4. ЖЕДЕЛ ДИСПЕТЧЕРЛІК ҚЫЗМЕТ
4.1. ЖДҚ міндеттері
Жедел диспетчерлік қызметің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
Тұтынушыларды жылу энергиясымен тәулік бойы үздіксіз және сенімді (тапсырылған есептік гидравликалық және температуралық параметрлермен) қамтамасыз ету;
Апатты учаскелерді жедел шектеу және апатты жағдайларды жою үшін жөндеу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру.
ЖДҚ техникалық саясаты тұтынушыларды жылу энегиясымен қамтамасыз ету мақсатында өндірістік қызметтің техникалық және экономикалық тиімділігін жоғарлатуға бағытталған, ол үшін павильондар мен ірі ҚТ-да орналасқан тиекті арматураларды электрлендіру 100% болуы қажет, диспетчерлердің бақылау мүмкіндігі болуы тиіс. Қол жетекті тиекті арматура бір кілтпен бірыңғайлануы тиіс, қандай да бір тасымал редукторларға жол берілмейді.
Техникалық саясат өндірісті ұйымдастыру, еңбекті қорғау, өнеркәсіп қауіпсіздігі мен өндірілетін қызметтер сапасы саласында тиімді қызметтің міндеттерін белгілейді.
4.2. Техникалық саясатты іске асыру принциптері
Техникалық саясатты іске асыру келесі принциптер бойынша жүргізіледі:
«Астана-Теплотранзит» АҚ жабдықтарына жоғарғы сапалы қызмет көрсету, оларды ағымдағы, орташа және күрделі жөндеумен еңбек құралдарын жаңғырту және жаңарту.
Өндірістік қызметті ҚР заңнамасына, нормативтік техникалық құжаттама талаптарына қатаң сәйкестікте қамтамасыз ету.
Өндірісті қатаң түрде бақылау, сапа, еңбекті қорғау және өнеркәсіп қауіпсіздігі саласында талаптарды, үнемі күшейту. Жылу тораптарындағы жағдайды жылдам талдауға және параметрлерді істен ажыратқан кезде шаралады уақытылы қолдануға арналған жаңа бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдану. Апатты жағдайларды болуы мүмкін барлық зардаптармен үлгілеу мүмкіндігі.
Негізгі қызметті орындау – жоғары білікті мамандармен қамтамасыз етілетін тұтынушыларды үздіксіз жылумен қамту. Қызметкер құрамын уақытылы және сапалы дайындау және қайта дайындау.
Технологиялық жабдықтардың сенімді және үнемді жұмысы, оның толық басқарылуы, күрделі жүйелік апаттарға және станциялар мен тораптардағы олқылықтарға төзімділігі жылу тораптарының «көп уақыт қолданылуының» тұрақты өсуін қамтамасыз етеді.
4.3 Жылу тораптары жұмысының жылу және гидравликалық режімдерін қамтамасыз ету
Режім тобының негізгі қызметі – жылу көздерінен жылуды жіберу режімдерін жоспарлау, жылумен қамтудың оңтайлы сызбанұсқаларын әзірлеу, нақты параметрлерді талдау, жылу тораптары жұмысының жедел режімдерін әзірлеу, гидравликалық есептемелерді жүргізу.
ЖДҚ РТ техникалық саясаты қаланың жылу және гидравликалық режімдерінің техникалық және экономикалық тиімділігін жоғарлатуға бағытталған. Тұтынушыларды жылу энергиясының есептік мөлшерімен қамтамасыз ету негізгі міндеті болып табылады. ЖДҚ РТ техникалық саясаты 2 негізгі бөлімнен тұрады: жылу режімдері мен гидравликалық режімдер.
4.4 Жылу режімдерін ұйымдастыру принциптері
Жылу режімдерін сапалы есептеу үшін (режім картасын, температуралық кестелерді әзірлеу, қаланың жылу балансын жасау, жылумен қамтудың келешек сызбанұсқасын әзірлеу) нақты деректер көзі қажет, ол үшін үнемі тұтынушылардың жылу жүктемелерін түгендеу жүргізіледі, жылу тораптары, сорғы станциялары және т.с.с. бойынша ақпарат талданады.
Өтпелі кезеңде жылу энергиясының шамадан тыс жіберілуін болдырмау үшін пайдалынатын жылу энергиясының автоматты реттелетін жылыту жүйесін пайдалану қажет.
Жылу энергиясын одан да тиімді пайдалану үшін жылу тораптарындағы және жылытылатын орынжайлардағы жылу ысыраптарын төмендетуге бағытталған энергияны үнемдеу бойынша іс-шараларды орындау қажет.
Жылу тораптарындағы жылу ысыраптарын төмендету үшін мыналарды орындау қажет:
- жылу ағыны тығыздықтағы төмен құбырларды – ППУ-оқшаулаудағы құбырдарды қолдану;
- жылу энергиясының СДҚ көздерінің өткізгіштік қабілеттілігін ұлғайту жолымен температуралық режімді (температуралық кесте) төмендету.
- тораптық судың ысыраптарын төмендету.
4.5. Гидравликалық режімдерін ұйымдастыру принциптері
Жылу тораптары жұмысының гидравликалық режімдерін аса сапалы басқару үшін мыналарды орындау қажет:
- жиілікті реттелетін автоматтандырылған сорғы станцияларын қолдану. Бүгінгі күні барлық қайта енгізілген объектілерде жылу энергиясын автоматтық реттейтін жүйелер қолданылады. Бұл объектілерде тұтынылатын жылу энергиясыны реттеу сапалы – мөлшерлік әдіспен қжүргізіледі, осыған сәйкес сыртқы температураның күрт тербелуін және жылу тораптарының ұзындығын есепке алғанда жылу тораптарындағы жылу тасығыштың шығыны бір күн ішінде өзгереді. Автоматтандырылған сорғы станциялары жылу тасығыштың шығына байланыссыз тапсырылған параметрлерді сақтауға мүмкіндік береді. Астана қаласының орталықтандырылған жылумен қамту жүйесінде жиілікті реттеуіштері бар 4 сорғы станциясы бар;
- жылумен қамтудың тұйық сызбанұсқаларын қолдану. 2010 жылдан бастап Астана қаласындағы жылу тораптарында сорғы станциялары мен магистралдық жылу тораптарының контурлары бөлек белгіленген тұйық сызбанұсқа қолданылады. Бұл сызбанұсқа әрбір контурды бір-біріне байланыссыз басқаруға, әрбір контур мен магистралдың нақты деректерін жеке талдауға мүмкіндік береді;
- әрбір тармақталуда реттеуші тиекті арматураны орнату. «Астана-Теплотранзит» АҚ 2010 жылдан бастап Астана қаласындағы жылу тораптары жылу трассасының түйіндерінде 120 астам реттеуші тиекті арматураны орнатты. Реттеуші тиекті арматураны орнату тармақталудағы жылу мөлшерін осы тораптың жұмысбастылығына, жылу тораптарындағы қысымның тербелісіне қарамастан реттуге, тораптық судың шамадан тыс шығындалуына, сондай-ақ жылу түйіндерін шекті қысымнан қорғауға мүмкіндік береді;
- жылу тасығышты техникалық есепке алу. Жылу тасығыштың орналасуын реттеу үшін жылумен қамтудың барлық контурларында (магистралдар мен трмақталу), сондай-ақ осы контурдағы тұтынушыларда өлшеп-бақылау құралдары болуы қажет. Барлық сорғы станцияларының шығуында техникалық есепке алу барлық параметрлер – жылу тасығыштың температурасы, қысымы және шығыны бойынша жүргізілуі тиіс.
5. ӨЛШЕП-БАҚЫЛАУ ҚҰРАЛДАРЫ ЖӘНЕ АВТОМАТИКА
5.1. Технологиялық процесстерді басқарудың автоматтандырылған жүйесінің бағдарламалық-техникалық кешені (ТПБАЖ БТК)
Технологиялық процесстерді басқарудың автоматтандырылған жүйесінің бағдарламалық-техникалық кешені (ТПБАЖ БТК) мыналарды қамтуы тиіс:
- шкаф-контроллер (контроллер + жинақтаушы шкафтар);
- контроллерде (ТБК) деректерді енгізуге, өңдеуге, сақтауға арналған бірыңғайлау дабылы бар (0-5 мА, 0-20мА, 4-20мА, «құрғақ байланыс») дала деңгейі құралдары (қысым, температура, шығын сезгілері)
- бағдарламалық қамтамасыз ету;
- ОДП-да деректерді басқару және жіберу (негізгі және резервті арналар);
- қолданыстағы жүйемен келісушілік;
- 10кВ, 6кВ, 0.4 кВ таратушы құрылғылардың жағдайын сипаттайтын электр параметрлерін шығару, ОДП-ға (көзбен шолу) реле қорғанысының дабылы;
- ТБК қызмет көрсетуге арналған программатор.
- жоғарғы дейңгейдегі (ОДП) қолданыстағы ТП БАЖ жүйесінің кеңейтілуі.
5.1.1. Деректерді беру (байланыс тәсілдері мен құралдары)
-
-
Ақпаратты беру стандартты дабылмен (0-5 мА, 0-20мА, 4-20мА, «құрғақ байланыс») жүзеге асырылуы тиіс, РROFIBUS деректерінің сандық хаттамасы қолданыла алады.
-
Оператлорлық деңгейінің және БЛК (бағдарланатын логикалық контроллер) мен ОБҚ (объектімен байланысты құрылғы) деңгейінің арасында FastEthernet стандартын қолданумен деректердің берілуін қарастыру қажет.
Операторлық объект деңгейі мен ОДП (орталық диспетчерлік пкнкт) арасындағы ақпарат алмасу қажетті өткізгіштік қабілеттілікті пен ақпараттың қорғалуын қамтамасыз ететін деректерді берудің қазіргі заманғы технологияларын қолданумен ұйымдастырылуы тиіс:
- негізгі арна: сымды (белгіленген арналар), сымсыз арналар және т.с.с.
- резервті арна: GSM желісі бойынша.
-
Құбырларды ЖДБ (жедел диспетчерлік бақылау) жағдайының детекторларын іске қосу үшін БЛК-да дискреттік, ұқсас арналардың, объектілердің қажетті мөлшерде болуын қарастыру қажет.
-
5.1.2. Ақпаратты жинау (қызмет режімі)
Бірінші деңгейде (ӨБҚ және атқару механизмдері) жүйе технологиялық параметрлердің өлшенуін үздіксіз жүзеге асыруы тиіс.
Екінші деңгейде жүйе (БЛК) ӨБҚ-дан деректерді автоматты түрде жинап, қажетті деректерді өндеп, операторлық объектіге беруі тиіс және атқару механизмдеріне басқару әсерін қалыптастыруы тиіс.
Үшінші деңгейде ТПБАЖ екінші деңгейінен деректерді жинау, өңдеу, көзбен шолу, сақтау және деректерді ОДП-ға (мұрағаттау) беру жүргізіледі.
БЛК-дағы арналардың саны жұмыс жобалау кезеңінде «Астана-Теплотранзит» АҚ-мен келісілуі тиіс.
Барлық жобалар «Астана-Теплотранзит» АҚ-мен әзірленіп, келісілуі тиіс.
Siemens жабыдығындағы қолданыстағы жүйе.
5.2. Метрологиялық қамтамасыз ету
ТПБАЖ-ны жобалау бойынша жұмыстардың басталу кезеңінде орындаушы өлшеу құралдарына мына құжаттардан тұратын метрологиялық құжаттаманы ұсынуға тиіс:
- өлшеу құралдарының түрін бекіту туралы сертификат;
- өлшеу құралдары түрінің сипаты;
- бастапқы тексерістің хаттамасы;
- өлшеу құралдарын тексеру әдістемесі.
Ұсынылатын құжаттар Қазақстан Республикасы аумағында қолданыстағы стандарттарға сәйкес болуы тиіс.
6. ЭЛЕКТРМЕН ҚАМТУ ЖҮЙЕСІ
6.1. Қосалқы станциялар және таратушы құрылғылар
Қазіргі заманғы қосалқы станцияларға қойылатын негізгі талаптар:
- Қашықтықтан басқарумен және тұрақты қызмет көрсетуші қызметкер құрамының бақылауысыз қосалқы станциялар құру;
- зауыт дайындығының ықшамдылығы, толымдылығы және жоғары деңгейі;
- қосалқы станциялардың әр түрлі климаттық аймақта жұмыс істеу сенімділігі;
- шекті температура есебінен экстремалды климаттық қосалқы станцияларда жұмысына арналған электр құралдарын қолдану;
- электр энергиясын коммерциялық есепке алудың, жабдық жағдайы мониторингінің, диагностиканың және жабдықпен басқарудың РҚА қосалқы жүйелері бар интеграцияланған ТП АЖБ құруды қамтамасыз ететін кешенді автоматтандыру,
РУ 6–20 кВ негізгі талаптары;
- жабық орындау, оның ішінде вакуумды ажыратқыштар базасында модульді түріндегі ұяшықтарымен,
- КТ бар ұяшықтарда кернеудің резонанстық жоғарылауын болдырмайтын шара қолданылу қажет;
- құйма оқшаулауы бар өлшейтін ТТ және КТ-ны, өз қажеттілігіндегі құрғақ трансформаторларды қолдану,
- құрылғы функционалды элементінің ықшам және қауіпсіз құрастырумен ұяшықтың иілгіш сәулеті;
- РЗА құрылғысымен, теле басқару, теле дабыл аппараттарымен және 6–20 кВ желілеріндегі КЗ, ОЗЗ фаза аралық орындарды анықтауға араналған құралдармен жабдықтау.
6.2. 6–10 кВ ажыратқыштары
Қазіргі заманғы ажыратқыштарға қойылатын негізгі талаптар:
- коммутациялық ресурстың белгіленген шегінде жұмыс токтарын және к.з. токтарын ажыратқан кезде сенімді жұмыс;
- қ.т. токтарды ажыратқан кезде коммутациялық қабілеттілік бойынша ресурс желілік үшін Қ/А кем дегенде 50 мың. операция және кіріспе мен секциялық ажыратқыштар үшін 30 мың.;
- қ.т. токтарды ажыратқан кезде коммутациялық қабілеттілік бойынша ресурс Қ/А кем дегенде 50 операция;
- оперативті токтың болмауы кезінде кернеумен коммутациялық аппараттармен басқаруға мүмкіндік беретін оның ішінде «қолмен» басқаруға арналған тасымалдау блогын қолданумен құрылғыларды жеткізу жиынтығының болуы;
- әсіресе тиімді әлсіз ток жетегінің ауыспалы және тұрақты токтың (оның ішінде кіріспе мен секциялық ажыратқыштар) болуы;
- бір энергия объектісі шегінде жабдықты унификациялау мақсатында Iном=3,5 кА дейін параметрлері бар ажыратқыш сызғышының бір өндірушіде болуы;
- коммутациялық қайта кернеудің төменгі деңгей сәйкестігімен тез әрекет етуі;
- коммутациялық циклдардың нормалауын орындау;
- басқару жүйесі және блогының электр магниттік қатар қолдануы мен жоғары сенімділігі;
- Әр түрлі өндірушілердің РҚАҚ микро процессорлықпен қатар қолдануы;
- барлық қызмет көрсету мерзімі 25-30 жыл бойы жұмыстың кезектен тыс, ағымдағы және орташа жөндеу жүргізбеу мүмкіндігі;
-
өндіруші фирманың максималды кепілдік мерзімі – кем дегенде 5 жыл.
6.3. Трансформаторлық қосалқы станциялар
Трансформаторлық қосалқы станцияларға негізгі талаптар:
- өндіруші зауытпен белгіленген КТҚ қызмет ету мерзімі кем дегенде 30 жыл құрауы тиіс;
- қысқа мерзімде монтаждауға және пайдалануға мүмкіндік беретін КТП жоғары зауыттық дайындық;
- жаңғырту мүмкіндігі – трансформаторды жоғары қуаттылыққа айырбастау, РУ – 0,4 кВ кеңейту, құрылыс жұмыстарын жүргізбей қосымша бірыңғай модульдерді орнату арқылы бір трансформаторлыны екі трансформаторлыға дейін кеңейту;
- КТҚ корпусының тоттануға жоғарғы төзімділігі (лакпен боялған жабынның жоғары сапасы, мырышталған болатты, ыстықтай тегістелген металды, металл еместерді қолдану), металдың қалыңдығы 2,5 мм кем болмау керек, корпустың тоттану төзімділігі бойынша кепілдік қызмет көрсету мерзімі кем дегенде 15-20 жыл;
- трансформаторлық бөлігін ауыстыруға және жөндеуге ыңғайлы болу үшін КТП алмалы-салмалы немесе трансформаторлық бөлікте арнайы тегістейтін құрылғы болуы керек;
- ТҚ есігінің бекіткіші ішкі ілмегінде орындалуы тиіс, есіктегі құлыптар қарапайым және сенімді құрылғы болу және іштей орындалуы керек;
- КТҚ есігіндегі тығыздағыш ретінде атмосфералық әсер ететін (жұмыс температурасының диапазоны + 40 º С-тан – 45 ° С-қа дейін); төзімді материалдарды көп жыл қолдану.
- есіктің үстінде міндетті түрде КТҚ-ның ішіне атмосфералық тұнбаның түсірмейтін құймасы, күнқағары болуы керек;
- төбенің құрылғысы КТҚ қабырғасына ағын суларын өткізбеу керек;
- ауа кірмесімен КТҚ жаңа құрылғыларында өткізгіш оқшаулағыштарды қолдануды мүмкіндігінше болдырмауға тырысу керек, КТҚ кірмесін оқшауланған сыммен орындау қажет. Өткізгіш оқшаулағыштары бар құрылғыларды қолдану жағдайында КТҚ сыртының профилінде оқшаулағышқа ылғалдың түсіруін болдырмау үшін арнайы толысу (жоғарылату) қарастыру кажет.
- ТМГ маркалы герметикалық трансформаторларды, ТМГСУ симметриялайтын құрылғымен КТҚ-ға қолдану;
- коммутациялық аппаратурасы жоқ баған түрінде орындалған КТҚ, оларды қосымша құрылымдарды пайдаланбай тіреуге ілуге мүмкіндік беретін трансформаторлар қолданылсын, корпус сол уақытта қозғалмайтын қаңқасы болуы тиіс;
- тізбектің көрінетін бөлігін істен ажыратқан кезде 0,4 кВ ТҚ-да жұмыс байланысы сенімділігін қамтамасыз ететін автоматты ажыратқыштарды орнатуды қарастыру қажет;
- ажыратқыштардың клеммалық қысқыштарында сымдарды бекітуге арналған бұрандамалар бұрауыш пен сомын кілтіне (алтықырлыға арналған бұрандамаларды қолданбау) арналып жасалу керек;
- КТП – ға 10 кВ ауа кірмесі бар сақтандырғыш қолдану қажет – пайдаланылған ажыратқы түріндегі немесе ажыратқы;
- трансформаторды және коммутациялық аппаратураны ауыстыруды жеңілдететін РУ 6 – 0,4 кВ бар трансформатордың иілгіш байланысын қолдану;
- электр қосқыштарды бұранда қосқыштардың минималды санымен аппаратты қысқыштарда артықшылықпен орындау;
- найзағайдың күшеюінен қорғану үшін жоғары энергия сыйымдылығы бар күшею жарылыс қауіпсіздігі шектегішін (ШКШ) қолдану қажет.
6.4. РҚА жаңа құрылғылары
РҚА жаңа жүйелері және аппараттары мыналарды қамтамасыз ету қажет:
- реле қорғанысының тез әрекет ететін құрылғысын арттыру негізінде токтардың қысқа тұйықталу уақытын төмендету;
- РҚА құрылғысының сезгіштігін арттыру жолымен пайда болудың алғашқы кезеңінде желі элементтерінің зақымдалуын анықтау;
- байланыс арналары арқылы пайдаланушы қызметкердің жұмыс орнынан жойылған үндеуіне қол жетерлігі;
- қолдану нәтижесінде РҚА құрылғысының қызмет істеуінің сенімділігін арттыру;
- аппаратты құралдарды және бағдарламалық қамтамасыз етуді үздіксіз диагностика құрылғыларына біріктіріп салынған;
- аппаратты құралдарды, қорғау функцияларын және бағдарламалық қамтамасыз етуді резервтеу;
- элементті деректердің қазіргі заманғы энергия тиімділігі (күшпен суытуды қажет етпейтін);
- энергия тәуелсіз жадыда ақпараттарды, константты және бағдарламаны сақтау,
- оптикалық талшықты қоса алғанда байланыстың цифрлық арнасы;
- апатты дабылдарды және командаларды беру үшін байланыстың ұқсас арналарын.
РҚА шағын процессорлық құрылғысы қызметінің толық орта мерзімі 12 жылдан аспауы керек; бас тартуға орташа атқарылым 100 мың сағаттан кем болмауы керек.
Шағын процессорлық құрылғылар мына пайдаланушы мүмкіндіктермен қамтамасыз етуі тиіс :
- ЭҚЕ және ПТЕ анықталған сақтау, автоматика және басқару қызметтерін орындау;
- ішкі пішін үйлесімі тапсырмасын (сақталу мен автоматиканың кіруі/шығуы, қорғау сипаттамасын таңдау және т.б.);
- қорғау мен автоматика тағайыншамаларының енгізілуі мен қорғалуы;
- ажыратқыш орнының бақылауы мен индикациясы, сондай-ақ оның басқару тізбектерінің жөндемсіздігін бақылау (ажыратқышқа әсер етуші РЗА құрылғысы үшін );
- байланыс желісі бойынша тағайыншамалардың апат, кірме және өзгеріс параметрлерін беру;
-жұмыстың барлық уақыты бойы жұмыс істеу қабілеттілігінің (өзін өзі тексеру) үздіксіз жедел бақылауы;
- өтірік істен шығуын болдырмау үшін құрылғының жөндемсіздігі кезінде барлық шығу жерлерінің блоктануы;
- басқару мен блоктанудың дискретті сигналдарын алу, басқару, апатты және ескерту дабылдары командаларын беру;
- жоғары бөгелудің сақталуын қамтамасыз ету үшін қосымша қуат алуды қоса барлық кіру мен шығу гальваникалық айырықтарды;
- ТЖҚ екінші тізбектерінде пайда болатын ток күшінің көбеюіне құрылғы тұрақтылығының жоғарлауы үшін корпус пен өзі арасындағы кіру жері мен шығу жерлері оқшаулауының жоғары кедергісі мен беріктілігі
Құрылғылар жалған жұмыс істемеуі тиіс және мыналар болған кезде зақымданбауы керек :
- жедел токты алу және беру кезінде, сондай-ақ әрі қарай қалпына келтіруімен кез-келген ұзындықтағы қуат алу үзілісі кезінде;
- кері ағынды полярлықтықтың жедел тұрақтылық тогының кернеуін беру кезінде;
- жедел ток тізбектерін жерге тұйықтау кезінде.
Құрылғылар қуат алатын кернеуінің болуынан тәуелсіз қызметтің барлық мерзімі бойы қорғаныс және автоматиканың (тағайыншама) реттелуі мен конфигурациясы параметрлерінің сақталуын қамтамасыз етуі тиіс. Сағат жүрісі мен жадыдағы белгіленген деректер үш жылға дейін уақытқа жедел қуат алуға түскен кезде сақталып қалынуы тиіс.
Құрылғылар номиналды мәннен (тұрақты токтың 110 В жедел қуат алуын орындау үшін - 0,2 с бойы) жедел қуат алу толық жоғалған жағдайда 0,5 с бойы.
Жедел тоқ бергеннен кейін құрылғының жұмысқа жайындық уақыты 0,5 – 0,8 с аспауы керек.
6.5. Электр энергияны есепке алу. Электр энергияны есепке алу жүйелеріне жалпы талаптар
Электр энергияны есепке алу жүйелері жүйелердің бірінші және екінші деңгейі сапасындағы өлшеуішті орындау таратушы функцияларынан ЭКЕАЖ үш деңгейлі ақпаратты-есептеуіш жүйені ұсынады.
Жаңа объектілерді жаңарту, жетілдіру және құрылысы бағдарламаларды іске асыру кезінде, жаңартылатын объектілердің есепке алу жүйелері ЭКЕАЖ қолданыстағы жүйесіне интеграциялануы тиіс.
Бірінші деңгей электр энергиясының өлшеуін жүргізу қызметін орындайтын ақпаратық-өлшеу кешендерін (АӨК) ұсынуы керек. АӨК электр энергиясының тогы (50 А жоғары ең жоғарғы токпен қосылуы үшін) есептегішінің өлшеуіш трнасформаторларын өзіне қосуы тиіс.
Екінші деңгей аталған электор қондырғы бойынша ақпараттың консолидациясы қызметін орындайтын электр қондырғының ақпаратты-есептегіш кешенін ( ЭАЕК) ұсынады. ЭҚАЕК өзіне ИИК деңгейіне байланысты электр энергиясы есептегішінен ақпаратты есептеуге мүмкіндік беретін деректерді жинау және беру құрылығы (ДЖБҚ) мамандандырылған бақылау құрылғысын өзіне қосуы тиіс.
Үшінші деңгей өзін қолданушымен ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және көрсету қызметтерін орындайтын ақпаратты-есептегіш кешені (АЕК) ретінде ұсынады. АЕК өзіне деректер базасы, жинау, өңдеу, web-серверлерді қосуы тиіс; ДТЖҚ және (немесе ) есептегіштерден, қолданушылардың АЖО-дан, деректерді жинау құрылғысы мен ЭАЕК деңгейімен байланыс құрылғысы, үздіксіз қуат алу жүйесінен ақпаратты есептеуге рұқсат беретін жүйенің орнатылған қолданбалы бағдарламалы қамтамасыз етуімен дербес компьютерлер.
Жүйеде екінші деңгей сызбанұсқасынан жойылу мүмкіндігі болуы тиіс.
Жүйе бағдарламалық және аппараттық деңгейдегі рұқсат етілмеген кіру қорғанысының құралдарына ие болуы тиіс.
Трансформаторлық қосалқы станцияларда орнатылатын есептегіш пен ДЖБҚ (ЭАЕК) арасындағы байланыс каналы PLC-технологииясының (Power Line Communication – 0.4 кВ күшті желісі бойынша) көмегімен ұйымдастырылуы керек.
Трансформаторлық қосалқы станциялар (PLC-технологииясы базасындағы есептегіш пен ДЖБҚ арасындағы деректерді жинаумен және берумен) және жоғарғы деңгейдегі ақпараттық-есептегіш кешенде (АЕК) орнатылатын байланыс каналы GPRS-технологиясы (GPRS модем) бойынша GSM-желілерін қолданумен орындалуы тиіс. Сонымен бірге деректерді беру(соның ішінде GPRS-технологиясы) сымды және сымсыз желілерде IP адрестерімен белгіленген, сондай-ақ динамикалы мақсатымен IP-арналарын қолдану мүмкіндігі қарастырылуы тиіс.
110-35 кВ қосалқы станцияларда орнатылатын есептегіш пен ДЖБҚ (ЭАЕК) арасындағы байланыс арнасы RS-485, Ethernet, PLC-технологиясы (Power Line Communication – 0.4 кВ кВ күшті желісі бойынша) 36 типтегі цифрлы арналар бойынша ұйымдастырылуы тиіс.
110-35 кВ қосалқы станцияларда (RS-485, Ethernet, PLC-технология типтегі санды арна бойынша есептегіш пен ДЖБҚ (ЭАЕК) арасындағы деректерді жинау және берумен) орнатылатын ДЖБҚ (ЭАЕК) және жоғары деңгейдегі ақпараттық-есептегіш кешенде (АЕК) арасындағы арна ретінде сымды және сымсыз желілерде IP адрестерімен белгіленген, сондай-ақ динамикалы мақсатымен IP-арналардың қолдану мүмкіндігі қарастырылуы тиіс (соның ішінде байланыстың GPRS-технологиялы, талшықты-оптикалық желілер).
6.6. Реактивті қуаттылықтың өтемақы құрылғылары
Электр жэнергиясының сапасын сақтау, электр энергиясы ысырабын төмендету және өткізгіштік қабілеттілігін арттыру үшін стантикалық өтемдеуіш құрылғыларын орнату ұсынылады, оның ішінде:
- тиристорлық-реакторлық топ;
- конденсатор құрылғылары;
- өтемдеуіш (сүзгілерді қолданумен) құрылғылары;
- күштемелі электроника базасындағы статикалық тиристорлық өтемдеуіштер.
110–220 кВ кернеудегі әлсіз жұмыс жүктелген тораптарды желілердің шығындалатын заряд қуаттылығын өтеу үшін кернеу деңгейін бірыңғайландыру мақсатында басқарылатын және реттелмейтін тұйықтағыш реакторлар қолданылады.
35–110 кВ желілерде кернеудің реттелуін қамтамасыз ету үшін вакуумдық ажыратқыштармен коммутациялатын бірнеше реакторлық топтардың трансформатордың (автотрансформатор) орамасына қосылуына жол беріледі.
6–110 кВ желілерде реактивті қуаттылықты бір қалыпты жылдам әрекет ететін өтеу қажет болған жағдайда тиристорлармен басқарылатын ректорлар тобын қолдану ұсынылады.
0,4–110 кВ жұмыс жүктелген тораптарда кернеу деңгейі төмен болған кезде қуатттылық ысырабын төмендету және кернеудің талап етілетін деңгейін қамтамасыз ету үшін конденсаторлық құрылғыларды олардың толық (немесе жеке бөлшектерін) іске қосу жолымен қолдану қажет. Желі жұмысының барлық режімдерінде резонанстық құбылыстарды болдырмау шартымен конденсаторлық құрылғыларды қолдануға жол беріледі.
Энергия сапасының параметрлерін сақтаужәне ауыспалы жүктеменің реактивті қуаттылығын өтеу, сондай-ақ 35–220 кВ желілерде электр беру тұрақтылығын арттыру мақсатында статикалық тиристорлық өтемдеуіштерді қолдану қажет.
0,4–20 кВ желілерде электр энергиясы тұтынушыларының қуаттылық коэффициентін арттыру үшін конденсаторлық құрылғыларды қолдану ұсынылады. Автоматтық конденсаторлық құрылғылар «ұзын» желілерде орнату ұсынылады, бұл ретте вольт қосқыш трансформаторлармен бірге орнатылған кезде аса жоғары нәтижеге жетеді.
Басқарылатын конденсаторлық құрылғыларды трансформаторлық қуаттылығы 250 кВА және одан да жоғары жабық қосалқы станциялдарда, басқа қосалқы станцияларда конденсаторлық батареяларды орнату қажет.
Қуаттылықты қолмен ауыстырылатын конденсаторлық батареяларды орнатуға мүмкіндік болмаған жағдайда реактивті жүктеме кестесінің базистік бөлігінде трансформатор тогын магниттайтын өтемдеу ғана есептелген жеке конденсаторларды орнату ұсынылады.
0,4–35 кВ желілерде кернеудің синусоидтілігінің бұзылуын төмендету үшін сүзгілері бар өтемдеу құрылғылары орнатылуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |