Арқат орамы
Бұрынғы атауы - №30 қысқа көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Арқат орамы Майқайың көшесінен басталып, Шертер көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 132 м.
Арқат – Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданында орналасқан тау.
Арқат орамы
Бұрынғы атауы – Транспортный қысқа көшесі. Арқат орамы Алқатерек орамынан басталып, Қоянды орамында аяқталады. Ұзындығы – 101,1 м.
Аршалы орамы
Бұрынғы атауы – Ф.Глинка қысқа көшесі. Аршалы орамы Сарыадыр орамында аяқталады. Ұзындығы – 122,1 м.
Аршалы – кипарис тұқымдасына жататын, мәңгі жасыл көп жылдық өсімдік. Ақмола облысында Аршалы атты аудан бар.
Астрахан қысқа көшесі
Астрахан қысқа көшесі Балқаш қысқа көшесінен басталып, Макинский қысқа көшесінде аяқталады. Есіл қысқа көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 245,1 м.
Астрахан – Ақмола облысының орталық бөлігіндегі аудан.
Атакент орамы
Бұрынғы атауы – В.Малиновский қысқа көшесі. Атакент орамы А.Беляков көшесімен қиылысып, А.Герцен көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 737,5 м.
Атакент – Жетісай қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 17 шақырым жерде орналасқан кент аты.
Атбасар қысқа көшесі
Атбасар қысқа көшесі Н.Тілендиев даңғылында аяқталады. Ұзындығы – 614,3 м.
Атбасар – Ақмола облысындағы қала. Атбасар қаласы Астана қаласынан солтүстік-батысқа қарай 232 шақырым жерде орналасқан.
Балқаш қысқа көшесі
Балқаш қысқа көшесі А.Кравцов көшесінен басталып, Ж.Тәшенов көшесінде аяқталады. Астрахан қысқа көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 688,4 м.
Балқаш – Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы тұйық көл. Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарының аумағында орналасқан.
Барқытбел орамы
Бұрынғы атауы – Ф.Дзержинский қысқа көшесі. Барқытбел орамы Конституция көшесінен басталып, М.Дулатов көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 560,5 м.
Барқытбел – Тарбағатай тау бөктерінің бұрынғы атауы. Тарамдалып жатқан, көк майсалы тау бөктерін «барқытбел» деп айтады.
Бейнеу орамы
Бұрынғы атауы – А.Матросов қысқа көшесі. Бейнеу орамы Ақбидай көшесінен басталады. Ұзындығы – 155,9 м.
Бейнеу – Маңғыстау облысының солтүстігіндегі аудан, кент аты.
Береке қысқа көшесі
Бұрынғы атауы - №6 қысқа көшесі. «Көктал» тұрғын алабы. Береке қысқа көшесі Жаңақоныс көшесінен басталады. Ұзындығы – 458,6 м.
Береке – «ырыс, молшылық, мол» дегенді білдіреді. Қазақ халқы ырыс-құты тасыған өмірді «берекелі өмір», барды үнемдеп жеткізе білетін адамды «берекелі адам» деп атаған.
Бестау орамы
Бұрынғы атауы – С.Бородин қысқа көшесі. Бестау орамы С.Әліұлы көшесінен басталып, Киелісай көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 227 м.
Бестау – Қарағанды облысы, Шет ауданындағы Қызылтас таулары мен Балқаш көлінің аралығындағы тау.
Бесшатыр орамы
Бұрынғы атауы – Строители қысқа көшесі. Бесшатыр орамы М.Дулатов көшесінен басталады. Ұзындығы – 688,8 м.
Бесшатыр – көне қорымдар тобы, сақ дәуірінің аса ірі ескерткіші. Алматы облысы Іле өзенінің жағалауынан 3 шақырым жерде орналасқан.
Бидайық қысқа көшесі
Бұрынғы атауы - №10 қысқа көше. «Көктал» тұрғын алабы. Бидайық қысқа көшесі Д.Бабатайұлы көшесінен басталып, Жаркөл қысқа көшесінде аяқталады. Аққайың қысқа көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 283,1 м.
Бидайық – астық тұқымдас көп жылдық жабайы өсімдік. Осы аттас елімізде бірнеше елді мекендер кездеседі.
В.Перов қысқа көшесі
В.Перов қысқа көшесі А.Иманов көшесінен басталып, П.Морозов қысқа көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 199,2 м.
Василий Григорьевич Перов (1833-1882) – орыс суретшісі.
В.Петров қысқа көшесі
В.Петров қысқа көшесі Тамшалы көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 176,6 м.
Василий Прокопьевич Петров Социалистік Еңбек Ері.
Волгоград қысқа көшесі
Волгоград қысқа көшесі Севостополь қысқа көшесінен басталады. Ұзындығы – 180,3 м.
Волгоград – Ресей Федерациясындағы Волгоград облысының орталығы.
Г.Чичерин қысқа көшесі
Г.Чичерин қысқа көшесі Л.Брусиловский көшесінен басталып, А.Жұбанов көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 236,5 м.
Георгий Васильевич Чичерин (1872-1836) – мемлекет қайраткері, дипломат.
Гүлдала орамы
Бұрынғы атауы – Луговой қысқа көшесі. Гүлдала орамы Жазық орамынан басталып, Шыңғырлау көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 116,8 м.
Гүлдала – гүлге оранған дала.
Гүлзар орамы
Бұрынғы атауы – Степной қысқа көшесі. Гүлзар қысқа көшесі Киелісай көшесінен басталып, Өндіріс көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 433,4 м.
Гүлзар – бау-бақша, саябақ, мекеме және тұрғын үй маңын, жол бойын көгалдандыру үшін әсем гүлдер өсірілетін алаң.
Д.Карбышев қысқа көшесі
Д.Карбышев қысқа көшесі Оқжетпес көшесінен басталып, Д.Карбышев көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 347,9 м.
Карбышев Дмитрий Михайлович (1880-1945) - әскери инженер, инженерлік әскердің генерал-лейтенанты. Кеңес Одағының Батыры.
Д.Лихачев қысқа көшесі
Д.Лихачев қысқа көшесі Севастополь қысқа көшесінен басталып, Минский қысқа көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 162,9 м.
Лихачев Дмитрий Сергеевич (1906-1999) - әдебиетші және қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері.
Дальний қысқа көшесі
Дальний қысқа көшесі Бекетай көшесінен басталады. Ұзындығы – 417,8 м.
Дальний – «алыс, ұзақ, шалғай» деген мағынаны білдіреді.
Дегелең орамы
Бұрынғы атауы - №2 қысқа көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (сол жақ). Дегелең орамы Қозыбасы көшесінен басталады. Ұзындығы – 265,3 м.
Дегелең – Сарыарқаның солтүстік-шығысындағы шоқылы тау. Шығыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан.
Дегерес орамы
Бұрынғы атауы - №1 қысқа көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (сол жақ). Дегерес орамы Ақарыс көшесінен басталып, Бурабай көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 460,7 м.
Дегерес – Іле Алатауының батысындағы үстіртті тау. Алматы облысының Жамбыл ауданының жерінде орналасқан.
Елек орамы
Бұрынғы атауы – Орский қысқа көшесі. Елек орамы Кеншілер көшесінен басталады. Ұзындығы – 203,8 м.
Елек – Жайық алабындағы өзен. Ресейдің Орынбор, Қазақстанның Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстары жерімен ағып өтеді.
Есіл қысқа көшесі
Есіл қысқа көшесі Астрахан қысқа көшесінен басталып, Ж.Тәшенов көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 256,4 м.
Есіл – Ертіс өзенінің сол жақ саласы. Қазақстанның Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары және Ресейдің Түмен, Омбы облыстары жерінен өтетін өзен.
Ж.Төлеубаев қысқа көшесі
Ж.Төлеубаев қысқа көшесі А.Герцен көшесінен басталып, Тамшалы көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 345 м.
Жақан Төлеубаев (1898-1978) – мал өсіруші, Социалистік Еңбек Ері.
Жазық орамы
Бұрынғы атауы – Лесозаводской қысқа көшесі. Жазық орамы Гүлдала орамынан басталып, Өндіріс көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 1037,5 м.
Жазық – тауы, қыраты, белі жоқ, көкжиегіне көз жетпес мекиен дала. Құрлықтағы және мұхит пен теңіз түбіндегі әр түрлі биіктіктер мен тереңдіктерде кездеседі. Қазақстандағы ірі жазықтар: Ертіс, Есіл, Тобыл, Тұран.
Жайдарман орамы
Бұрынғы атауы - №24 қысқа көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Жайдарман орамы Балбырауын көшесінен басталып, Балқантау көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 241,1 м.
Жайдарман – кісіге байланысты айтылады. Ақкөңіл, жарқын жүзді, жайдары дегенді білдіреді.
Жалаулы орамы
Бұрынғы атауы – Н.Крупская қысқа көшесі. Жалаулы орамы Тамшалы көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 171,2 м.
Жалаулы – Сілеті және Қарасу өзендерінің тұйық алабындағы көл. Павлодар облысының Ақтоғай ауданы жерінде орналасқан.
Жаңаөзен орамы
Бұрынғы атауы - №19 қысқа көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Жаңаөзен орамы Аршын көшесінен басталып, Керуен орамында аяқталады. Ұзындығы – 167,7 м.
Жаңаөзен – Маңғыстау облысындағы қала.
Жаркөл қысқа көшесі
Бұрынғы атауы - №9 қысқа көше. «Көктал» тұрғын алабы. Жаркөл қысқа көшесі Жаңақоныс көшесінен басталып, Бидайық қысқа көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 243,4 м.
Жаркөл – көл атауы. Осы аттас елімізде бірнеше көл аттары кездеседі.
Жарсуат орамы
Бұрынғы атауы – Локомотивный қысқа көшесі. Жарсуат орамы Фахд бен Абдулл Азиз көшесінен басталып, М.Жәлел көшесінде аяқталады. Шақпақ көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 597,7 м.
Жарсуат – Ақмола облысындағы Қорғалжын көлінің оңтүстігінде жатқан тұйық көл. Ауданы – 13,3 шаршы шақырым. Сондай-ақ осы аттас елді мекен аттары кездеседі.
Жезкиік орамы
Бұрынғы атауы – П.Боровский қысқа көшесі. Жезкиік орамы Ақкөл қысқа көшесінен басталып, Өзен көшесінде аяқталады. Қызылжар орамымен қиылысады. Ұзындығы – 302,3 м.
Жезкиік – киікті түр-түсіне байланысты образдап айту.
Железнодорожный қысқа көшесі
Железнодорожный қысқа көшесі Колхозный көшесінен басталып, Шымкент қысқа көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 202,9 м.
Железнодорожный (теміржол) – локомотивтер мен вагондардан тұратын теміржол көлігінің жүруіне арналған теміржол.
Жетісай орамы
Бұрынғы атауы – Ю.Малахов қысқа көшесі. Жетісай қысқа көшесі Ю.Малахов көшесінен басталады. Ұзындығы – 949 м.
Жетісай – Оңтүстік Қазақстан облысындағы қала.
Жұмбақтас қысқа көшесі
Бұрынғы атауы - №2 қысқа көше. «Көктал» тұрғын алабы. Жұмбақтас қысқа көшесі Жаңақоныс көшесінен басталады. Ұзындығы – 599 м.
Жұмбақтас – Ақмола облысы, Бурабай курортындағы көлдің ортасына орналасқан арал тас. Жұмбақтас аталу себебі көлдің әр жағынан қарағанда тас түрлі кейіпке еніп, қызға, кемпірге, қолтырауынға, т.б. ұқсайтын болғандықтан атаған.
Жігер орамы
Бұрынғы атауы – Юбилейный қысқа көшесі. Жігер орамы Г.Игищев көшесінен басталып, Шарбақты көшесінде аяқталады. Бастөбе көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 227,2 м.
Жігер – адамның ұнамды ерік сапаларының бірі. «Қажыр-қайрат, күш-қуат» деген мағынаны білдіреді.
З.Катченко қысқа көшесі
З.Катченко қысқа көшесі Бекетай көшесінен басталады. Ұзындығы – 109,4 м.
Загородный қысқа көшесі
Загородный қысқа көшесі Жамбыл көшесінен басталып, С.Разин №1 қысқа көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 159 м.
Загородный – қала сыртындағы дегенді білдіреді.
И.Крылов қысқа көшесі
И.Крылов қысқа көшесі Сусамыр көшесінен басталып, Шиелі көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 166,7 м.
Иван Андреевич Крылов (1769-1844) – орыс ақыны, мысалшы.
И.Кулибин қысқа көшесі
И.Кулибин қысқа көшесі А.Иманов көшесінен басталып, П.Морозов қысқа көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 198 м.
Иван Петрович Кулибин (1735-1818) – Ресейдің өздігінен білім алған механигі. Оптикалық құралдар үшін әйнекті өңдеу тәсілдерін жетілдірген.
Изобильный қысқа көшесі
Изобильный қысқа көшесі Кенесары көшесінен басталып, У.Громова көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 312,1 м.
Изобильный – «көл-көсір» дегенді білдіреді. Қазақстанда осы аттас елді мекендер кездеседі.
К.Байсейітова қысқа көшесі
К.Байсейітова қысқа көшесі Д.Карбышев көшесінен басталып, Оқжетпес көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 595,4 м.
Күләш Байсейітова (1912-1957) – аса көрнекті қазақ әншісі, қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, КСРО халық әртісі. Қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі. Брусиловскийдің «Жалбырындағы» Хадиша, «Ер Тарғындағы» Ақжүніс, М.Төлебаевтың «Біржан – Сарасындағы» Сара бейнелерін сомдаған К.Байсейітова өз шығармашылығында шеберліктің шырқау шыңына көтерілді.
К.Циолковский қысқа көшесі
К.Циолковский қысқа көшесі Минский қысқа көшесінен басталып, Севастополь қысқа көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 763 м.
Константин Эдуардович Циолковский (1857-1935) – осы заманғы космонавтика мен ракеталық техниканың негізін қалаған кеңес ғалымы.
Кәусар орамы
Бұрынғы атауы - №23 қысқа көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Кәусар орамы Балбырауын көшесінен басталып, Балқантау көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 241,1 м.
Кәусар (араб. «көп», «мол», «үлкен», «көлемді») – «таза, тәтті, мөлдір» ұғымдарын білдіретін бейнелі сөз. Діни мағынасында – жаннаттағы қасиетті су. Құранда 3 аяттан тұратын Кәусар сүресі бар.
Келес орамы
Бұрынғы атауы - №31 қысқа көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Келес орамы Қалба көшесінен басталып, Ақыртас көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 323,5 м.
Келес – Сырдария алабындағы өзен. Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш, Қазығұрт, Шардара аудандары арқылы ағып өтеді.
Келешек қысқа көшесі
Бұрынғы атауы - №5 қысқа көше. «Көктал» тұрғын алабы. Келешек қысқа көшесі Жаңақоныс көшесінен басталады. Ұзындығы – 277,5 м.
Келешек – «болашақ» сөзінің синонимі. Келер күн, ертеңгі өмір, алдағы уақыт дегенді береді.
Кемел орамы
Бұрынғы атауы - №20 қысқа көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Кемел орамы Обаған көшесінен басталып, Зеренді көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 220,7 м.
«Кемел адам» (араб. «инсан-и камил» - толық адам) – ақыл-ойы толысқан кісі. Діни ілімде кемел адам – кісілікке жат қылықтардан әбден арылып, тазарған, ішкі жан-дүниесі ағарып, рухани қасиеті артқан, мүлтіксіздіктің қалыбы мен негізіне мейлінше жақындаған асыл адам.
Кербұлақ орамы
Бұрынғы атауы – Широкий қысқа көшесі. Кербұлақ орамы Шардара көшесінен басталады. Ұзындығы – 303,1 м.
Кербұлақ – бұлақ аты. Негізінен суы тартылып бара жатқан, арналары ойдым-ойдым бұлақтарды айтады. Елімізде осы аттас елді мекендер бар.
Керуен орамы
Бұрынғы атауы - №18 қысқа көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Керуен орамы Балқантау көшесінен басталып, Таскескен көшесінде аяқталады. Жаңаөзен орамымен қиылысады. Ұзындығы – 199,9 м.
Керуен – көліктерге жүк артып, ұзақ жолға сапар шеккен жолаушылар тізбегі. Қазақ халқы басқа да көшпелі халықтар сияқты жолсыз, сусыз, иен далада жүк тасуға, көбінесе, түйе керуенін пайдаланған.
Киев қысқа көшесі
Киев қысқа көшесі Г.Чичерин қысқа көшесінен басталып, Мырзашөл қысқа көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 160,9 м.
Киев – Украина Республикасының астанасы.
Көкорай орамы
Бұрынғы атауы - №29 қысқа көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Көкорай орамы Талғар көшесінен басталып, Обаған көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 312,1 м.
Көкорай деп жайқалған көк шөпті, шалғынды, жазиралы жерді айтады.
Көкпар орамы
Бұрынғы атауы - №26 қысқа көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Көкпар орамы Талғар көшесінен басталып, Обаған көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 312,1 м.
Көкпар – бауыздаған ту серке не ешкіні, екі жікке бөлініп, ат үстінде тартысатын ұлттық ойын.
Көктомар орамы
Бұрынғы атауы – Арматурный қысқа көшесі. Көктомар орамы Н.Гоголь көшесінен басталып, Құрманғазы көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 561,3 м.
Көктомар – Сасықкөл көлінің батысында, Целиноград ауданында орналасқан тоған.
Көктөбе қысқа көшесі
Бұрынғы атауы - №4 қысқа көше. «Көктал» тұрғын алабы. Көктөбе қысқа көшесі Жаңақоныс көшесінен басталады. Ұзындығы – 433,1 м.
Көктөбе – төбе аты. Көк сөзі «заңғар биік» немесе «аспан» мағынасына сай келеді. Кейде Көктөбе деп төбенің түсіне де қарап айта берген. «Көк майсалы төбе» деген мағынаны білдіреді. Осы аттас елімізде бірнеше елді мекендер бар.
Көкшетау орамы
Көкшетау орамы Ақбидай көшесінен басталып, А.Матросов көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 211,4 м.
Көкшетау – Сарыарқаның солтүстігінде, Көкшетау қыратының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан орманды, көлді тау. Ең биік жері – Көкше шоқысы (947 м). Сондай-ақ Көкшетау қаласы бар.
Күлтегін орамы
Бұрынғы атауы – Сенной қысқа көшесі. Күлтегін орамы И.Панфилов көшесінен басталып, Ш.Жиенқұлова көшесінде аяқталады. М.Лермонтов, Сырдария, Ә.Әлімжанов көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 947 м.
Күлтегін (684-731) – Қапаған және Білге қаған дәуіріндегі түркі мемлекетінің көрнекті әскери қолбасшысы, Құтлұғ қағанның кенже баласы. Күлтегін түркі мемлекетін нығайту мақсатымен бірнеше рет жорыққа шығып, өзін қабілетті қолбасшы ретінде танытты.
Күлтөбе орамы
Бұрынғы атауы – Районный қысқа көшесі. Күлтөбе орамы Абай даңғылынан басталып, Л.Толстой көшесінде аяқталады. Ж.Омаров, С.Сейфуллин көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 619,1 м.
Күлтөбе – ортағасырлық бекініс орны. Қазақстанда Күлтөбе атты төбелер көп кездеседі Кейбірінде археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген.
Күршім орамы
Күршім орамы «Көктал» тұрғын алабында орналасқан. Ұзындығы – 717,9 м.
Күршім – Ертіс алабындағы өзен. Шығыс Қазақстан облысында Күршім атты аудан бар.
Қайрақты орамы
Бұрынғы атауы – Карьерный қысқа көшесі. Қайрақты орамы Арқарлы көшесінен басталып, Аққайың орамында аяқталады. Ұзындығы – 103,2 м.
Қайрақты – Есіл алабындағы өзен. Ақмола облысының Атбасар, Жақсы аудандары жерімен ағып өтеді.
Қалқаман-Мамыр орамы
Бұрынғы атауы - №175 қысқа көше. «Комсомольский» тұрғын алабы. Қалқаман-Мамыр орамы Баян сұлу көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 314,4 м.
«Қалқаман-Мамыр» – 1722 жылы болған оқиғаға байланысты шығарылған дастан. Авторы – Шәкәрім Құдайбердіұлы.
Қамқалы орамы
Бұрынғы атауы - №134 қысқа көше. Қамқалы орамы Сарыарқа ауданындағы орам. Ұзындығы – 201,3 м.
Қамқалыдағы «қамқа» сөзі түркілерге иран тілінен ауысқан. Қамқалы атауы «құндызды» сөзіне пара-пар. Зер талшықтары қосылып, тоқылған жібек матаны айтады.
Қарағайлы орамы
Бұрынғы атауы – Вагонный қысқа көшесі. Қарағайлы орамы Үшқоңыр көшесінен басталады. Ұзындығы – 256,4 м.
Қарағайлы деп қарағай көп өскен, қарағайы қалың жерді айтады. Еліміздің бірқатар жерлерінде осы аттас ауыл аттары кездеседі.
Қараой орамы
Бұрынғы атауы – Электровозный қысқа көшесі. Қараой орамы Қашаған көшесінен басталып, Сүмбе орамында аяқталады. Ұзындығы – 174,4 м.
Қараой – Алматы облысы Балқаш ауданындағы елді мекен. Қараой ауылы арқылы Нарын өзені өтеді.
Қарқара орамы
Бұрынғы атауы – Молодежный қысқа көшесі. Қарқара орамы Ұлан орамынан басталады. Ұзындығы – 121,6 м.
Қарқара – Іле алабындағы өзен. Алматы облысының Райымбек ауданының жерімен ағады.
Қарталы қысқа көшесі
Қарталы қысқа көшесі Қарталы көшесінен басталады. Ұзындығы – 188,3 м.
Қарталы – басы оңтүстiк Оралдың шығыс етегiнен басталып, Қазақстандағы Әйет өзенiне құяды.
Қатаркөл орамы
Бұрынғы атауы – М.Кольцов қысқа көшесі. Қатаркөл орамы Қ.Кемеңгерұлы көшесінен басталып, Ақкөл қысқа көшесінде аяқталады. Қатаркөл орамы Шиелі, Сусамыр көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 538,1 м.
Қатаркөл – көл атауы. Қатар жатқан көлдерді осылай атаған. Ақмола облысы, Бурабай курортында Қатаркөл атты көл және елді мекен бар.
Қобда орамы
Бұрынғы атауы – Энергетиктер қысқа көшесі. Қобда орамы Абылай хан даңғылынан басталады. Ұзындығы – 629,4 м.
Қобда – Елек алабындағы өзен.
Қорған орамы
Бұрынғы атауы - №177 қысқа көше. «Комсомольский» тұрғын алабы. Қорған орамы Қыз Жібек көшесінен басталады. Ұзындығы – 301,2 м.
Қорған – жау шабуылынан қорғану үшін жасалған қамал, бекініс. Елімізде осы аттас елді мекендер көздеседі.
Қостанай орамы
Қостанай орамы Өндіріс көшесінен басталып, Бектау көшесінде аяқталады. А.Матросов көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 433,1 м.
Қостанай – облыс және қала атауы. Қостанай қаласы – Қазақстандағы аса ірі темір, әуе және автомобиль жолдары тораптарының бірі.
Қоянды орамы
Бұрынғы атауы – Андре Марти қысқа көшесі. Қоянды орамы Оқжетпес көшесінен басталып, Ақмая, Ақбастау, Арқат орамдарымен қиылысады. Ұзындығы – 376,1 м.
Қоянды – Сарыарқаның қиыр оңтүстік-батысындағы шоқылы тау.
Құмсуат орамы
Бұрынғы атауы - №140 қысқа көше. Құмсуат орамы Сарыарқа ауданында орналасқан. Ұзындығы – 378,3 м.
Құмсуат – Ақмола облысы Жарқайың ауданындағы елді мекен.
Құрақты қысқа көшесі
Бұрынғы атауы – А.Суворов қысқа көшесі. Құрақты қысқа көшесі Конституция көшесінен басталып, Қырыққыз орамында аяқталады. М.Дулатов, Тайсойған көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 733,6 м.
Құрақты – шалғыны мол, шұрайлы жер атауы. Қазақтар шөбі шүйгін, жасыл жерді «құрақ» деп атаған.
Қызан орамы
Бұрынғы атауы - №6 қысқа көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Қызан орамы Абылай хан даңғылынан басталып, М.Төлебаев көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 401,3 м.
Қызан – Маңғыстау облысындағы жер атауы.
Қызылжар орамы
Бұрынғы атауы – Петропавл қысқа көшесі. Қызылжар орамы Жезкиік орамымен қиылысып, Сусамыр көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 375,2 м.
Қызылжар – Петропавл қаласының бұрынғы аты. «Қызыл» сөзінің мәні жардың топырақ бетінің реңімен байланысты. Еліміздегі көптеген елді мекендердің атауы.
Қызылкөл орамы
Бұрынғы атауы - №8 қысқа көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Қызылкөл орамы Абылай хан даңғылынан басталып, М.Төлебаев көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 387,8 м.
Қызылкөл – Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданындағы тұзды көл.
Қызылқұм орамы
Бұрынғы атауы - №28 қысқа көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Қызылқұм орамы Обаған көшесінен басталып, Жанкент көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 303,4 м.
Қызылқұм – Әмудария мен Сырдария аралығындағы құмды алқап.
Қыранқия орамы
Бұрынғы атауы – Вячеславский қысқа көшесі. Қыранқия орамы В.Вишневский көшесінен басталып, Вячеславский көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 251,1 м.
Қыранқия – Талдықорған өңіріндегі таудың аты.
Қырат орамы
Бұрынғы атауы – Турбинный қысқа көшесі. Қырат орамы А.Чехов көшесінен басталады. Ұзындығы – 45 м.
Қырат – жер бетінің төңірегімен салыстырғандағы көтеріңкі бөлігі. Қыраттың биіктігі – 200 м немесе одан да жоғары болады. Қазақстанда Көкшетау, Мұзбел, т.б. көптеген ірі қыраттар бар.
Қырыққыз орамы
Бұрынғы атауы – С.Чернов қысқа көшесі. Қырыққыз орамы Ақан сері көшесінен басталып, Қарталы көшесінде аяқталады. А.Суворов, Құрақты қысқа көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 321,7 м.
«Қырыққыз» – қарақалпақ халқының батырлық эпосы.
Л.Толстой қысқа көшесі
Л.Толстой қысқа көшесі Күлтөбе орамынан басталып, Ә.Сембинов көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 488,8 м.
Лев Николаевич Толстой (1828-1910) – орыстың ұлы жазушысы.
Ләйлі-Мәжнүн орамы
Бұрынғы атауы - №169 қысқа көше. «Комсомольский» тұрғын алабы. Ләйлі-Мәжнүн орамы ақын Сара көшесінен басталып, Тұмар ханым көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 334,5 м.
«Ләйлі-Мәжнүн» – шығыс халықтарында кең тараған ғашықтық дастан.
Ленинград қысқа көшесі
Ленинград қысқа көшесі Г.Чичерин қысқа көшесінен басталып, Мырзашөл орамында аяқталады. Ұзындығы – 160,1 м.
Ленинград – Ленинград қаласының (қазіргі Санкт-Петербург) атауына байланысты қойылған.
М.Дубинин қысқа көшесі
М.Дубинин қысқа көшесі А.Жұбанов көшесінен басталып, А.Янушкевич көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 241,3 м.
Михаил Михаилович Дубинин (1900-1993) – Ресей Ғылым Академиясының академигі. Социалистік Еңбек Ері.
М.Ломоносов қысқа көшесі
М.Ломоносов қысқа көшесі А.Иманов көшесінен басталып, П.Морозов қысқа көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 199,3 м.
Майбалық орамы
Бұрынғы атауы – Зеленый қысқа көшесі. Майбалық орамы Көксай көшесінен басталады. Ұзындығы – 352,3 м.
Майбалық – теңізде тіршілік ететін балықтың бір түрі. Осы аттас көл мен елді мекен атауы бар.
Достарыңызбен бөлісу: |