estimation a creative heritage the lives published in different years and A.Kenzhin's activity;



Scientific novelty of research. On the basis of documentary sources from archives of Kazakhstan and Russia, and also bibliographic materials features of a life and A.Kenzhin's political activity are comprehensively investigated.

During carrying out of research following scientific results have been reached:

- features of formation ideologically-moral and A.Kenzhin's civic stand under influence of specific factors of its becoming and development as persons in conditions of interference of different cultures are revealed;

- circumstances of participation of A.Kenzhin in becoming and development of Alash movement in territory of Kazakhstan are analyzed;

- due estimations to works of the Kazakh intelligence among mobilized in rear works of the Kazakh youth per 1916-1917 are given, elicited the facts of murder of A.Imanov, and in A.Kenzhin's example the historical estimation of figures of Alash movement in authorities of bolsheviks is made;

- from the point of view of a new sight at history features of political activity of A.Kenzhin during two revolutions 1917 and in first third XX of century are in detail investigated.



The practical importance of the received results. Considering value of studying of a role of the person in domestic history, on what has been specified in substantive provisions and conclusions of the dissertational work, the received results can be applied widely in educational process - by development of the lectures, special rates, methodical recommendations in the help to teachers and students of educational institutions on history of Kazakhstan.

The substantive provisions deduced on defence:

- A.Kenzhin was the figure big all-civic scale which accepted needs of Kazakh people being under colonial oppression;

- A.Kenzhin has been involved in emancipating movement with a view of protection of versatile interests of Kazakh people;

- used archival and other sources enable from old and new sights it is fair to weigh all the facts of its stay in bodies of the Soviet authority;

- studying of a life and A.Kenzhin's activity is considered novelty of research;

- analysis of large political events per 1887-1938 years on the basis of denied access to secret documents, the fresh facts and materials of rare editions.



Structure of the dissertation. The dissertation consists of the introduction, three chapters, the conclusion and the list of the used sources.

Сүлейменова Әлия Тоймаханқызы



Аспандияр Кенжиннің

өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі

(1887–1938 жж.)
07.00.02 – Отан тарихы

(Қазақстан Республикасының тарихы)


Тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін

алу үшін дайындалған диссертацияның

авторефераты
13. 01. 2009 ж. басуға қол қойылды. Пішімі 60х84 1/16

«Multilaser» қағазы.



Көлемі 1,5 б. т. Таралымы 100 дана

Тапсырыс № 1.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет