Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2015 жылғы қаңтар-тамыз айларына арналған



жүктеу 231.22 Kb.
Дата27.02.2016
өлшемі231.22 Kb.




Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының

2015 жылғы қаңтар-тамыз айларына арналған

қорытындысы


АСТАНА-2015 жыл
Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық

жағдайын сипаттайтын 2015 жылғы қаңтар-тамыз

айларына арналған маңызды индикаторлардың тізбесі


Р/с№

Атауы

Көрсеткіштер

(млн. теңге)

2014 жылдың тиісті кезеңіне %

1.

2015 жылғы I тоқсандағы Жалпы өңірлік өнімі, млрд. теңге

828,7

109,2

2.

Өнеркәсіптік өнімнің (тауарлардың, қызметтердің) қолданыстағы бағадағы көлемі

165 594,7

104,2

3.

Негізгі капиталға инвестициялардың көлемі

426 616,3

116,5

4.

Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі

261 582,8

116,2

5.

Қаржыландырудың барлық көздері есебінен тұрғын үйді пайдалануға беру (шаршы метр)

1 197 448

174,2

6.

Бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің түсуі, барлығы

436 918,0

93,7

7.

Бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдер түсімі болжамының орындалуы, %

96,1

Х

8.

Шағын және орта бизнес саласындағы жұмыспен қамтылғандардың саны (мың бірлік)

96,9

109,5

9.

Тұтыну бағаларының индексі (2014 жылғы желтоқсанмен салыстырғандағы 2015 жылғы тамыз), %

101,4

Х

10.

Бөлшек сауда айналымының жалпы көлемі

413 791,7

103,7

11.

Экономикалық тұрғыдан белсенді

халық 2014 жылдың II тоқсаны,

мың адам


484,6

107,1

12.

Халықтың экономикалық белсенді санынан тіркелген жұмыссыздар үлесі, % (тамыз)

0,5

Х

13.

Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің мөлшері, теңге (тамыз)

24 178

100,8

14.

Орташа айлық атаулы жалақы (2014 жылдың II тоқсаны), теңге

176 969

108,2


Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы

туралы 2015 жылғы қаңтар-тамыз айларына арналған

ақпарат
1. Индустриялық-инновациялық даму
Астана қаласының өнеркәсіптік секторының көпшілігін өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары (оның үлесі 76,1%-ды құрайды) және электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны салқындату (20,7%) құрайды. Сумен жабдықтау өнімі (тауарлар, қызметтер), кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау жүйесінің үлесіне 3,2% келеді.

2015 жылғы қаңтар – тамыздағы қаланың өнеркәсіп кәсіпорындары 165 594,7 млн. теңге сомасына өнім өндірді және өнеркәсіптік сипатта қызмет көрсетті, нақты көлем индексі (бұдан әрі - НКИ) 2014 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 104,2%-ды құрады.

Өңдеу өнеркәсібінде 126 037,6 млн. теңге сомасында өнім (тауарлар, қызметтер) өндірілді, НКИ – 104,9%.

Шығарылатын өнім көлемінің көбеюі өнеркәсіптің төмендегі салаларында байқалады:



  • өзге де бейметалл минералды өнімдердің өндірісінде – 44 255,9 млн. теңгеге өнім өндірілді, НКИ – 102,3%. Бетонның өндірісі 9,2%, тақтайшалардың, кірпіштердің өндірісі 11,6% ұлғайды.

  • металлургия өнеркәсібінде 29 370,3 млн. теңгеге өнімдер шығарылды және қызмет көрсетілді, НКИ – 2,2 есеге алтын рудасын өндеуді ұлғайту есебінен ұлғайды;

  • жиһаздан басқа ағаш және тығын өнімдері өндірісінде, сабаннан және өруге арналған материалдардан жасалған өнімдер өндірісінде 738,4 млн.теңгеге, НКИ 2,7 есеге ұлғайды;

  • тоқымы бұйымдары өнеркәсібінде НКИ 2,0 есеге ұлғайды, өндірілген өнім көлемі – 126,5 млн. теңге;

  • химия өнеркәсібі өнімдерін өндіруде 22,6 млн. теңгеге өнімдер шығарылды, НКИ 23,6 есеге ұлғайды

Шығарылатын өнім көлемінің азаюы өнеркәсіптің төмендегі салаларында байқалады:

  • машина жасауда (үлесі – 13,9%) 17 499,2 млн. теңге сомасына өнім өндірілді және қызмет көрсетілді, НКИ – 54,9%. Сорғыштардың шығарылуы 19,2% төмендеді.

  • тамақ өнімдері өндіріснде (үлесі – 11,7%) 14 777,6 млн. теңгеге өнім өндірілді, НКИ – 96,5%; нан өндірісі 6,8%, шұжық бұйымдарының өндірісі 17,9%, ұн – 0,2% төмендеді.

  • резина және пластмасса бұйымдары өндірісінде (үлесі – 7,4%) 9334,7 млн. теңге сомасына өнім өндірілді, НКИ 77,6% құрады.

  • машина мен құрал-жабдықтардан басқа, дайын металл өнімдері өндірісінде өсу байқалады, өндірілген өнім және көрсетілген қызметтер көлемі 7 163,7 млн. теңгені құрады (үлесі – 5,7%), НКИ – 88,3%. Қара металлдан немесе алюминийден құрастыру заттарын өндіру 16%, металлдан есіктер, терезелер өндіру – 28,7%-ға азайды.

2015-2019 жылдарға арналған индустриялық – инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының екінші бесжылдығы шегінде жалпы сомасы 46,5 млрд. теңге шамамен 772 жұмыс орнын құрумен 4 жоба іске асырылуда, оның ішінде ағымдағы жылдың ІІ жартыжылдығында 434 жжаңа жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 12,8 млрд. теңгеге 2 жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

Индустриялық парк аумағында жалпы инвестиция көлемі 170,3 млрд. теңгеден асатын 58 инвестициялық жоба іске асырылуда, барлығы 87,0 млрд. теңге игерілді. 2015 жылы парк аумағында пайдалануға 6 инвестициялық жобаны беру жоспарланып отыр.



Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптау салаларында өнеркәсіптік сипатта 34 322,3 млн. теңге сомаға (НКИ – 102,5%) өнім өндірілді және қызмет көрсетілді, оның ішінде электр қуатын өндіру, ұсыну және таратуда – 26 433,2 млн. теңгеге (НКИ – 105,7%), газ тәрізді отынды өндіруде және таратуда – 119,9 млн. теңгеге (НКИ – 102,9%), бу беру және ауаны баптау жүйесінде – 7 769,2 млн. теңгеге (НКИ – 97,3%) қызмет көрсетілді.

Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау жүйесінде 5 234,8 млн. теңгеге өнім өндірілді және қызмет көрсетілді, НКИ 2014 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 96%-ды құрады.
Инновацияларды дамыту

«Ақылды қаланың» инновациялық инфрақұрылымын қалыптастыру елорданың ұзақ мерзімді дамуының негізгі басымдықтарының бірі болып табылады және оған мынадай құрамдас бөліктер енеді: «Астана қаласының тыныс – тіршілігін кешенді қамтамасыз ету жүйесі» (бұдан әрі – «ТКҚЖ» жобасы), біріктірілген тұғырнама, мәліметтерді беру желісі, «Смарт Астана» жобасының үлгілері және кіші жүйесі, «ақылды қала» шешімдерінің Астана орталығы және т.б.

«ТКҚЖ» жобасы шеңберінде қауіпсіздікті бақылау және қамтамасыз ету саласында жаңа технологиялар қолданылды, бұл құқық бұзушылықтарды анықтауға және ол туралы ақпаратты қалалық басқару орталығына (бұдан әрі - ҚБО) беруге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта, бейнебақылау камераларымен қаланың орталық бөлігі қамтылған. Жоба шегінде ҚБО-на жол бойындағы және қоғамдық орындардағы, оның ішінде салынып жатқан «ЕХРО-2017», «Абу Даби Плаза» КБК, «Жаңа темір жол вокзалы», Мұз сарайы , «Қазақ хореографиясы академиясы ғимараттарының кешені (би мектебі)» объектілерінде 1221 бейнебақылау камерасы іске қосылды. «ТКҚЖ» ҚБО-да Астана қаласында ІІД қызметкерлерімен шұғыл жағдайдың тәулік бойғы мониторингі ұйымдастырылды. Статистикалық мәліметтерге сәйкес осы жүйемен қамтылған аудандарда құқық бұзушылық санының төмендеуі күтілуде.

Сондай-ақ, Жол қозғалысы ережесін бұзушылықтарды тіркеудің аппаратты – бағдарламалық кешендерін енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта, жылдамдық түзімін тіркейтін 25 фиксатор және бұрылыстардағы қозғалыс мониторингінің 10 кешені орнатылды. Бұл шаралар 1 км/сағ көлік құралының жылдамдығын оптикалық диапазонда тіркеуге мүмкіндік береді және қосымша датчиктерді орнатуды қажет етпейді.

Сонымен қатар, «Смарт Астана» жобасы шегінде «Smart» емхана, «Smart» мектеп, «Smart» көшелік жарықтандыру, «Smart» Payments тәрізді жобалар іске асырылуда.



«Smart» емхана жобасының мақсаты ішкі және сыртқы бизнес-процестерді автоматтандыру есебінен медициналық қызметтер сапасын жақсарту болып табылады. Пилотты жобаның жоспарланып жатқан нәтижелері интернет портал, сенсорлы терминал арқылы қабылдауға жазылу және тіркеу орындарында жұмыс орындарын автоматтандыру есебінен емханада кезекті азайту және дәрігердің пациенттің картасын толтыру жән тексеру уақытын азайту болып табылады. Осындай сараптамалық жүйелерді ендіру емханалардың барлық бөлімшелерін мониторингілеу есебінен жұмыс сапасын көтеруге мүмкіндік береді.

«Smart» мектеп милотты жобасын енгізудің мақсаты мектептерде кейбір процестердің қауіпсіздігін, қолайлылығын және автоматтандыруды қамтамасыз ету болып табылады. Күтілетін нәтиже – мектепке бөгде адамдардың кірмеуінің алдын алу, штаттан тыс қызметкерлерді ескерту, мектеп оқушыларынан ақша талап ету, алып қою бойынша жағдайларды болдырмау.

«Smart» көшелік жарықтандыру жобасының мақсаты көшелік жарықтандыру қондырғыларын күштілікті реттеушіні жарақтандыру – көше шамдарын диммирлеу және көшелік жарықтандырудың пайдалануға беру шығындарын төмендету жолымен көшелік жарықтандырудың энергия тиімділігін көтеру болып табылады. Пайдалануға беру нәтижесінде пилотты жоба тиімділігі электр энергиясы шығындарын үнемдеу 50%-дан астамды құрағандығын көрсетті, бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы жағу/өшіру және диммирлеу іске асырылды, сондай-ақ, шамдардың жағдайын сырттан бақылау мүмкіндігі туды.

Тұрғынның бір картасының тұжырымдамасы шегінде «Smart» Payments Бірыңғай төлем құжатын (бұдан әрі - БТҚ) құру бойынша негізгі жоба болып табылады. Жобаның мақсаты барлық төлемдерге: коммуналдық төлемдерге, байланыс және телевидение, айыппұл, салық қызметтеріне төлемдерге бір есеп-шотын құру болып табылады.

Сонымен бірге, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге дайындық шегінде елорданың сол жақ жағалауының виртуальды үлгісін дамыту және кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
2. Көлік және байланыс
Автомобиль көлігі

Бүгінгі күні қаланың көлік жүйесі жолдың жалпы ұзақтығы 964,1 км 953 көшеден тұрады, оның ішінде асфальбетонды жабыны 676,6 км (70,2%) бар, 287,5 км (29,8%) қатты жабынсыз.

Қала аумағында 8 компания қызмет етеді (оның ішінде 1 коммуналдық және 7 жеке), олар 52 бағдарға қызмет көрсетеді. Автопарктерде 1130 автобус бар, күн сайын желіге 787 бірлік шығады. Қоғамдық көлікте тәулігіне 814 мың жолаушы тасымалданады. Сондай-ақ, 560 бірлік жылжымалы құрамы бар 14 мамандандырылған таксомоторлық компания қызметін жүзеге асырады. Қалалық бағдарлық жүйенің ұзақтығы 2 547,0 км құрайды.

Қалалық көлікпен 2015 жылғы қаңтар-тамызда 85 289,2 мың тонна жүк тасылды, бұл ретте жалпы жүк айналымы 5 464,5 млн. тонна/км-ді құрады. 2014 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда тасылған жүк көлемі 4%-ға ұлғайды.

Автомобиль,көлігімен, жеке кәсіпкерлерді қоса алғанда, есепті кезеңде 1 483,7 млн. жолаушы тасылды, оның ішінде қаланың көлік кәсіпорындары – 315,5 млн. адам (21,3%), жеке кәсіпкерлер – 1 168,2 млн. адам (78,7%). ,

Қаланың байланыс кәсіпорындары 92 288,1 млн. теңге сомасына қызмет көрсетті, бұл салыстырмалы бағаларда 2014 жылмен салыстырғанда 7,4%-ға азайды. Байланыс қызметінен түсетін кірістер құрылымында ұялы байланыс 61,2%, Интернет – 21,4%, қалааралық және халықаралық байланыс түрлері – 1,4%-ды, жергілікті телефон байланысы – 2,2%-ды, өзге де байланыс түрлері – 13,8%-ды құрайды.
3. Банк секторы
Астана қаласының банк жүйесі «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі» мемлекеттік мекемесінің орталық филиалымен (бұдан әрі – Ұлттық банк), «Қазақстанның Даму Банкі», «Цеснабанк», «Forte Bank» акционерлік қоғамы тәрізді дербес банктермен, екінші деңгейдегі банктердің 30 филиалымен (бұдан әрі - ЕДБ) және 146 құрылымдық бөлімшелерімен ұсынылады.

Қаланың қолма-қол шетел валютасы нарығында 2015 жылдың 1 қыркүйегіне ЕДБ 169 айырбастау пункті және Ұлттық банкінің қолма-қол шетелдік валютамен айырбастау операцияларын жүргізуге лицензиялары бар уәкілетті ұйымның 80 валюта айырбастау пункті жұмыс істейді.

ЕДБ-гі резиденттер депозиттерінің жалпы көлемі 2015 жылдың 1 тамызына 5 103 739 млн. теңгені құрады және 2014 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 17,4%-ға төмендеді (6 172 725 млн. теңге).

ЕДБ берген несиелер көлемі 435 994 млн. теңгені құрайды (2014 жылға қарағанда 1,6 есеге аз), оның ішінде ипотека бойынша – 36 495 млн. теңге.



4. Қаржылық-бюджеттік саланың жай-күйі
Салықтар, бюджет және төлем тәртібі

2015 жылғы қаңтар-тамыздағы жағдай бойынша мемлекеттік бюджетке түскен түсім Астана қаласы бойынша 454 561,1 млн. теңге болжағанда 436 918,0 млн. теңгені құрады, болжамдық көрсеткіштердің орындалуы 96,1% құрады.

  1. кесте

млн. теңге

Атауы

2015 жылдың қыркүйегіне

болжам

2015 жылдың қыркүйегіне

факті

Орындалу, %

Мемлекеттік бюджет, оның ішінде:

454 561,1

436 918,0

96,1

республикалық бюджет

339 785,7

316 699,9

93,2

жергілікті бюджет

114 775,4

120 218,1

104,7

Салықтық төлемдер бойынша мемлекеттік бюджетке түсімдер, оның ішінде:

435 738,3

412 094,4

94,6

республикалық бюджетке

328 844,8

300 847,7

91,5

жергілікті бюджетке

106 893,5

111 246,4

104,1

Салықтық емес төлемдер бойынша мемлекеттік бюджетке түсімдер, оның ішінде:

12 668,5

20 428,4

1,6 есеге

республикалық бюджетке

9 794,8

15 813,7

1,6 есеге

жергілікті бюджетке

2 873,7

4 614,7

1,6 есеге

Берешек

2015 жылдың 1 қыркүйегіне берешек өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 12 817,5 млн. теңгені (9 202,7 млн. теңге) құрады, 3 614,8 млн. теңгеге төмендеді.

Қала бюджеті

Астана қаласының түзетілген бюджетінің жалпы көлемі 2015 жылғы 1 қыркүйегіне 360 728 млн. теңгені құрады, бекітілген бюджетке 20 839 млн. теңгеге өсумен (немесе 106%), оның ішінде түсімдер: меншікті кірістер бойынша – 176 019 млн. теңгеге, республикалық бюджеттен берілген трансферттер – 154 359 млн. теңгеге, қарыз – 22 866 млн. теңгеге, еркін қалдықтар – 7 485 млн. теңгеге өсті.

Бюджеттің жалпы құрылымында Астана қаласының объектілерін дамытуға 176 036,4 млн. теңге жұмсалды.

Әлеуметтік салаға арналған шығыстар 117 084,1 млн. теңгені немесе қаланың 2015 жылғы бюджетінің жалпы көлемінің 32,5%-ын құрады, оның ішінде білім беруге – 46 732,2 млн. теңге, денсаулық сақтауға – 41 112,6 млн. теңге.



5. Инвестициялардың жай-күйі
Талданып отырған кезеңде қаланың негізгі капиталына 426 616,3 млн. теңге немесе 2014 жылдың тиісті кезеңінде 116,5% инвестиция салынды. Инвестициялардың республикалық көлемінде Астана қаласының үлесі 10,7%-ды құрады (2014 жылдың қаңтар-тамызда 9,5%).

Қарастырылып отырған кезеңде инвестициялар салудың 233 899,5 млн. теңге сомасындағы негізгі көздері немесе жалпы көлемнің 54,8% шаруашылық субъектілерінің жеке қаражаты болып табылады, мемлекеттік бюджеттің үлесі 28,8%-ды немесе 122 739,4 млн. теңгені құрады.



1-кесте
Қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға

инвестициялар құрылымы


Көздер

2015 жылғы қаңтар-тамыз

млн. теңге

қорытындыға %

Негізгі капиталға инвестиция, барлығы,

оның ішінде:

426 616,3

100,0

мемлекеттік бюджет

122 739,4

28,8

меншікті қаражат

233 899,5

54,8

банктердің несиелері

21 859,5

5,1

басқа да қарыз

одан:


48 117,7

11,3

Салымдардың негізгі құрамдас бөлігі ғимараттар мен құрылыстарды салу және күрделі жөндеу жұмыстары болып табылды, олардың үлесіне 63,1% немесе 269 120,8 млн. теңгеден келеді, 2014 жылдың тиісті кезеңіне НКИ 119,6%-ды құрады.

Машиналар мен жабдықтарды, құрал-саймандар мен керек-жарақтарды сатып алуға инвестициялардың жалпы көлемінің 32,1% келеді, немесе 137 045,0 млн. теңгеден, бұл 2014 жылдың ұқсас кезеңінің көсеткішінен 7%-ға жоғары.

Есепті кезеңде қаланың кәсіпорындары, ұйымдары және халқы жалпы ауданы 1 197 448 ш.м. (оның ішінде пайдалы ауданы – 875 762 ш.м.) тұрғын үйлер салды және пайдалануға берді, бұл 2014 жылдың деңгейінен 74,2% жоғары.

Барлығы тұрғын үй құрылысына 80 658,4 млн. теңге жұмсалды, бұл 2014 жылдың деңгейінен 5,3% жоғары.
6. Сауда және сыртқы сауда айналымы
Ішкі сауда

2015 жылғы қаңтар-тамыз жағдай бойынша бөлшек сауда айналымының көлемі іске асырудың барлық арналары бойынша нақты бағаларда 413 791,7 млн. теңгені құрады және өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда салыстырмалы бағада 7,5 %-ға ұлғайды (салыстырмалы бағада 3,7%-ға).

Арнайы тіркелген қаланың кәсіпорындары 294 667,6 млн. теңге сомасына тауарлар мен қызметтер көрсетті (салыстырмалы бағада өсу – 7,2%), оның ішінде шағын кәсіпорындар – 150 683,6 млн. теңге, бұл тауар айналымының жалпы көлемінің 51,1% құрайды, орта және ірі кәсіпорындар – 143 984,0 млн. теңге, оның ішінде, орта кәсіпорындардың тауар айналымының жалпы көлеміндегі үлесі 21,8% құрады, ірі – 27,1%.

Сауда кәсіпорындары, зат, аралас, азық – түлік нарықтары мен жеке кәсіпкерлер 119 124,1 млн. теңге сомасына тауарды іске асырды, НКИ – 95,9%.


Сыртқы сауда

Кедендік статистиканың деректері бойынша Астана қаласы сыртқы сауда айналымының көлемі (Кеден одағы елдерін есептемегенде) 2015 жылдың қаңтар-шілде 3 133,8 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2014 жылғы ұқсас кезеңнен 24,2%-ға аз.

Экспорттық жеткізілімдер 1 891,3 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2014 жылғы көрсеткіштен 29,2%-ға төмен.

Ағымдағы жылдың қаңтар-шілдедегі экспортта маңызды үлесті салмаққа ие негізгі тауар топтары бойынша жеткізу көлемдерінің ұлғаюы болды: химия өнімдері және онымен байланысты салалар (үлесі – 37,9%) – 1,6 есеге жоғары. Минералды өнім шығаруы төмендеді (үлесі – 52,5%) – 1,9 есеге, жануар және өсімдік өнімдерінің әкетілімі шамамен (үлесі – 7,4%) – 2,0 есеге төмендеді.



Импорттық жеткізілімдер 15%-ға 1 242,5 млн. АҚШ долларына дейін жетті.

Импорттық жеткізілімдерде минералды өнімдердің 8,9 есеге (үлесі – 13,9%), металлдар мен олардан жасалатын бұйымдардың 21,2%-ға (үлесі 8%), химия және оған байланысты салалардағы өнеркәсіп өнімдерінің 4,6%-ға (үлесі – 14,7%) өсуі байқалады, машинаны, құралдарды, көліктік құралдарды және аппараттарды жеткізудің (үлесі – 45,7%) 23,4%-ға және жануар және өсімдік өнімдерінің жеткізілімі көлемінің (үлесі – 3,4%) 1,3 есеге азаюы байқалады.



ЕАЭО шегінде қаланың тауар айналымының көлемі 2015 жылдың қаңтар-шілде 1 583,0 млн. АҚШ долларын құрады (үлесі – 17,2%), бұл 2014 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 28,8%-ға жоғары , оның ішінде Ресей Федерациясымен – 1 535,2 млн. АҚШ доллары (жалпы көлемдегі үлесі – 96,9%).

Экспорттық жеткізілімдер 3,0 есеге 615,5 млн. (қаланың жалпы көлемдегі үлесі – 22,2%) АҚШ долларына дейін көбейді. Импорттық жеткізілімдер 967,5 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2014 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда (қаланың жалпы көлемдегі үлесі – 15,1%) 5,8%-ға төмен.
7. Шағын және орта бизнестің мониторингі
2015 жылғы 1 қыркүйек жағдай бойынша белсенді шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2014 жылдың тиісті кезеңіне 9,5%-ға өсумен 96,9 мың бірлікті құрады. Шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандардың саны 234,8 мың адамды құрады (2015 жылғы 1 тоқсан бойынша), бұл өткен жылдың ұқсас кезеңі деңгейінен 17,8%-ға жоғары. 2014 жылдың қаңтар-наурызында шағын және орта кәсіпкерліктің шаруашылық субъектілері 537,7 млрд. теңге сомаға өнім өндірді, бұл 2014 жылдың ұқсас кезеңінен 105,7%-ға жоғары.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мақсатында әкімдік «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыруда. Бұл бағдарламаны іске асыру үшін ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 3,0 млрд. теңге бөлінді.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының іске асырылуынан бастап жалпы сомасы 83,9 млрд. теңгеге 470 жоба мақұлданды, оның ішінде 2015 жылы жалпы сомасы 11,4 млрд. теңгеге 57 жоба.

8. Тұтыну бағаларын талдау

2-кесте
Астана қаласы бойынша тұтыну бағаларының индексі


Атауы

2015 жылдың тамыз

2014 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда

2015 жылдың тамыз

2015 жылдың шілдемен салыстырғанда

Барлық тауарлар мен қызметтер

101,4

100,0

оның ішінде:







азық-түлік тауарлары

101,2

98,6

азық-түлік емес тауарлар

102,1

101,2

ақылы қызметтер

101,0

100,7

Анықтама:

2015 жылдың шілдедегі күнкөріс минимумының шамасы 24 178 теңгені құрады, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 0,8%-ға өсті.

Бір жұмысшыға орта және ірі кәсіпорындар бойынша орташа айлық жалақы 2015 жылдың қаңтра-маусымда 176 969 теңгені құрады және бұл 2014 жылдың тиісті кезеңінен 8,2%-ға артық.

Елордада азық – түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көкөніс сақтау қоймасын және жылыжай салу бойынша жобалар іске асырылуда.

Жыл басынан бастап «Целинсельмаш» ЖШС көкөніс сақтау қоймасы (сақтау көлемі 2500 тонна), «Astana Food Storage» ЖШС (сақтау көлемі 2500 тонна) және «А» сыныбындағы «Астык Логистик» ЖШС қойма кешені (32 730 орын) пайдалануға берілді. Сондай-ақ, елорданың Индустриялық паркі аумағында «Казглавпродукт» ЖШС орау желісімен көлік – логистикалық орталығының құрылысы аяқталды. 

Кәсіпорындар желісін кеңейту үшін құрылыс сатысында жалпы сақтау көлемі 19 500 тонна 6 көкөніс сақтау қоймасы және жылына күштілігі 4 850 тонна 2 жылыжайдың құрылысы салынуда. Сондай-ақ, жалпы көлемі 23 500 тонна 5 көкөніс сақтау қоймасы және жылына 10 500 тоннадан астам жылыжай өнімдерін өндіретін 7 жыжылай жобалау сатысында.

«Astana» ӘКҚ» ҰК» АҚ (Қазақстан Республикасы, үлесі 10%) және «СТС HOLDING INVESTMENT RETAIL» (Украина, үлесі 90%) арасында құрылған «Retail investment ASTANA» ЖШС біріккен кәсіпорны іске асыратын бөлшек көпбейінді сауда – логистикалық кешен және «Мир круп» ЖШС тамақ өнеркәсібі өнімдерін өндіру бойынша көпбейінді кешеннің өндіріс базасымен логистикалық орталық салу бойынша жобалар іске асыру сатысында.

2016 жылы барлық жобаларды пайдалануға беру кезінде қаланың көкөніс өнімдерін (60 000 тонна) және жылыжай өнімдерін (маусымаралық кезеңде – 8000 тонна) сақтау көлемдеріне деген қажеттілік толық жабылатын болады. Инфляциялық үдерістерді жоспарланған коридорда ұстап қалу үшін және азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз жоғарылауын болдырмау үшін әкімдік пен сауда ұйымдары арасында «Астана қаласы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына көтерме-бөлшекті өткізуді жүзеге асыратын, сауда ұйымдарымен сауда үстеме (үстеме баға) мөлшерін қолдану және анықтау туралы» меморандум іске асырылуда. Меморандум шеңберінде сауда объектілерінде азық-түлік тауарларына белгіленген сауда үстемесіне мониторинг жүргізу арқылы шарттарының іске асырылуына, баға құру үрдісіне, бағалық сөз байласу фактілерін және негізсіз баға көтеруді болдырмау үшін бақылау қамтамасыз етіледі.

ҚР құс өсірушілері ассоциацияларымен және Ақмола облысының 23 ірі тауар өндірушілерімен Астана қаласын азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету бойынша меморандумдар жасалды.

Қала аумағында 4 сәуірден бастап Астана қаласының және Ақмола мен Қарағанды облысының маңындағы өңірлерінің ауыл шаруашылығы өндірушілерінің және өнім берушілерінің қатысуымен апта сайын жәрмеңкелер өткізіледі (әр сенбі мен жексенбі).

Сондай-ақ, қаланың азық – түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылы қала әкімдігі және ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық өнеркәсіп кешенінде мемлекеттік инспекция комитетінің Астана қаласы бойынша Аумақтық инспекциясы көтерме-бөлшек сауды қызметін іске асыратын объектілердің елорда аумағында өсімдіктер карантинін (фитосанитарлық қорғау) қамтамасыз ету туралы меморандумқа қол қойды.


9. Әлеуметтік сала

Халықты жұмыспен қамту

Елорданы дамытудың әр түрлі жобаларын іске асыру қосымша жұмыс орындарын құруға ықпал етеді. 2015 жылдың басынан 12 118 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде экономикалық қызмет түрлері бойынша: өнеркәсіп – 958 сауда – 2 850 құрылыс және коммуналдық шаруашылық – 1 840, көлік және байланыс – 794, білім және денсаулық сақтау – 2 129, өзгелері – 3 547. 2014 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда орындар саны 702-ге азайды. Сонымен қатар, шағын және орта бизнес саласында 8 513 орын құрылды.



7 037 адам жұмыс іздеп жұмыспен қамту органдарына өтініш білдірді. Жүгінген азаматтардың жалпы санынан 4 393 адамды әйелдер, 4 061 адамды 29 жасқа дейінгі жастар құрайды. Барлығы есепті кезеңде 3 799 адам (өтініш білдіргендер үлесі 54,0), 2014 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 1,6 есеге көбейді. оның ішінде Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020 бағдарламасы бойынша – 2 939 адам жұмыспен қамтылды.

2015 жылдың ІІ тоқсаны қорытындысы бойынша тіркелген жұмыссыздық деңгейі 4,6 % (2014 жылдың ІІ тоқсаны – 5,2%). Жұмыссыздар ретінде ағымдағы жылдың 1 қыркүйек жағдайы бойынша 2 513 адам тіркелді.

Жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру мүмкіндігін әрі қарай кеңейту және жұмыссыздық деңгейін төмендету шегінде тұрақты түрде жұмыссыз азаматтарды, оның ішінде жастарды жұмыспен қамту мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында бос орындар жәрмеңкесі және оқушыларды кәсіптік бағдарлау бойынша бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылатын болады (2015 жылдың 1 қыркүйек жағдайы бойынша мәліметтер банкінде елорданың 650 жұмыс берушісінен берілген 806 бос орын бар), кеңестік және құқық көмектер көрсетіледі, бос орындардың жәрмеңкесі және кіші жәрмеңкелері өткізіледі.
Білім беру
Астана қаласының білім беру жүйесін 330 ұйым құрайды, оның ішінде 181 мектепке дейінгі білім беру ұйымы, 91 мектеп, 34 технкиалық және кәсіби білім беру, 13-қосымша білім беру, 11-мамандандырылған мекеме.

«Балапан» бағдарламасы бойынша 3 жастан 6 жасқа дейінгі аралықтағы балаларды қамту – 63,1%.

2015 жылдың 1 тамызына бала бақшалардағы орындар тапшылығы (3 жастан 6 жасқа дейінгі аралықтағы) 34 195 құрайды, мектепке дейінгі ұйымдарға кезекте тұрған балалардың жалпы саны – 83 551.

Ағымдағы жылы екі ауысымдық оқудың есебімен 2000-нан астам оқушыдан шектен артық тығыздық 10 мектепте сақталады (1,7, 22, 32, 37, 53, 54, 60, 64, 65). Үш ауысымдық тәртіпте оқытылатын мектептер жойылды.

Қосымша білім берумен және сабақтан тыс оқыту қызметімен балаларды қамту 87% (оқушылардың жалпы контингентінен) құрайды.

ҚР Білім жәнен ғылым министрлігі мен Астана қаласының әкімдігі арасындағы 2015-2017 жылдарға арналған Елорданың білім беру жүйесін дамыту жөнінде жасалған меморандум шегінде «2015-2017 жылдарға арналған білім беру жүйесін дамыту жөніндегі меморандумды іске асыру жөніндегі жол картасы» әзірленді.

Оқушылардың халықаралық және республикалық олимпиадаларда және ғылыми жобаларындағы білімді жетістіктері көтерілуде. 2014-2015 оқу жылында республикалық, халықаралық олимпиадалар, сондай-ақ, ғылыми жобалар байқауларына қатысқандар және жеңіске жеткендер саны 399 адамды құрады. Оның ішінде, 238 оқушы медальмен марапатталды, оның ішінде, алтын – 37, Гран При-4.

Жалпы білім беру пәндері бойынша ғылыми жобалардың республикалық олимпиадасында және конкурста 135 оқушы қатысты, оның 85 қатысушысы жеңіскер атанды және медальмен марапатталды. Қорытындысы бойынша Астана қаласы оқушыларының командасы І жалпы командалық орынға және Республикада «Ең үздік команда» атағына ие.



БҰТ нәтижелері

2014-2015 оқу жылында БҰТ-ге 4407 түлектің 3399 (77%) қатысты, оның ішінде 1861 (54,8%) қазақ тілінде оқығандар, 1538 (45,3%) орыс тілінде оқығандар. Ең жоғары балл – 125, оны № 59 мектебінің түлегі ие болды, 124 балл - № 10, 70, 76 мектептердің түлектері. 100 баллдан және одан жағары балл алғандар 1094 оқушы (32,2%). Қадамдық баллды 184 оқушы (5%) алмады. 2015 жылдың орташа баллы – 86,8.

«Алтын белгі» белгісімен аттестатқа 173 оқушы үміткер болды, бұл 2013-2014 оқу жылымен салыстырғанда 13%. Оның ішінде нәтижеге жеткені – 112, немесе 64,7%.

Үздік аттестатқа 61 түлік үміткер болды, 37 бала нәтижеге жетті, немесе 60,7% (2013-2014 оқу жылында – 49,2%).


Денсаулық сақтау
«Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жүйесінде 38 медициналық ұйым жұмыс істейді, оның ішінде: 14 аурухана ұйымы, 15 амбулаториялық-емханалық ұйымы, оның ішінде 9 қалалалық емхана және 5 АМСК орталығы, 1 қалалық жедел жәрдем станциясы, 6 өзге және 2 білім беретін медицина ұйымы.

Қала тұрғындарына республикалық маңызы бар 9 аурухана, 5 ведомстволық ұйым, амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін 4 жеке меншік ұйым (тіркелген тұрғындары бар) («Медекер» ЖШС, «Кировская» СДА, «Салауатты Астана» ЖШС, «МУА» ЖШС).

Денсаулық сақтау саласында қабылданып жатқан шаралар туу көрсеткішінің өсімін 1000 адамға шаққанда 29,87-ге дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңінен 4,8% жоғары, туберкулезбен алғашқы ауру көрсеткіші 7,7% төмендеді (100 мың адамға шаққандағы 58,47 адам 2014 жылғы 63,35 қарсы), туберкулез ауруынан өлім 2014 жылы 100 мың адамға шаққандағы 3,81 қарсы 3,14 құрды (1,2 есеге төмендеу).

Сонымен қатар, мына көрсеткіштердің өсімі байқалады: жалпы өлім 7,2%-ға, 1000 адамға шаққанда 4,6 құрайды, бала өлімі 1000 туған балаға шаққанда 2014 жылғы 8,0-ге қарсы 8,9 құрды, қатерлі ісікпен алғашқы ауру және өлім көрсеткіштері 20,5%-ға және 3,5% жетіп, 100 мың адамға 199,83 және тиісінше 100 мың адамға шаққанда 84,65 құрды.



Мәдениет

Астана қаласында өз қызметін 70-тен астам мәдениет объектілері жүзеге асырады, оның ішінде: кітапханалар – 25, клубтар мен мәдениет үйлері (сарайлар) -7, театрлар – 7, мұражайлар – 5, концерттік ұйымдар – 3, кинотеатрлар – 6, цирк – 1, галереялар – 4, саябақтар – 7, өзгелер – 5.

Қала мұражайлары 8 айы басынан 46 жаңа көрме ұйымдастырды, 1 353 экскурсия жасалды және 49 дәріс оқылды, оларға 39 659 адам қатысты.

Қаланың театрлары ағымдағы айда Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған қойылымға қатысты.

Мемлекеттік филармония ұжымы 346 концерт іс-шарасын ұсынды, оған 837 959 адам қатысты.

Сонымен қатар, кітапханаларда кітап көрмелері, тақырыптық сөрелер әрекет етуде, мемлекеттік, қоғамдық мерекелерге, ақындардың, жазушылардың, суретшілердің және т.б. шығармашылығына арналған іс-шаралар өткізіледі.



Спорт

Көпшілік спортты дамыту шегінде ішкі кварталды аумақтардың спорт алаңдарында және жалпы білім беру мектептерінің спорт залдарында елорда тұрғындары арасында спорт – көпшілік іс-шараларын ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізіледі. Тұрақты негізде спорттың әр түрі бойынша қызықты старттар және жарыстар өткізіледі. Халықтың әр түрлі санаты арасында 7 кешенді жарыс өткізіледі.

Сондай-ақ, футбол, гандбол, волейбол, баскетбол, шайбамен хоккей бойынша мектеп жарыстары болып тұрады. Каникул кезінде мектеп оқушыларымен салауатты өмір салтына, темкеі шегі мен жасөспірімдер мен жастар арасында құқық бұзушылардың алдын алуға бағытталған спорт шаралары жүргізілуде.

2015 жылдың 8 айында қалада 403 спорт жарысы және көпшілік – сауықтыру іс-шаралары жүргізілді. Астана күнін мерекелеу шегінде мына спорт іс-шаралары өткізілді: 2000 адамды қамтумен көпшілік веложүгіру, 500 адамды қамтумен үстел теннисі марафоны, «Battle of Nomads» ММА бойынша халықаралық кәсіби турнир, «Волна экстрима» спорт ойындары, Асық ату бойынша «Алтын сақа» турнирі, қазақ күресі бойынша «Қазақстан барысы» республикалық турнирі өтті.



Тамыз айында «Алау» спорт сарайында және «Сарыарқа» республикалық велотректе тиісінше дзюдо және велотрек бойынша Ілем чемпионатын өткізді.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы әлемдік ауқымдағы көпсалалы «Мұз айдыны» ашылды.
_____________________________________




©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет