«аспазшы» КӘсібіне ӛндірістік оқыту


Котлеттер мен домалатпалар



Pdf көрінісі
бет52/62
Дата20.01.2023
өлшемі2.7 Mb.
#468569
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   62
1.«Аспазшы» мамандығына өндірістік оқыту 4 бөлімді, 1-бөлім. Оқу құралы

Котлеттер мен домалатпалар жарықтар жəне шеттері сынбаған, беті 
біркелкі бидайдың кепкен нан ұнтағына домаланған болуы тиіс. Бөлген 
жерінде сіңір мен нан бөліктері көрінбеуі тиіс. Иісі дəмдеуіштер мен 
сапалы етке тəн болуы тиіс. Котлеттер – бір шеті үшкір сопақ-жалпақ 
пішінді, қалыңдығы 1-1,5 см болуы керек. Домалатпалар пішіні жалпақ- 
дөңгелек, жартылай дайын өнімнің қалыңдығы 1 см болуы тиіс.
91 


Сапасына қойылатын талаптар
Котлет массасы біртекті, шырынды, қызғылт-сұр түсті, ал иісі 
дəмдеуіштермен сапалы еттікіндей болуы тиіс.
Котлеттер мен домалатпалар жарықтар жəне шеттері сынбаған, 
беті біркелкі бидайдың кепкен нан ұнтағына домаланған болуы тиіс. 
Бөлген жерінде сіңір мен нан бөліктері көрінбеуі тиіс. Иісі дəмдеуіштер 
мен сапалы етке тəн болуы тиіс. Котлеттер – бір шеті үшкір сопақ-жалпақ 
пішінді, қалыңдығы 1-1,5 см болуы керек. Домалатпалар пішіні жалпақ- 
дөңгелек, жартылай дайын өнімнің қалыңдығы 1 см болуы тиіс.
Шницель сопақ-жалпақ пішінді, қалыңдығы 0,5-1 см болуы қажет.
Ұсақталған зразалар сопақ пішінді, ұсақталған жасыл ақжелкенмен 
безендірілген жəне бидайдың кепкен нан ұнтағына домалатылған болуы 
тиіс.
Тефтелдер бұршақ пішінді, бидай ұнына аунатылған, сапалы еттің, 
дəмдеуіш пен пияздың иісіндей болғаны жөн.
Сақтау мерзімі 
Таза ұсақталған массадан жартылай дайын өнімдерді 12 сағаттай, ал 
ұсақталған етті 2-6°С температурада 6 сағаттай сақтау қажет.
Өндірістік тапсырмалар
1. 
Егер 1 котлетаға жалпы салмағы 56 г ірі қара мал еті, 14 г бидай 
наны, 17 г сүт немесе су жұмсалса, қажетті шикізатты есептеңіз жəне 20 
котлетаға котлет массасын дайындаңыз.
2. 
Егер бір жартылай дайын өнімге 89 г ет, 16 г нан, 23 г сүт жұмсалса,
3,2 кг шошқа етінің 
котлет массасынан қанша ұсақталған зраза дайындауға 
болады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет