Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының тапсырысы бойынша «Руханият» орталығы дайындаған Астана қаласы ономастика комиссиясы мақұлдаған



бет4/11
Дата24.02.2016
өлшемі0.79 Mb.
#16605
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Домбыралы көшесі

Бұрынғы атауы – Г.Димитров көшесі. Домбыралы көшесі С.Разин №1 қысқа көшесінен басталып, Ә.Ділманов көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 506,4 м.

Домбыра – қазақ халқының екі шекті музыкалық аспабы. Домбыралы «домбырасы бар» деген мағынаны білдіреді.
Достық көшесі

Бұрынғы атауы – №2 көше (Жаңа әкімшілік орталық). Достық көшесі Орынбор көшесінен басталып, Тұран даңғылында аяқталады. Қабанбай батыр даңғылын және Түркістан, Ақмешіт, Сауран көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 2299,5 м.

Достық – дос адамға тән жақындастық, тілеулестік, ниеттестік, жора-жолдастық қарым-қатынас.

Бұл көшеде «Бәйтерек», ҚР Қорғаныс министрлігі, «Нұр-Астана» орталық мешіті орналасқан.

Дулыға көшесі

Бұрынғы атауы – Металлистер көшесі. Дулыға көшесі Нагорный көшесінен басталып, Ноғайлы көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 931,7 м.

Дулығасарбаздардың ұрысқа кірерде бастарына киетін темір қалпағы. Түркі жауынгерлері дулығасының екі жағы мен артқы етегіне темір тор тағынатын болған.
ДЭУ-3 көшесі

ДЭУ-3 көшесі С.Қожанұлы көшесінен басталып, Лесной көшесінде аяқталады. Тұран даңғылын қиып өтеді. Ұзындығы – 526,6 м.



Е.Брусиловский көшесі

Е.Брусиловский көшесі Жәнібек тархан көшесінен басталып, Абай даңғылын және А.Иманов, Кенесары көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 1751,9 м.

Евгений Григорьевич Брусиловский (1905-1981) − композитор, Қазақстанның халық әртісі. ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
Е.Тайбеков көшесі

Е.Тайбеков көшесі Құлынды көшесінен басталып, Сарайшық көшесінде аяқталады. Атасу, Р.Қошқарбаев, Ә.Ермеков, Қарашаш көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1331,7 м.

Елубай Тайбеков (1901-1996) – мемлекет және қоғам қайраткері.
Еділ көшесі

Бұрынғы атауы – №19 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (сол жақ). Еділ көшесі Абылай хан даңғылынан басталып, Қаратау көшесінде аяқталады. Хантау көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 647 м.

Еділ – Еуропадағы ең ұзын өзен. Ұзындығы – 3530 шақырым.

Екібастұз көшесі

Бұрынғы атауы – Советский көшесі. «Железнодорожный» тұрғын алабы. Екібастұз көшесі Ж.Жабаев көшесінен басталып, В.Маяковский көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 1385,4 м.

Екібастұз – Павлодар облысындағы қала.
Енесай көшесі

Бұрынғы атауы – №130 көше. Енесай көшесі Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабындағы (оң жақ) көше. Ұзындығы – 416 м.

Енесай – жер шарындағы аса ірі өзендердің бірі.
Еңбекшілер көшесі

Бұрынғы атауы – Трудовой көшесі. «Заречное» тұрғын алабы. Еңбекшілер көшесі Жиделі, Үшкөпір көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1181,7 м.

Еңбекшілер – «еңбексүйгіш, еңбекқор, бейнетқор» деген мағынаны білдіреді.
Еңлік-Кебек көшесі

Бұрынғы атауы – Садовый көшесі. «Көктал» тұрғын алабы. Еңлік-Кебек көшесі Болашақ көшесінен басталады. Ұзындығы – 1188,8 м.

«Еңлік – Кебек» - екі жастың махаббатын жыр ететін, XVIII ғасырдан бастап кең тараған дастанның бірі.

Ер Көкше көшесі

Бұрынғы атауы – №22 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Ер Көкше көшесі Арқайым көшесінен басталып, Бурабай көшесінде аяқталады. Жаңаарқа көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 580 м.

«Ер Көкше» – тарихи жыр. Бұл дастанның бірнеше нұсқасы бар.
Ер Қосай көшесі

Бұрынғы атауы – №21 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Ер Қосай көшесі Арқайым көшесінен басталып, Жалаңтөс көшесінде аяқталады. Жаңаарқа, Бурабай көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 721,7 м.

«Ер Қосай» – тарихта болған кісі есімі. Ол Ер Көкше батырдың баласы. «Ер Қосай» туралы жырдың сюжетіне, көбінесе, қиял-ғажайып сипаттар араласып отырғанымен, тарихта болған оқиғаларды қамтиды. Жырдың бірнеше нұсқасы бар.
Ер Тарғын көшесі

Бұрынғы атауы – №20 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Ер Тарғын көшесі Арқайым көшесінен басталып, Жалаңтөс көшесінде аяқталады. Жаңаарқа, Бурабай көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 721,8 м.

«Ер Тарғын» – Ноғайлы заманының батыры, қазақ-ноғай халықтарының арасына кең тараған «Ер Тарғын» жырының басты кейіпкері. Ноғайлы дәуірінің тарихи оқиғаларын бейнелейтін жырдың негізгі идеясы – ерлік пен батырлықты дәріптеу, ел бірлігін сақтау.

Ерейментау көшесі

Бұрынғы атауы – №36-9 көшесі. «Қараөткел» шағын ауданы. Ерейментау көшесі Тұран даңғылынан басталады. Ұзындығы – 402,9 м.

Ерейментау – Сарыарқаның солтүстігіндегі таулы алқап. Ақмола және Қарағанды облыстары аумағында орналасқан.
Еренқабырға көшесі

Бұрынғы атауы – Милосердие көшесі. Еренқабырға көшесі «Железнодорожный» тұрғын алабында орналасқан. Ұзындығы – 345,3 м.


Ертіс көшесі

Бұрынғы атауы – №11 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (сол жақ). Ертіс көшесі Хантау, Қаратау, Қозыбасы көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1127,1 м.

Ертіс – Солтүстік Мұзды мұхит алабында жатқан өзен. Қазақстан жерінде Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының жерімен ағады.
Есіл көшесі

Бұрынғы атауы – №13 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (сол жақ). Есіл көшесі Абылай хан даңғылынан басталып, Хантау, Қаратау, Қозыбасы көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1232,5 м.

Есіл – Ертіс өзенінің сол жақ саласы. Қазақстанның Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары және Ресейдің Түмен, Омбы облыстары жерінен өтеді.
Ж.Аймауытов көшесі

Ж.Аймауытов көшесі С.Сейфуллин көшесінен басталып, Ы.Дүкенұлы көшесінде аяқталады. Қарағанды, Ә.Жангелдин, И.Панфилов көшелерімен, Бөгенбай батыр даңғылын қиып өтеді. Ұзындығы – 1100,9 м.

Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931) – жазушы, драматург, аудармашы, зерттеуші, публицист. «Қартқожа», «Ақбілек» романдары мен «Күнікейдің жазығы» повесі, «Шернияз», «Ел қорғаны», «Мансапқорлар» пьесаларының авторы.
Ж.Досмұхамедұлы көшесі

Бұрынғы атауы – Литейный көшесі. Ж.Досмұхамедұлы көшесі Ақжол көшесінен басталып, Жетіген көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 1501 м.

Жаһанша Досмұхамедұлы (1886-1932) – Алаш қозғалысының қайраткері, заңгер. Ресейдегі Ақпан төңкерісінен (1917 жыл, ақпан) кейін болған қоғамдық-саяси өзгерістер кезінде облыстық жалпы-қазақ сиездерін өткізуге белсене араласты. Орал облысы қазақ комитетінің төрағасы болды. 1917 жылы мамырда Мәскеуде өткен Бүкілресейлік мұсылмандар сиезіне қатысып, Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесі төрағасының орынбасары болып сайланды.
Ж.Жабаев көшесі

Ж.Жабаев көшесі «Железнодорожный» тұрғын алабындағы көше. Қарағанды-Астана трассасынан басталып, Ақмешіт, Иманақ, Екібастұз, Керегетас көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 3973 м.

Жамбыл Жабаев (1846-1945) – ұлы ақын, жыршы. Жамбылдың Жаныс, Айкүміс, Сара, Сарбас, Құлмамбет, Доспамбет, Шашубаймен айтысқан айтыстары қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылды.

Жамбыл көшесі

Жамбыл көшесі Бөгенбай батыр, Сарыарқа даңғылдарымен қиылысады. Ұзындығы – 3433 м.



Ж.Жирентаев көшесі

Ж.Жирентаев көшесі Қажымұқан көшесінен басталады. Ұзындығы – 850,5 м.

Жанайдар Жирентаев (1994 жылы қайтыс болған) – интернационалист-жауынгер, полиция лейтенанты. 1994 жылдың ақпан айында қылмысты топқа қарсы қызметтік міндетін өтеу үстінде қаза тапқан.

Ж.Нәжімеденов көшесі

Бұрынғы атауы – №23-11 желекжолы. Ж.Нәжімеденов көшесі жаңа әкімшілік орталықта орналасқан. Ұзындығы – 5524,9 м.

Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденов (1935-1983) – көрнекті ақын. Тұңғыш кітабы «Балауса» деген атпен 1961 жылы жарық көрді. «Жоқ, ұмытуға болмайды!» поэмалар жинағы үшін 1967 жылы Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығын алды. Өлеңдерінің көбі белгілі бір сюжетке құрылған. Нәжімеденовтің «Келін», «Көзсіз батыр», «Қанды сүт», «Соңғы махаббат» поэмалары, «Кішкентай», «Ақ шағыл» романдары бар. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны авторларының бірі.
Ж.Омаров көшесі

Ж.Омаров көшесі Бейбітшілік көшесімен қиылысып, М.Әуезов көшесіне дейін және С.Торайғыров көшесінен қайта басталып, Ш.Айманов, Ш.Уәлиханов, Тараз, Асанқайғы, Сырдария, Ә.Әлімжанов көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 2392,3 м.

Жақып Омаров (1939-1996) – режиссер, актер, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері.

Бұл көшеде Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық драма театры орналасқан.
Ж.Тәшенов көшесі

Ж.Тәшенов көшесі А.Бараев көшесінен басталып, Манас даңғылында аяқталады. А.Тоқпанов көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 2617 м.

Жұмабек Тәшенов (1915-1986) – мемлекет және қоғам қайраткері. Ұзақ жылдар жауапты партиялық қызметтерде болды. ҚазССР Жоғарғы Советі Президиумының, Министрлер Советінің төрағасы қызметін атқарды.

Бұл көшеде «Алатау» спорт сарайы, «Алматы» мейрамханасы орналасқан.
Ж.Шанин көшесі

Бұрынғы атауы – Молодежный көшесі. Ж.Шанин көшесі Р.Зорге көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 183,7 м.

Жұмат Шанин (1892-1938) – қазақтың тұңғыш режиссері, актёр, драматург, театр және қоғам қайраткері, ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін салушылардың бірі. Қазақ АКСР-нің халық әртісі. Ол - «Жанды сурет», «Айдарбек», «Үш сурет», «Қара құлып», «Шахта», «Арқалық батыр», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», т.б. пьесалардың авторы.
Ж.Шәрденов көшесі

Ж.Шәрденов көшесі Ә.Ермеков көшесінен басталып, Құлагер көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 247,6 м.

Жаңатай Шәрденов (1927-1992) – кескіндемеші, Қазақстанның халық суретшісі.
Жағажай көшесі

Бұрынғы атауы – Набережный көшесі. «Интернациональный» тұрғын алабы. Жағажай көшесі Көлсай көшесінен басталып, Көксай көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 2275 м.

Жағажай − өзен, көл, теңіз жағасындағы құмды алаң.

Жайсаң көшесі

Бұрынғы атауы – Октябрьский көшесі. Жайсаң көшесі Аңырақай көшесінен басталады. Ұзындығы – 312,5 м.

Жайсаң – «жайдары жүзді, мейірімді, шапағатты» деген мағынаны білдіреді.


Жайық көшесі

Бұрынғы атауы – №10 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (сол жақ). Жайық көшесі Абылай хан даңғылынан басталып, Қаратау көшесінде аяқталады. Хантау көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 651,5 м.

Жайық – Каспий алабындағы өзен. Оңтүстік Орал тауынан басталып, Атырау қаласы тұсында Каспий теңізіне құяды.
Жалаңтөс көшесі

Бұрынғы атауы – №23 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Жалаңтөс көшесі М.Төлебаев көшесінен басталып, Абылай хан даңғылында аяқталады. Ер Қосай, Ер Тарғын көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 415 м.

Жалаңтөс баһадүр Сейітқұлұлы (1576-1656) − мемлекет қайраткері, батыр, қолбасшы, би. Әйтеке бидің үлкен атасы.

Жалын көшесі

Бұрынғы атауы – Ф.Ушаков көшесі. Жалын көшесі Қарасай батыр көшесінен басталып, Оқжетпес көшесінде аяқталады. Қазығұрт, М.Дулатов, Тайсойған көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1370 м.

Жалын«от, алау» деген мағынаны береді.
Жанарыс көшесі

Бұрынғы атауы – №7 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Жанарыс көшесі Сілеті көшесінен басталып, Қозыбасы көшесінде аяқталады. Хантау, Қаратау көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 811,3 м.

Жанарыс – Орта жүздің атасы. Жанарыстан (Орта жүз) арғын, найман, керей, уақ, қоңырат, қыпшақ тарайды.

Жанкент көшесі

Бұрынғы атауы – №42 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (сол жақ). Жанкент көшесі Қарқабат көшесінен басталып, М.Төлебаев көшесінде аяқталады. Құндызды, Талғар, Обаған, Аршын, Зеренді, Қоңыраулы, Қордай, Кеген, Ошақты, Сырымбет, Бағаналы, М.Жұмабаев даңғылы, Сарқан, т.б. көптеген көшелермен қиылысады. Ұзындығы – 3057,8 м.

Жанкент – орта ғасырлардан сақталған көне қала орны. Сырдарияның Арал теңізіне құяр тұсында орналасқан.
Жаңаарқа көшесі

Бұрынғы атауы – №25 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Жаңаарқа көшесі Дауылпаз көшесінен басталып, Балталы көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 447,4 м.

Жаңаарқа – Қарағанды облысындағы аудан. Орталығы – Атасу кенті.

Жаңажол көшесі

Бұрынғы атауы – Дорожный көшесі. Жаңажол көшесі Н.Гоголь көшесінен басталып, А.Чехов, Ақжол көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1737,3 м.

Жаңажол – «бұрын болмаған, енді салынған жол» деген мағынаны білдіреді. Осы аттас елді мекен атаулары бар.
Жаңақоныс көшесі

«Көктал» тұрғын алабы. Жаңақоныс көшесі Н.Тілендиев қысқа көшесінен басталып, Д.Бабатайұлы көшесінде аяқталады. Байқоңыр көшесін және Нұра, Жұмбақтас, Шымбұлақ, Көктөбе, Береке, Талас, Тайтөбе, Жаркөл қысқа көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 1469 м.

Жаңақоныс – «қоныс, мекен, тұрғылықты жер» деген мағынада қолданылады. Халық енді көшіп келіп, орналасқан мекенді осылайша атайды. Осы аттас елді мекен атаулары бар.
Жаңатұрмыс көшесі

Бұрынғы атауы – Бөгенбай көшесі. «Күйгенжар» тұрғын алабы. Жаңатұрмыс көшесі Атақоныс, Шапағат көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1113,9 м.

Жаңатұрмыс – қоғамның, тұрмыстың жаңарған кезінде туған атау. Қазақстанның бірнеше облыстарында осы аттас елді мекендер кездеседі.
Жаркент көшесі

Бұрынғы атауы – №8 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (сол жақ). Жаркент көшесі Хантау көшесінен басталып, Қозыбасы көшесінде аяқталады. Қаратау көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 698,6 м.

Жаркент – қала, Алматы облысы Панфилов ауданының орталығы.
Жарқайың көшесі

Бұрынғы атауы – №21 көше. «Көктал» тұрғын алабы. Жарқайың көшесі Зайсан көшесінен басталып, Шаңтөбе көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 438,2 м.


Жасыл көшесі

Бұрынғы атауы – 5-Кирпичный завод көшесі. Жасыл көшесі Ойыл, Айнатас көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 172 м.

Жасыл – заттың түсіне байланысты қолданылатын сөз.
Жәнібек тархан көшесі

Жәнібек тархан көшесі Республика даңғылынан басталып, А.Пушкин көшесінде аяқталады. М.Ғабдуллин, М.Мәметова, Ш.Иманбаева, Р.Қошқарбаев, Ш.Уәлиханов, Тараз, Асанқайғы, Б.Бейсекбаев, А.Жұбанов көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 2320,4 м.

Жәнібек тархан Қошқарұлы (1693-1752) – қазақ халқының жоңғар шапқыншыларына қарсы азаттық күресінің қаһарманы. Абылай хан тұсында қол бастап, хан кеңесшілерінің бірі болған.

Бұл көшеде №54 қазақ орта мектебі орналасқан.


Жезді көшесі

Бұрынғы атауы – №31 көше. «Көктал» тұрғын алабы. Жезді көшесі Ұлытау көшесінен басталып, Қайнар көшесінде аяқталады. Тарбағатай көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 473,6 м.

Жездi – Сарысу алабындағы өзен. Қарағанды облысының Ұлытау ауданы жерінің үстімен ағып өтеді.

Жекебатыр көшесі

Бұрынғы атауы – Зеленая Аллея көшесі. Жекебатыр көшесі Атасу көшесінен басталып, Космонавтар көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 481,8 м.

Жекебатыр – Көкшетау өңірінде орналасқан тау атауы.

Желтоқсан көшесі

Желтоқсан көшесі Шығанақ көшесінен басталып, Мәскеу көшесінде аяқталады. Абай, Бөгенбай батыр даңғылдары мен Т.Рысқұлов, Кенесары, Т.Бигелдинов, С.Сейфуллин, Ә.Жангелдин көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 2360,9 м.

Желтоқсан көтерілісі – 1986 жылы 17-19 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық қимылдары.

Бұл көшеде «Астана» телеканалы орналасқан.

Жерек көшесі

Жерек көшесі Г.Әлиев көшесінен басталып, В.Высоцкий көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 188,1 м.


Жерұйық көшесі

Бұрынғы атауы – Н.Чернышевский көшесі. Жерұйық көшесі А.Герцен көшесінен басталып, Аспара көшесінде аяқталады. Ойжайлау, Әулие ата, Өрнек, Ш.Бөкеев көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 2383,6 м.

Жерұйық – жайлы қоныс, бейбіт мекен. Жерұйық – қазақ ауыз әдебиетінде Асанқайғы атына байланысты аңызда айтылатын жер аты.

Жетіген көшесі

Бұрынғы атауы – 2-Угольный көшесі. Жетіген көшесі А.Пушкин көшесінен басталып, Өндіріс көшесінде аяқталады. Анар, Ж.Досмұхамедұлы көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 2490,2 м.

Жетіген – қазақ халқының көп ішекті шертпелі аспабы. Жетіген жасалуы да, ойналу әдіс-тәсілі де өте күрделі аспап. Қазақстанда Жетіген атауымен елді мекендер кездеседі.

Жетісу көшесі

Бұрынғы атауы – Набережный көшесі. «Көктал» тұрғын алабы. Жетісу көшесі Болашақ көшесінен басталады. Ұзындығы – 414,7 м.

Жетісу – тарихи-географиялық аймақ. Солтүстікте Балқаш, солтүстік-шығысында Сасықкөл мен Алакөл, шығыста Жетісу (Жоңғар) Алатауы, оңтүстік және оңтүстік-батысында Солтүстік Тянь-Шань жоталарымен шектеседі.

Жидебай көшесі

Бұрынғы атауы – А.Стаханов көшесі. Жидебай көшесі М.Дулатов көшесінен басталып, Қазығұрт көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 303,9 м.

Жидебай – ауыл. Шығыс Қазақстан облысындағы Қарауыл аулынан солтүстікке қарай 18 шақырым жерде, Абай ауданында орналасқан. Кісі есімінен қойылған атау. Мұнда Абайдың мұражайы бар.
Жиделі көшесі

Бұрынғы атауы – 9-май көшесі. «Заречное» тұрғын алабы. Жиделі көшесі Еңбекшілер көшесінен басталып, Үшкөпір көшесінде аяқталады. Қаратөбе, Ақниет, Ақселеу көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 953,3 м.

Жиделі – жидесі бар, жидесі мол жер.
Жолымбет көшесі

Жолымбет көшесі Шет көшесінен басталып, Өндіріс көшесінде аяқталады. А.Чехов, Бестөбе көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 889 м.

Жолымбет – Ақмола облысының Шортанды ауданындағы кент.
Жосалы көшесі

Бұрынғы атауы – В.Рагузов көшесі. Жосалы көшесі М.Дулатов көшесінен басталады. Ұзындығы – 331,7 м.

Жосалы − Қызылорда облысындағы Қармақшы ауданының орталығы.

Жұбан ана көшесі

Бұрынғы атауы – №118 көше. «Комсомольский» тұрғын алабы. Жұбан ана көшесі ақын Сара көшесінен басталып, Тұмар ханым көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 303,3 м.

Жұбан ананың ескерткіші қазіргі Қарағанды облысының Жаңарқа ауданында орналасқан. Бұл – XI ғасырда ірге көтерген архитектуралық ескерткіш. Жұбан ана күмбезі республикалық маңызы бар тарихи және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген.
Жылыой көшесі

Бұрынғы атауы – №36-1 көшесі. Жылыой көшесі Арна, Имантау, Атырау көшелерімен, Манкент орамын қиып өтеді. Ұзындығы – 609,4 м.

Жылыой – Атырау облысының шығысында орналасқан аудан. Орталығы – Құлсары қаласы.

Зайсан көшесі

Бұрынғы атауы – №16 көше. «Көктал» тұрғын алабы. Зайсан көшесі Арқалық көшесінен басталып, Ұлытау көшесінде аяқталады. Ақмола, Наурыз, Ақсу, Жарқайың, Ақсуат көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 780,3 м.

Зайсан – Оңтүстік Алтайдағы көл. Шығыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан.

Западный көшесі

Западный көшесі Шығанақ көшесінен басталып, Ә.Жанбосынов көшесінде аяқталады. Н.Ирченко көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 212,7 м.

Западный – «батыс» деген мағынаны және ол елдің немесе елді мекеннің орналасу бағытын көрсетеді.
Зеңгір көшесі

Бұрынғы атауы – Спортивный көшесі. Зеңгір көшесі Г.Әлиев көшесінен басталады. Ұзындығы – 123 м.

Зеңгір – «аспанмен таласқан биік, заңғар» дегенді білдіреді.

Зеренді көшесі

Бұрынғы атауы – №48 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Зеренді көшесі Талғар көшесінен басталып, Жанкент көшесінде аяқталады. Обаған, Ақсу-Аюлы көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 616,2 м.

Зеренді – Есіл алабындағы тұйық көл, Ақмола облысындағы аудан, кент атауы.
И.Гёте көшесі

И.Гёте көшесі Біржан сал, Ы.Алтынсарин, Алтынемел көшелерін қиып өтіп, Республика даңғылында аяқталады. Ұзындығы – 1113,2 м.

Гёте Иоганн Вольфганг (1749–1832) – неміс ақыны, драматург, ғалым.

Бұл көшеде «Астана» вокзалы, «Сапаржай-Астана» автовокзалы, М.Тынышбаев атындағы Көлік және коммуникация академиясының филиалы орналасқан.



И.Грязнов көшесі

И.Грязнов көшесі Шығанақ көшесінен басталып, К.Күмісбеков, И.Репин көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 663,9 м.

Иван Грязнов (1897-1938) кеңестік қолбасшы, командир.
И.Дунаевский көшесі

И.Дунаевский көшесі Бестөбе көшесінен басталып, М.Шолохов көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 229 м.

Дунаевский Исаак Осипович (1900-1955) – орыс композиторы, РСФСР-ң халық әртісі.

И.Құтпанов көшесі

И.Құтпанов көшесі Біржан сал көшесінен басталып, Республика даңғылында аяқталады. Ы.Алтынсарин, Алтынемел көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1003,5 м.

Иманжүсіп Құтпанов (1863-1931) – халық композиторы, ақын, әнші. Арқадағы өнер дәстүрінің көрнекті өкілі.

И.Панфилов көшесі

Бұрынғы атауы – Сенной көшесі. И.Панфилов көшесі Республика даңғылынан басталып, Бөгенбай батыр даңғылын және С.Торайғыров, Ш.Айманов, Ж.Аймауытов, Р.Қошқарбаев, Ш.Уәлиханов, Ы.Дүкенұлы, Ш.Жиенқұлова көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 2521,4 м.

Панфилов Иван Васильевич (1893-1941) − әскери қайраткер, генерал-майор, Кеңес Одағының Батыры.
И.Репин көшесі

И.Репин көшесі Шығанақ көшесінен басталып, Кенесары көшесінде аяқталады. Ә.Жанбосынов, И.Грязнов көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 476,8 м.

Репин Илья Ефимович (1844-1930) − орыс суретшісі.

И.Чехоев көшесі

И.Чехоев көшесі Жаңажол көшесінен басталып, Жолымбет көшесінде аяқталады. Мақат, Арқарлы, Аққайың орамымен қиылысады. Ұзындығы – 1841,4 м.


Игілік көшесі

Бұрынғы атауы – Ленинаканский көшесі. Игілік көшесі Ағадыр көшесінен басталып, Майтөбе, Сарықұм көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1545,4 м.

«Игілік» – ырыздықты, рухани және мәдени байлықты білдіретін жалпы ұғым. Адамның белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандыратын, оның мүддесіне, мақсаты мен ниетіне сәйкес келетін нәрселер.

Иманақ көшесі

Бұрынғы атауы – Бөгенбай көшесі. «Железнодорожный» тұрғын алабы. Иманақ көшесі Ж.Жабаев көшесінен басталып, Екібастұз, Ақмешіт көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 911,2 м.

Иманақ – Жезқазған өңіріндегі тау аты.

Имантау көшесі

Бұрынғы атауы – №36-14 көше. «Қараөткел» шағын ауданы. Имантау көшесі Жылыой көшесінен басталып, Машат орамы, Сұлутөр көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 422,3 м.

Имантау – Көкшетау қыратының орталық бөлігінде, Имантау көлінің оңтүстігіндегі дөңгелене келген оқшау тау.

К.Күмісбеков көшесі

К.Күмісбеков көшесі Шығанақ көшесінен басталып, Абай даңғылын және Ә.Жанбосынов, Кенесары, Т.Бигелдинов, С.Сейфуллин көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 1205,2 м.

Кенжебек Күмісбеков (1927-1997) – композитор, ҚазКСР-нің халық әртісі. Ел арасына кең тараған әндері мен романстары мол.

К.Циолковский көшесі

К.Циолковский көшесі Абай даңғылынан басталады. Ұзындығы – 159 м.

Циолковский Константин Эдуардович (1857-1935) – осы заманғы космонавтика мен ракеталық техниканың негізін қалаған кеңес ғалымы.

Кеген көшесі

Бұрынғы атауы – №50 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Кеген көшесі Жанкент көшесінен басталып, Айнакөл көшесінде аяқталады. Балқантау, Таскескен көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 429,9 м.

Кеген − Іле алабындағы өзен. Алматы облысының Райымбек ауданы жерімен ағып өтеді.
Кенесары көшесі

Кенесары көшесі Шығанақ көшесінен басталып, Сарыарқа, Жеңіс, Республика даңғылдарын және Желтоқсан, Бейбітшілік, Ә.Бөкейхан, М.Әуезов, С.Торайғыров, М.Ғабдуллин, М.Мәметова, Ш.Иманбаева, Р.Қошқарбаев, Ш.Уәлиханов, Тараз, Асанқайғы, Ә.Сембинов, Б.Бейсекбаев, А.Жұбанов көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 5311,1 м.

Кенесары Қасымұлы (1802-1847) – қазақ халқының азаттығы жолындағы ұлы күрескер, мемлекет қайраткері, әскери қолбасшы, хан. Абылай ханның немересі. 1837-47 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысының көсемі. Абылай тұсындағы қазақ хандығының тұтастығы мен тәуелсіздігін қалпына келтіруді көздеген. 1841 жылы қыркүйекте үш жүз өкілдері жиынында қазақ халқының ханы болып сайланды.

Бұл көшеде Қ.Мұңайтпасов атындағы орталық стадион, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, «Конгресс Холл» сарайы, «Астанателеком», «Қазақстан» сауда орталығы орналасқан.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет