«астық ТҮйірді сақтаудың Қазіргі кездегі технологиясы»



жүктеу 1.14 Mb.
бет1/6
Дата15.06.2016
өлшемі1.14 Mb.
  1   2   3   4   5   6

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СМЖ 3-деңгейдегі құжаты

ПОӘК

П 042-14.-3-0.1.1.12.10-2008



«Астық түйірді сақтаудың қазіргі кездегі технологиясы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені

№1- басылым



«АСТЫҚ ТҮЙІРДІ САҚТАУДЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ТЕХНОЛОГИЯСЫ»

ПӘНІНІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

050728 – «Өңдеу өндірістерінің технологиясы»

мамандығы үшін


ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР


Семей 2008



Алғысөз

1. ӘЗІРЛЕНДІ

Әзірлеушілер Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Ет, сүт және тамақ өнімдерінің технологиясы» кафедрасының аға оқытушысы Әбішев Болат Шарипқазыұлы және оқытушы Нұрымхан Гүлнұр Несіптайқызы

«___» _______________2008 ж.


2.1. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Ет, сүт және тамақ өнімдерінің технологиясы» кафедрасының мәжілісінде

Хаттама «____» _____________ 2008 ж., № __.


Кафедра менгерушісі ______________ Е.Т. Төлеуов
2.2. Технологиялық институттың оқу-әдістемелік кеңесінің мәжілісінде

Хаттама «____» _____________ 2008 ж., № __.


Төрағасы ______________ Ж.К.Молдабаева
3. БЕКІТІЛДІ

Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесінің мәжілісінде қолдау алды және басып шығаруға ұсынылды

Хаттама «____» _____________ 2008 ж., № __.
ОӘК төрайымы, бірінші проректор _____________ Ә.А.Молдажанова
АЛҒАШҚЫ РЕТ ЕНГІЗІЛДІ




Мазмұны

















1

Глоссарий

4

2

Дәрістер

4

3

Зертханалық сабақтар

4

4

Студенттердің өздік жұмыстары

5




3

4

33



37



  1. ГЛОССАРИЙ

Триерлар – жүгері массасынан кукол мен авсюгті бөліп алға арналған құрал..

Тасбөлгіш машиналар – минералды қоспаларды бөлуге арналган машина.

Ауа-торлы сеператорлар – ірі, ұсақ, және жеңіл қоспалар, зақымданған бидайлар, шаңдардың сұрыптауға арналған машина.

2. ДӘРІСТІК МАТЕРИАЛ
Дәрістер негізгі мақсаты пән бойынша тақырыптарды теориялық негізде жеткізе білу болып табылады.

Модуль I. ДӘнді дақылдарды, ұнды жӘне уытты алғашқы Өңдеу туралы жалпы мӘлімет.

Тақырып 1. Дәнді дақылдарды сақтау пәніне қысқаша сипаттама

Жоспар


  1. Пәнге қысқаша сипаттамасы

  2. Дәнді дақылдарды сақтаудың ерекшеліктері

1. Пәнге қысқаша сипаттамасы
Халқымызды жоғары сапалы тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету мәселесін шешудің басты жолы дәнді дақылдардың түсімін арттырып, дер кезінде ысырапсыз жинап, шығынсыз сақтау және ұтымды өңдеу мен тиімді пайдалану болып табылады.

Дәнді дақылдардан өндірілетін нан, жарма, макарон т.б. тағамдық азықтар адам тамағының ең маңызды құрам бөлігі екендігі белгілі. Астықтан неше түрлі жем және техникалық шикізаттар да алынады.

Қазақстанның егемендікке ие бола беруінің басты шарттарының бірі – кең-байтақ еліміздің (республикамыздың) астық өндірудегі ұшан-теңіз мүмкіндіктерін тиімді жүзеге асыра отырып, азық-түлік пен жем қорларын молайту және экспорт ресурстарынарттыру. Бұл міндет дәнді дақылдар егісінің құнарлығын арттыру, егіннің шығымдылығын өсіру, жинап алынған астықтың сапасы мен одан өндірілетін өнімнің тиімділігін жақсарту, сақтау мен өңдеу барысында шығынға жол бермеу есебінен ғана орындалады.

Алайда, астық өнімдерінің бүкіл әлем көлемінде таршылығына қарамастан, оның едәуір бөлігі, өкінішке орай, халық мүддесіне жетпей қалып қояды.

Астық сақтау барысында бүкіл әлем бойынша орта есеппен алғанда дәннің 10-15 %-ке жуығы шығын болып, тіпті сақтаулы өнімдердің біразының сапасы күрт төмендеп, кейде түгелдей бүлініп, пайдалануға жарамай қалуға дейін барады.

Астық қорын сақтаудың өте жауапты да күрделі іс екендігін көп ғасырлық тәжірибе көрсетіп отыр. Біздің елде де астық өнімдерінің сақталу барысында орын алатын шығындарды азайту мүмкіндіктерін толық пайдаланбауға ішінара жол беріліп қалатындығын, көптеген астық қабылдау және өңдеу кәсіпорындарында ғылым мен озық тәжірибе жетістіктері дер кезінде тиімді жүзеге асырыла қоймайтындығын мойындауымыз қажет.

Астықты шығынсыз сақтауды және оның сапасын арттыруды қамтамасыз етуде кәсіпорындардың материалдық-техникалық базасының маңыздылығымен қатар, сол техникалық жабдықтарды дұрыс пайдаланып, өндіріске алдыңғы қатардағы ұтымды техникалық шараларды өндіретін, сақтау мен өңдеу процестерінің экономикалық тиімділігін көздейтін білікті мамандардың орны орасан зор. Сондықтан, сіздерге (студенттерге) осы пәнді, яғни, «Астықты сақтаудың жаңа технологиясын» оқыта отырып болашақта астық сақтауды ұйымдастырудың, дәннің және одан алынатын өнімдердің сапасын артырудың ғылыми негіздері мен практикалық жолдарын толық меңгеруге мүмкіндік жасаймыз.

2. Дәнді дақылдарды сақтаудың ерекшеліктері

Астық, тұқымдық дән және олардан алынатын өнімдер жеке қожалықтарда, шаруашылықтарда, селекциялық станцияларда және элеваторлар мен астық қабылдау кәсіпорындарында, ұн, жарма, нан өндірісі, крахмал, өсімдік майлар, сыра, спирт фабрика-зауыттарында сақталады.

Мемлекеттік астық қорын шоғырландыру, орналастыру, сақтау мен және өңдеу, оны тиімді пайдалануды ұйымдастыру мен халық шаруашылығының барлық салаларын астық өнімдерімен қамтамасыз ету, сол астықты қабылдайтын, оның өнімдерін шығаратын мекемелерге жүктелген. Сонымен қоса бұл мекемелер дәнді бұршақты және майлы дақылдар мен жем-шөптердің сортты тұқымдықтарын да қабылдап, өңдеп өндіріске өткізіп отырады.

Халықты нан өнімдерімен қалтқысыз қамтамасыз ету мәселесі елде ұн қорының жеткілікті, мол болуына байланысты. Сол сияқты жарма іспеттес құнды тамақ өнімдері де жеткілікті болуға тиіс. Сондықтан астық пен оның өнімдерін баптап дұрыс сақтау – маңызы зор мемлекеттік іс деп қаралады.

Астық сапасының төмендеуі, тіпті оның бұзылып кетуінің басты себептерінен бейхабар болу, сақтаудың ғылыми негіздерін білмеу орны толмас шығынға әкеліп соғады, ауылшаруашылығы өндірісінің дәнді дақылдардың өнімділігін арттырудағы, оның жалпы түсімділігін көбейтудегі жетістіктерін жоққа шығарады.

Астық сақтау ғылымы дәнді дақылдардың ерекшеліктерін, олардың сапасына физикалық, химиялық, биологиялық, технологиялық факторлардың тигізетін әсерін зерттейді.

Астық жиымындағы орын алатын заңдылықтарды, құбылыстарды білу астықты сақтауды ғылыми негізінде ұйымдастырып, оның сапасын арттыру мүмкіндіктерін іске асырудың кепілі.

Астықты және оның өнімдерін сақтауды дұрыс ұйымдастыру үшін ұшан-теңіз де күрделі материалдық-техникалық базаның және осы саладағы ғылыми негіздерді жетік меңгерген мамандардың орны бөлек екендігін баса айта кеткеніміз жөн.

Астық сақтауды ойдағыдай ұйымдастырудың күрделілігі оның физикалық, физиологиялық, биохимиялық және технологиялық қасиеттерінің ерекшеліктерінің салдарында.

Астық дәні – тірі организм деп танылады. Осы тұрғыдан қарағанда қоршаған ортаға тікелей байланысты әртүрлі құбылыстар дән торшығындағы (клеткасындағы) зат алмасу процестеріне дұрыс әсерін тигізумен қатар, оның сапасын төмендетіп, едәуір шығынға да әкеп соғатынын білген жөн.

Астықтың сапасы микроорганизмдердің және шыбын-шіркей, құрт-құмырсқа секілді жәндіктер мен зиянкестер топтарының іс-әрекет, тіршілігінің салдары нәтижесінен де төмендейді.

Сонымен, сақталатын өнімдердің табиғатына байланысты болатын шығындарды азайту – ол заттарды қоршаған ортаның әсерінен қорғау дәннің торшығындағы зат алмасуды бәсеңдетудің кепілі.

Бұл мәселе астықты сақтауға дайындаудың әртүрлі әдістерімен тиянақты жағдай жасау арқылы шешіледі. Ол үшін астыққа арналған қоймалар, элеваторлар әртүрлі дәнді дақылдардың ерекшеліктеріне сай техникалық және технологиялық жабдықтармен қамтамасыз етіледі.

Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:

1. Астық түйірді өңдеудегі тарихы

2. Дәнді дақылдарды сақтаудың ерекшеліктері


Тақырып 2. Астықты сақтау және сапасын арттыру саласындағы келелі міндеттер

Жоспар


  1. Астықты сақтау саласындағы міндеттер

  2. Астықты сақтау және сапасын арттырудағы технологиялық тәсілдер

1. Астықты сақтау саласындағы міндеттер

Астықты сақтау саласындағы көптеген мәселелер мен міндеттерді мына төмендегідей топтастыруға болар еді.



Бірінші міндет – астықты өнімдерін шығынсыз сақтауға тырысу. Негізі сан мен салмақ және сапа жағынан болатын шығындарды белгілі ғалым Л.А. Трисвятский механикалық және биологиялық деп екі топқа бөледі. Биологиялық шығындарға дәннің тыныс (дем) алуы, өну кезіндегі орын алатын, микроорганизмдер, шыбын-шіркей және кенелердің өсіп-өну тіршілігі, өзіндік қызынуы және кеміргіштер мен құстардың жеп құрту салдарынан болатын сан мен сапа жоғалтуы жатады да, ал механикалық шығындарға тасымалдау, өңдеу барысында орын алатын астықтың төгіліп-шашылуы, дәннің зақымдануы жатады.

Бұның ішінде дәннің тыныс алу барысындағы және астықты тасымалдау кезіндегі орын алатын сан-салмақ кемуі ғана амалсыздықтан болатын шығындар есебіне жатады. Сондықтан шығынның бұл түрлерін есепке алу мақсатымен астық сақтау мен тасымалдау барысындағы табиғи да орынды азаю, кему мөлшері бекітілген. Егер астық сақтауды дұрыс ұйымдастырған жағдайда бұл аталған шығын түрлері жыл бойына астық қорының небәрі 0,3...0,4 %-іне ғана жетеді.

Ал, төгіліп-шашылуға, құс-кеміргіштер, шыбын-шіркей мен жәндіктердің тіршілігіне байланысты, сонымен қатар астықтың, дәннің өздігінен қызуына, микроорганизмдердің өсіп-өнуіне жол берудің салдарынан болатын шығындарды, әрине, ешқандай себептермен ақтауға болмайды.

Екінші міндет – астық өнімдерінің сапасын төмендетпей сақтауды қамтамасыз ету. Кей кездерде іс жүзінде жиірек кездесіп орын алатын астық өнімдерінің, тұқымдық дәннің сапасының төмендеуін астық өнімдерінің, тұқымдық дәннің сапасының төмендеуін астық сақтаудың ғылыми тұрғыдағы тәртіп-ережелерін (режимдерін) бұзудың және керекті күтімнің жоқтығының тікелей салдары деп білу керек. Мұндай шығындардың алдын алмаса зор зиян, зардаптарға әкеліп соғады.

Астық өнімдері сапасының төмендеуінің тағы бір себебі – олардың өте ұзақ мерзімде сақталуы. Әрбір заттың (тауардың), әсіресе дәннің, қандай қолайлы жағдайда сақталғанымен жеке өзіне тән «ұзақ мерзімділік» (не «ұзақ уақыттылық») қасиеті бар. Аталған мерзім өткен соң ол зат ескіре (қартая) бастайды да, оның адам қажетіне керектілігі мен тұтынушылық көрсеткіштері төмендейді. Мысал үшін ұн мен жарманың кейбір түрлері 1-2 жыл сақталғаннан кейін-ақ тағамдық сапасының, ал тұқымдық дәннің 2-4 жылдан соң егіндік шығымдылық қасиетінің, қабілетінің нашарлай бастайтынын айтуға болар еді. Бұлардан гөрі дәнді астық пен бұршақ дақылдары ұзақ сақтауға едәуір шыдамды болып келеді. Олардың технологиялық құндылығы 7-15 жыл өткен соң төмендей бастайды.

Сонымен, қатар табиғи ескіру құбылыстарына байланысты қоймада сақтаулы астық қорын оқтын-оқтын алмастырып тұру қажеттілігі естен шығармау керек. Оның бер жағында астық өнімдерінің сапасын төмендетіп алмай тұрып, тиісті мекемелерге таратып, өткізіп отырады. Астықтың сапасын төмендетпей сақтауды қамтамасыз ету міндетті шарт деп білу керек.

Үшінші міндет – сақтау барысында астық өнімдерінің сапасын арттырып жақсарта беру. Бұл мәселені шешудің жолы әртүрлі технологиялық тәсілдерді тиімді қолданып, дәнді дақылдардың мүлтіксіз сақталуын және сақталуға деген төзімділігін (беріктілігін) арттыра түсу.

Төртінші міндет – өнімнің сан мен сапасын мүлтіксіз сақталуы барысында еңбек пен қаржы шығындарын мейлінше азайтып кеміте түсу.

Астық қабылдау мекемелерінің озат тәжірибесіне көз жүгіртіп, талдайтын болсақ өнімдерді сақтауға байланысты шығындарды азайтудың басты жолдары мыналар екендігін ұғу қиын емес. Жетілдірілген техникалық жабдықтарды тиімді пайдалану, өңдеудің жаңа технологиялық әдістерін енгізу, еңбекті ғылыми негізде ұйымдастыру, мекемелердегі мамандар мен жұмыскерлердің мамандық шеберлігін үнемі арттырып отыру.


2. Астықты сақтау және сапасын арттырудағы технологиялық тәсілдер

Астықты тиімді сақтауды жәнеоның сапасын арттыра түсуді қамтамасыз ететін технологиялық тәсілдерге мына төмендегі шараларды жатқызуға болады:



  1. Астықты түрлі қоспалардан айырып тазарту;

  2. Астықты кептіру. Оны дән ылғалдылығын керекті мөлшерге дейін азайту, төмендету үшін қолданады.

  3. Астықты белгілі бір температуралық жағдайда, деңгейде сақталуын қамтамасыз ету мақсатымен оны желдетіп, салқындатып отыру;

  4. Астық пен оның өнімдерін шыбын-шіркей, кене секілді зиянкестер мен жәндіктерден, кеміргіштер мен құстардан қорғауды дер кезінде ұйымдастыру;

  5. Халық шаруашылығының әртүрлі саласында арнаулы мақсатпен пайдалану үшін ірі-ірі астық қорларын (партияларын) дайындау.

Әрине, астық, дәнді дақылды астық сақтауға және олардың өнімдерін тиімді байлануға байланысты жұмыстарды ұйымдастыру тек жоғарыда атап көрсетілген тәсілдермен ғана шектеледі десек, ол аз айтқанымыз. Ауыл шаруашылығы жүйесінде астықты, дәнді баптап да қаншама қыруар істер атқарылатынын да айту жөн. Біз астық қабылдау, одан керекті өнімдер алу мекемелеріндегі басты-басты технологиялық тәсілдерді ғана атап көрсеттік.

Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:

1. Астық түйірді сақтауда қойылатын міндеттер

2. . Астықты сақтау және сапасын арттырудағы технологиялық тәсілдер
Тақырып 3. Астықты сақтау барасында орын алатын сорбциялық құбылыстар сипаттамасы

Жоспар


  1. Астықты сақтау саласындағы міндеттер

  2. Астықты сақтау және сапасын арттырудағы технологиялық тәсілдер

№ 3, 4, 5



Дәнді және басқа дақылдардың сақтауға тікелей қатысты

ерекшеліктері туралы
Астық қабылдау кәсіпорындарына дәнді, бұршақты, майлы және басқа дақылдардың жүзге тарта түрлері келіп түседі. Оларды шығынсыз сақтауды ұйымдастыру үшін әрбір дақылдың өзіне тән ерекшеліктері мен қасиеттерін біліп, түрлік белгілерімен топтастырып қарастыру керек. Мұндай жол астықтың сақтауға төзімділігін арттыру үшін қолданылатан технологилық тәсілдердің жалпы принциптерін дұрыс орындап, жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Әрине, сақтау технологиясын дұрыс қолдануда, жетілдіруде астықтың жалпы қасиеттерімен қатар әртүрлі партиялардың дән түріне байланысты ботаникалық белгілері, егу, өсіру, ору, тасымалдау ерекшеліктері де елеулі роль атқарады. Мысалы, сақтаудың кейбір жағдайларында бидай мен қара бидай, жүгері мен тарыдан төзімділеу келеді; жаңа ғана орылып жиналған астық дәні, міндетті түрде, бұрын жиналып алынған, орылғаннан кейінгі пісіп жетіду мерзімін өткен не болмаса көп уақыт сақталып жатқан дәннен төзімсіздеу болып, сапасы тезірек төмендеуге бейімдеу тұрады.

Астық деген сөз үлкен мәнді, кең түсінік. Оның құрамында негізгісі дәннің өзі болады да, тағы да әртүрлі қоспалар, шөп-шалам, ауа жайлаған қуыстары болады, түрлі микроорганизм жәндіктер мекендейді. Сондықтан сақтау тұрғысынан алғанда астық массасы дейді. Дегенмен, біздің ойымызша мұның қазақшалап астық жиынтығы не жиымы деп, не болмаса астық деп атағанымыз дұрыстау секілді. Ал, сол астықтың сапасының бірер сырт белгілері мен көрсеткіштері бойынша астық партиясы деп те атайды. Сондықтан бұдан былай астық, не астық жиыны, партиясы, дән партиясы деген ұғымдарды оқушы жоғарыда айтылғандай түсінуін тілейміз.

Астық қабылдау кәсіпорындарына дәнді дақылды астық белгілі бір көрсеткіштерімен іріктеліп, шоғырланып партия – партия болып келіп түсіп отырады. Астықтың негізгі белгілі бір ботаникалық текті дәні болып келеді де, әрбір партия сол дәннің атымен аталады, мысады, бидай, қара бидай, күнбағыс, тары және т.б. Астықтың негізгі бөлігі болып келетін дәннің өзі де ылғалдығы, тығыздығы, пісіп жетілгендігі жене т.б. сапалық көрсеткіштері бойынша бірыңғай, біркелкі емес, сантүрлі болада. Мұның бірден-бір себебі дәннің өсімдіктің бойында өсіп жетілу мен қалыптасу ерекшеліктерінде. Мысалы, бидай мен қара бидайдың гүлденуі өсімдіктің орта шенінде орналасқан масақтан басталса, тары мен сұлы сібсебастың жоғары жағынан, бұршақты дақылдар төменнен гүлдейді. Ең жоғары бағалы әрі сапалы дән өсімдіктің ерте гүлдеген бөлігінен алынады. Осыған орай 1000 дәннің салмағы /массасы/ дейтін көрсеткіш сол дәннің масақтың қай жерінде өсіп-өнгеніне тікелей байланасты болады. Мысалы, Краснодарская 46 және Безостая 1 дейтін бидайдың 1000 дәнінің салмағы масақтың жоғарғы белігінде орта есеппен 30 г, орта шенінде 50, төменінде 47 г, ал сол сияқты Саратовская 42 сортында осы көрсеткіштер 34,9; 41,0 және 37,4 г болыпты. Дубовский 129 атты күріштің 1000 дәнінің өсімдіктің жоғары жағындағысының салмағы 39-40 г болса, төмендегісінің салмағы одан 9-12 г көп.

Астықты құрамындағы дәндердің бірыңғай не біркелкі болмауына астықты орып жинау кезінде де болатын кейбір жағдайлардың әсері бар. Астықты орып бастыру кезінде дәнге механикалық күні жұмсалуы салдарынан дәннің едәуір бөлігі сызаттанып, жарықшақтанып тіпті қақ бөлініп те кетуі ықтимал. Әрине, комбайнның бастырғыш барабаңдары не басқа машиналардың кейбір тиісті тетіктері өз қызметін бірыңғай дұрыс атқармаса, жарақшақтанған, ұсақталган дәндердің мөлшері өте көп болып кетуі мүмкін. Бұл құбылыс жарма дақыл /күріш, тары және т.б./ дәңдеріне тән келеді.

Негізгі дақылдың дәнінен өзге астық жиымы құрамында басқа дәнді дақылдардың және де арам-шөп тұқымдарынан, органикалық, және минералдық шаң-тозаңнан, өсімдіктің майдаланған бөлшектерінен тұратын қоспалар да орын алады. Бұл қоспалардан сан шамасы мен сапалық құрамы астық орып-жинауды ұйымдастыру тәсілдері мен агротехникалық шаралардың деңгейіне көп байланысты.

Қоспалар сөзсіз мемлекетке өткізетін астық қорының бағасын төмендетеді; астықтың жалпы көлемі көбейеді, осыған байланысты тасымалдау мен сақтау барысындағы қосымша шығынды арттырады. Жаңа орылып, жиналған астық жиымындағы қоспалар жалпы астықтың, дәннің сапасының бұзылмай сақталу мерзімін азайтада.

Астық құрамындағы негізгі дақылдың өзінің құрамындағы дәнінде де, қоспалардың барлық түрлерінде де микроорганизмдер көптеп орналасып мекендейді, 1 г дәнде олардың жүздеген, мыңдаған, тіпті миллиондаған саны табалады. Сонымен, микроорганизмдер астық жиымының құрама бөлігі, тіпті оның қашып құтылмас серігі болап табылады; әрине, белгілі бір мезгілде, сақталу барысының түрлі жағдайларында микроорганизмдер дәннің күйімен сапасына едәуір әсерін тигізеді.

Дәндер мен қоспалардың формасы мен размерлерінің әртүрлілігі, олардың өзара орналасу барысында астық жиымында дәнаралық бос қуыстардың пайда болуына әкеп соғады. Мұны дәнарлық кеңістік, не болмаса дұрыстырағы қуыстылық деп атайды. Дәнаралық кеңістігіндегі ауа астық құрамына әсерін тигізіп, тіпті өзі де өзгеріске ұшырап, құрамы, температурасы мен қысым мөлшері атмосфералық ауадан басқаша болып кетеді.

Сондықтан дәнаралық кеңістік ауасын да астық жиымының бір бөлігі деп қарайды. Сонымен, астық және құрамына мына нәрселер кіреді:

1) Негізгі дақылдың, кейде басқа негізгі дақылға бағалылығы мен пайдалануы бойынша ұқсас дақылдардың /тұқым/ дәндері;

2)Минералды және органикалақ текті сантүрлі қоспалар /оның ішінде негізгі дақылға жатпайтын басқа дәнді дақылдар мен жабайы өсетін өсімдіктердің тұқымдары да бар/;

3) Микроорганизмдер;

4) Дәнаралық кеңістік ауасы.

Астықтың кейбір партияларында, жоғарыда айтып өткендей, шыбын-шіркей, құрт-құмырсқа және кенелер де кездесіп отырады. Сондықтан бұдарды да астық жиымының қосымша құрама бөлігі деп қарап, уақтылы, дер кезінде тиісті шараларды қолданып отыру керек екендігін естен шығармаған жөн. Астықты шығынсыз сақтау мүмкіншілігі оның табиғаты, тегі бойынша әртүрлі заттардан, тірі организмдерден тұратындығына тікелей байланасты екендігін әруақытта есте ұстаған дұрыс.

Қазіргі кезеңдегі ғылым мен практикалық тәжірибенің арқасында астық сақтау барасындағы құбылыстар туралы мағлұматтар баршалық. Оларды екі топқа бөліп, физикалық және физиологиялық құбылыстар ретінде қарауға болар еді. Бұл құбылыстарды дұрыс меңгеру, астықтың, дәннің қасиеттерін жетік білу, дән мен қоршаған ортаның да өзара байланыстарының ерекшеліктеріне түсіну астық қорын шығынсыз сақтап, халықшаруашылығында тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді.

Сақталуға қабылданған астықтың, дәннің құрамы мен қасиеттеріне белгілі әсерін тигізетін біраз жағдайлар бар. Оларға дәнді дақылдардың сорттық ерекшеліктері, дәннің, өсіп-жетілуі мен қалыптасу шарттары, астықты ору тәсілдері, астықты орылғаннан кейінгі сақтау мен астық қабалдау кәсіпорындарына тасымалдау жатада.

Астық сапасы мен қасиеттері тұқымдық дәннің сорттылық ерекшеліктері мен егіндік сапасына көп байланысты. Дәнді дақылдың сортына, түріне байланысты астық жиымының қуыстылығы, сусымалылығы және т.б. қасиеттері өзгеріп отырады.

Тіпті бір дақылдың әртүрлі сортты дәндерінің физиологиялық қасиеттерінің өзгеше болуының нәтижесінде дәннің таныс алу қарқыны әртүрлі мөлшерде болатындығы анықталған.

Тұқымдық дәннің егіндік қасиеттері мен сапалылығы /өнгіштік шығымдылық, өніп шығу энергиясы, түсімі, қоспалардың саны мен сапасы және т.б./ оның бастапқы сапасына байланысты. Сондықтан егіндік стандартты нормалық мөлшерінен ауытқытпай қатал орындау жоғары түсім мен сапалы астық алудың кепілі. Астықтың әрбір партиясын халық шаруашалығында тиімді пайдалануды жүзеге асыру үшін де оның сорттық ерекшеліктерін білгеннің көмегі зор.

Әрбір сорттың ауылшаруашылығында есепке алынатын көптеген қасиеттерінен басқа әртүрлі тұтынушылық белгілері, көрсеткіштері болады. Мыслы, бидайды оның ұны мен нананың сапасы бойынша, жүгері технологиялық қасиеттері және мал азғына тән ерекшеліктерімен, күнбағыс майлылығымен, күріш, тары, арпа, сұлы, жарма өнімдері сапасымен сипатталады. Мұның бәрі астықтың әртүрлі партияларын қабылдау және өңдеу кәсіпорындарында сорттың ерекшеліктеріне байланысты бөлек-бөлек орналастыруды керек етеді. Дәннің сорттық ерекшеліктері астықты мемлекет қоймаларына тапсырып өткізетін колхоз, совхоз және т.б. шаруашылықтармен есеп айыру кезінде де еске алынады.

Дайындау жүйесі астық өндірушілерден жоғары тұқымды дән /элита/ сатып алып, кейін оны егіндік материал ретінде белгілі бір мөлшерде ауылшаруашылығына қайтарып беріп отырады. Сондықтан қабылдау, дұрыс сақтау, тиімді өңдеу және тұқымдық қорды шаруашылықтарға мөлшерлеп таратып беріп отыру сияқты шараларды жүзеге асыру үшін қабылдау, кәсіпорындарының қызметкерлерінен әрбір сорттық өзіндік ерекшеліктерін, оларды сақтау тәртіптерін жетік білуді талап етеді.

Дәннің есіп жетілуі мен қалыптасу шарттары астықтың шығымдылығына, түсіміне, қоймаларда сақтау барысындағы оның сапасы мен күйіне елеулі әсер етеді. Астық сапасы тыңайтқыш пайдалану және де әрбір жылдың ауа райы /климат/ ерекшеліктеріне байланыста. Егер ору алдында, не орақ кезінде жауын-шашын неғұрлым көп болса, солғұрлым дәннің ылғалдылығы жоғары болып, сақтауға төзімсіз келеді.

Ал өте құрғақшьлық жылдары астық та қырманға құрғақ күйін де түседі, дән толмай қысыңқы, әлжуаз болып қалады.

Бұрын Кеңес одағы деп аталған ұлан-байтақ елдің солтүстігінде және солтүстік шығысында әрдайым орын алып отыратын қатқақ /қатқыл/ суықтар да дәннің дұрыс қалыптасуына кедергі келтіреді. Бұл кездерде астық қабылдау кәсіпорындарына суыққа шалдыққан, аяз ұрып үсіген, соның нәтижесінде сапасы төмендеген және сақтауға төзімсіз дән көп түседі.

Кейде егістіктің өзінде-ақ өсімдіктің түп тамырларын қандала секілді егін зиянкестері зақымға ұшыратуы ықтимал. Мұның салдарынан астықтың шығымдылығы, түсімі кеміп, одан пісірілетін нан өнімдерінің сапасы төмендейді. Астық құрамындағы қоспалардың, шөп-шаламның деңгейі де әртүрлі болып келеді.

Егер астықтың құрамында қоспалар, әсіресе зиянды қоспалар баршылық болса, ондай партияларды арнаулы өңдеуден өткізіп, бөлек /дербес/ орналастырып, бәлкім, тіпті ерекше жағдай да сақтап, пайдалануды көздеу керек.

Өсімдіктің егісте өсіп жетілуі мен дәннің қалыптасу кезінде де бактериоз және микоз деп аталатын микробтардың дәннің сапасын төмендетуге ықпалы болуы ықтимал.

Астықтың саны мен сапасы, дәннің күйі мен жалпы түсімі ору кезіндегі ауа-райына, орақ жұмыстарын ұйымдастыру мен техниканың деңгейіне тікелей байланысты. Сондықтан астық қорын ысырапсыз жинап алып, оны мұқият сақтауды қамтамасыз етуді көздейтін арнаулы шаралар дер кезінде қабылданып, жүзеге асырып отыру қажет. Біздің елімізде астық ору қысқа мерзімдік науқан ретінде өткізіледі. Сол себепті де орақ барысындағы шығынды барынша азайтуды, қысқартуды, тіпті оған жол бермеуді көздеу керек.

Егер ору техникасы, оның тиісті жабдықтары сай болып, білікті маман жұмыскерлер жеткілікті болса, дәнді дақылдарды орып бастыру, жинап алу І0-І2 күнге ғана созылады.

Дәнді дақылдарды комбайнмен орып жинайтыны белгілі. Орудың бір не екі фазалы жинау деп аталатын екі түрлі тәсілі қолданылады.

Бір фазалы жинау тәсіл бірден не тікелей комбайндау деп те аталды. Бұл тәсіл бойынша біркелкі пісіп жетілген дәнді дақылды орады да, бірден бастырып отырады. Ал екі фазалы жинау тәсілін жеке бөліп не ажыратып жинау деп атайды. Бұл тәсіл бойынша дәнді дақылды пісіп жетіле бастауына сай орып, дестелеп 3-5 тәулік кептірілгеннен кейін бастырып жинайды. Жеке бөліп жинау тәсілін дәннің балауызданып пісуі кезеңінің орта шенінен бастаған жөн. Өсімдіктің ору биіктігі орта шамамен 15-25 см болганы дұрыс. Ауа райы қолайлы қалыпта тұрса, сол жорғарыда аталған астық орылғаннан кейінгі 3-5 тәулік өткен соң, дән кебіңкіреп әрі әжептәуір пісіп жетіліп, қатайып қалады. Негізі жеке бөліп жинаудың артықшылығы әжәп тәуір бар деуге болады. Орақ науқанын 6 - 7 күн ертерек бастап, қысқа мерзім де әрі сапалы аяқтауға болады. Пісіп жетілген астықтың тікелей бірден комбайндау кезінде орын алатын дәннің қауызынан түсіп төгілуі салдарынан болатын шығын азаяда. Сонымен қатар орақ науқанының ерте бітуі егістікті /аңызды/ аршып-тазалап, топырағын қопсытып келесі жылға дайындақты жеделдетуге көмегі тиеді. Ең бастысы екі фазалы жинау тәсілі астықты орып жинау барысында едәуір таза әрі құрғатылған дән алуға болатындығы. Мұндай партияларды, әсіресе жылы шуақты ауа-райы және жөнді агротехника мен таза егістік болған жағдайда астықты қосымша тазалау мен кептірудің қажеттігі болмайды. Екі фазалы жинау тәсілі Сібір жағдайында дәнді ерте түсетін үсіктен сақтайтын мүмкіндік тудырады да, ал оңтустік өңірде уақтылы орып-жинап алынған астыққа қандала, тас-кане түспейді. Жоғарыдағы айтылған жағдайларды ескеретін болсақ астықты екі фазалы тәсілмен жинау-егістіктің әрбір машинасы екі рет жүріп өтетіне қарамастан-экономикалық тұрғыдан тікелей комбайндаудан тиімділеу. Сонымен қатар тікелей /бірден/ комбайндау тәсілі де орынды қолданылып жүргендігін айтқан жөн. Әсіресе кейбір дәнді дақылдар үшін осы тәсіл тиімді болатын кездері бар. Мысалы, күріш, тары сияқты жарма дәнді дақалдар үшін. Себебі екі фазалы тәсілмен орылғанан кейінгі 3 - 5 кейде 7 - 8 күн өтеді, сол кезде астық күн түскен жағынан құрғап, дән жарықшақтанып, сызаттанып, шытынап кетеді. Бұл келешекте осы дәннен өндірілетін жарманың шағымын азайтып, сапасын төмендетеді. Ал бір фазалы жинау тәсілі астық әбден пісіп жетілген кезде қолданылада, бірден комбайндалғандықтан дәннің ылғалдылығы жоғары болып келеді да, қырманда, қабылдау кәсіпорындарында арнаулы кептіргіш қондырғылары қажет болады, ылғалды дәнді дер кезінде кептіруді талап етеді. Астықты орып жинау тәсілін таңдау жолында егістіктің күйін, дәнді дақылдардың ерекшеліктерін, ауа райының жағдайларын жәна де басқа орақты ұйымдастыру жұмыстар іспеттес факторларда талдаған орынды.

Орақ науқаны кезіндегі ауа райы астықтың күйіне, сапасына, келешектегі сақтау барысында оран алатын физиологиялық құбылыстарға әсерін тигізеді. Әсіресе, дәннің сол кездегі ылғалдығының әртүрлі болуы. Егер Солтүстік Кавказ, Қырым және басқа да оңтүстік өңірлерде дәннің ылғалдығы орта есеппен 14 – 15 % шамасында болса, солтүстік пен батысқа қарай жылжыған сайын бұл көрсеткіш 16-20 %, тіпті одан кебейе береді. Ал ылғалдығы 17 - І8 % шамасындағы дәнді 1-2 күннен артық ұстауға болмайтынын еске түсірсек, келешектегі қолданыдатын сақтау технологиясының қаншалықты күрделі болатынын түсіну қиын емес.

Астықты орып жиналғанан кейінгі мезгілдегі сақтау шарттары мен оны қабылдау кәсіпорындарына тасымалдап жеткізуді мұқият, қалтқысыз орындау керек.

Астық қабылдау кәсіпорындарына жиналған дән түсімінің бірер бөлігін әкеліп өткізеді. Көпшілігі қырманда алдын ала өңдеуден өтеді де колхоз, совхоз қоймаларында уақытша сақтала береді. Кейбір партиялар үшін бұл мерзім бірнеше сағат пен тәуліктен бір айға, кейде одан көпке созылады. Осы кезде дәнге әртүрлі құрт-құмырсқа, және кенелер зиян келтіруі ықтимал. Ауа райы қолайсыз болса дән дымқылданып өніп кетеді де неше түрлі шыбын-шіркей тәрізді жәндіктердің өсіп мекендей бастап, астықтың өздігінен қызуына әкеліп соғады.

Жаңа жиналған астықтың бұзылуының тағы бір себебі өткен жылдың сабан-топан секілді қалдықтарынан тазартылмаған қырманға не егістік алаңшаларына қабылданып түскендігінен де болуы мүмкін. Мұндай дәнге мұқият қарап, тиісті күтім жасамаса, ол дымқылданып ылғалдылығы артып өздігінен қызуға шалдағады. Бұл құбылыс жаңа орылған астықта өте тез өрбіп кетеді. Ал дәнді қызған күйінде астық қабылдау кәсіпорындарына әкеліп өткізуге болмайды, мемлекеттік түгілі, қай тұрғыдан болса да, мұны заң бұзушылық пен қылмыскерлік деп бағалайды. Дән сапасының төмендеуі мен шығыны астықты тасымалдау барысында да орын алып қалатынын естен шығармау керек.

Жаңа ғана орып жиналған астыңты күту, дәнді дақылдардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктерін есепке ала отырып, тиімді, ауқымды шаралар жүйесін алдын ала дайындап, уақтылы жүзеге асырып отыру ауылшаруашылығы саласының мемлекет пен халық алдындағы жауапты міндеттерінің бірі.

Колхоз-совхоздар өздерінің қажеттігі үшін мемлекетке сатпай, дайындау жүйесіне өткізбей қалдыратан астық қорының жылдан жылға, қазіргі кезде үстем болып, кең тарап келе жатқан нарық экономикасының да шарттарына тікелей байланысты, көбейе түсетінін ескеретін болсақ, астықты қырманда, кішігірім қоймаларда сақтаудың маңызы арта бермекші.

Дәннің сақталуға төзімділігі деп аталатын қасиеті, күй-жайы мен сапасы және оны тиімді пайдалану астықтың орып-жинап ала салғаннан кейінгі жағдайларға көп байланысты. Астықты сақтауға құнтсыз қарау физиологиялық және сол сияқты күрделі құбылыстардың бірден ербіп кетуінің салдарынан орны толмас шығынға әкеліп соғады.

Астық қабылдау кәсіпорындарына сапасыз тағайындалған /бекітілген/ шартқа, стандартқа сай емес дәнді өткізген шаруашылықтардың кіріс-табыстары азаяды, себебі астықты тазалау және кептіру үшін жұмсалған қаржы солардан өтеледі, астықтың жалпы саны, жиымы кемітіледі. Қабылданған сапасыз астықты жедел түрде тазалауды, кептіруді және т.б. өңдеуді ұйымдастыруды қамтамасыз ету қажет. Сапасыз дән жиымын бөлек, жеке-дара орналастыру сақтаудың ерекше шараларын қолданып, оған қосымша қойма қарастыруға тура келеді.

Егер бұл шарттар орындала қоймаса, не уақытынан кеш қолға алынса, дәннің сапасы күрт төмендейді. Тіпті мұндай астық жиымының көлемі көбірек болса, одан келетін шығын да есепсіз болып кетуіне таңғалуға болмай қалатын жағдай туады. Сонымен өңдеуге, сақтауға қабылданатын астық жиымының күй-жайы мен сан-сапасы әрқилы болып келеді.

Демек, қабылдауға келіп түскен әрбір партияның, әрбір дәнді-дақыл жиымының сапасын бұлжытпай дәл анықтау, әрбір дән-дақылдың өзіне тән ерекшеліктері туралы түбегейлі мәлімет болу, өңдеудің өтімді тәсілдерін, қолдарын-табу және оларды дер кезінде жүзеге асырып отыру, астық сақтаудың тиімді ереже-тәртіптерін /режимін/ анықтап қолдану - астық қабылдау кәсіпорындары мен мекемелері қызметкерлерінің келелі де жауапты міндеттері болып табылады. Осы мәселелерді дұрыс шешу астықты сақтау кезіндегі күтімді ұйымдастыру, қосымша өңдеу, біркелкі тұрақты салалы партиялар дайындау, тұтынушыларға босату және т.б. сол сияқты керекті шараларды іске асыруды жеңілдетеді.

  1   2   3   4   5   6


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет