Мақсаты: Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін; балалар мен жастардың құқықтық санасын, оларда балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру.
Міндеттері: Отанға, мемлекеттік құрылысқа, мемлекеттік саясатқа, мемлекеттік идеологияға;
ҚР Конституциясы мен заңнамасына, мемлекеттік рәміздерге (елтаңба, әнұран, ту), құқықтық тәртіпке;11 елдегі ұлтаралық және конфессияаралық келісімге, халықтар достығына; өз елінің экономикалық және әлеуметтік-мәдени даму саласындағы жетістіктеріне;
басқа адамның құндылықтарына, құқықтары мен бостандығына;
өз өлкесінің (ауыл, қала, шағын аудан) табиғатына, мәдени-тарихи өміріне;
құқықтық білімге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқына;
заң талаптарына, құқықтары мен міндеттеріне; әлеуметтік құндылықтарға құрметпен қарау, мақтаныш сезімін және жауапкершілік таныту.
Рухани – адамгершілік тәрбие
Мақсаты: Тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпыадамзаттық құндылықтарымен, нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген рухани- адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін және көзқарастарын қалыптастыру.
Міндеттері:
мораль мен этиканың көпшілік мақұлдаған нормаларына; өзінің қасиетіне, арына және парызына; ішкі бостандығына және адамгершілік шешім қабылдауына;
өзінің және өзге де халықтардың мәдениетіне, дәстүріне, әдет ғұрпына;12 діни құндылықтарға; ой, сөз және іс бірлігіне; өзінің мінез-құлқын жетілдіруге; ар-ұжданымен орындалған қылықтарға;
түрлі мәдениет пен нанымның бірлігіне; адамдарға риясыз қызмет етуіне; өз ата-анасы, Отан, қоғам алдындағы парызына адамгершілік сезім білдіру.
Ұлттық тәрбие
Мақсаты: Тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға, ана тілін және мемлекеттік тілді, қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге бағдарлау.
Міндеттері:
этникалық өзіндік санаға, этникалық сәйкестікке; мемлекеттік тілді және ана тілін меңгеруіне; өз халқының мәдени мұрасына;
қазақ халқының және өз халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрпына;
Қазақстанның этномәдениетіне; этносаралық бейбітшілік пен келісімге мақтаныш сезім және жауапкершілік таныту.
Отбасы тәрбиесі
Достарыңызбен бөлісу: |