Ақсу ауданының 2014 жылдың әлеуметтік –экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерінің орындалуын бағалау және



Дата22.02.2016
өлшемі178.28 Kb.
#2197
Ақсу ауданының 2014 жылдың әлеуметтік –экономикалық

дамуының негізгі көрсеткіштерінің орындалуын бағалау және

2015 жылдың жоспарын нақтылау туралы

Өткен жылдың қорытындысын саралай келе ауданымыздың экономикасының даму қарқынын сақтай отырып, халықтың әл-ауқатын, тұрмыс деңгейін жақсартуға бағытталған бірқатар жұмыстар атқарылғандығын айтуға болады.

Аудан бойынша өндірілген жалпы өңірлік өнім көлемі – өткен жылдың деңгейінен 103,6% артып, 27 млрд 214 млн теңге болды, (2013-26 млрд 269млн) + 945,4млн.

Ауыл шаруашылығында өндірілген жалпы өнім көлемі өткен жылмен салыстырғанда 100,3% құрады, нақты 14 млрд 996 млн теңгенің өнімі өндірілді.

(жоспардың 90,4%, жоспар -16 582 млн теңге ).



Егін шаруашылығы өнімдерінің көлемі 100,3% құрады, нақты 5 млрд 907 млн теңгенің өнімі өндірілді.

(жоспардың 94,6%, жоспар -6247,9 млн тг ).


Биылғы 54 мың 910 гектарға себілген дақылдар толық жиналды:

- 45 мың 351 тонна астық, (95,4%; - 2209 тн);

- 21 мың 427 тонна майлы дақылдар алынды, (116,5%;+ 3042 тн).

Дәнді дақылдар 30750 гектарға себілген. Құрғақшылыққа байланысты тәлімді (багара) жерлерге себілген күздік бидай (15 ц/га) мен жаздық арпаның (14,1 ц/га) өнімділігі өткен жылмен салыстырғанда 6,0% төмендеген.

Бірақ, суғармалы алқаптарға себілетін дақылдардың өнімділігі мен көлемі артты: дәндік жүгерінің жоспары 150 гектар болса, нақтысында 234 гектарға себіліп, 1058 тонна өнім алынды.

Май бұршақтың да көлемі жоспардағыдан артық орындалып отыр (10139 га).

2015 жылға дәнді дақылдардың алқаптарын 250 гектарға көбейтіп, 15,8 центнер өнімділікпен жалпы түсімді 50 мың тоннаға жеткізу жоспарланды.

Қант қызылшасының себілген 250 гектарынан 5 мың 888 тонна өнім жиналды, (2000 тн заводқа өткізілді),

Себілген 250 га қант қызылшасының жер бетіне 118 гектары ғана шыққан. Алынған тұқымның шығымдылығы 30% аспағандықтан, күтіп баптау жұмыстары дұрыс жүргізілмеді.

Көксу қант зауытына өткізілген тәтті түбірдің 25-30% дейін көлемін жарамсыз деп алынды және ұсақ қызылшаларды зауытқа тасымалдау тиімсіз болғандықтан мал азығына жіберілді.

2015 жылдың өніміне жоспарланған 860 га қант қызылшасы дайындалған терең сүдігерге себіледі.

Облыстық ауылшаруашылығы басқармасына - 985,6 себу бірлігіндегі шетелдік тұқымға, - 976 кг отандық тұқымға сұраныс берілді.

Қант зауытымен 24 шаруашылық келісім шартқа отырды.
015 жылдың өніміне 15 мың гектар күздік бидай себіліп

15 500 гектарға сүдігер жыртылды.

Аудандағы 3 тұқым шаруашылығында 598 тн тұқымдар даярлап, алған шаруашылықтарға 1,5 млн тг субсидиясы төленді.

жаздық бидай (30 тн), күздік бидай (300тн),

жаздық арпа (68 тн), май бұршақ (200 тн).

Интенсивті технологияларды пайланудың нәтижесінде әрбір гектардан орташа 17,7 центнерден өнім алып, 17 мың 990 тонна жалпы түсім түсті

Тамшылатып суару әдісі 60 гектарға орналасқан алма бағы мен 14 гектар көкөніске пайдаланылды. («АгроХолдингАксу» ЖШС).

Нөлдік технологиямен 1280 гектарға дәнді дақылдар, 10139 га майлы дақылдар интенсивті технологиямен себілген.

Келесі жылы көлемін 5000 гектарға жеткізу жоспарланды.

Мал шаруашылығы өнімдерінің көлемі өткен жылмен салыстырғанда 100,2% құрап, 9 млрд 048,6 млн теңгенің өнімі өндірілді.

(жоспардың 88%, жоспар -10287,9 млн тг ).



Мал басының саны 100%-тен 108%ке дейін артты:

(түйе мен шошқадан басқасы),

-ірі қара мал саны 108%ке (+4829 бас),

-қой ешкі саны 100,1 % дейін көбейді, (+368 бас),



-үй құстарының саны 131,5% көбейген. ( +22 мың ).

Мал түрі,

2013 ж

2014 ж

+,-

%

Ірі қара, мың бас

60429

65258

+4829

108

Қой-ешкі, мың бас

279720

280088

+368

100,1

Жылқы, бас

19991

19991




100

Түйе, бас

65

59

-6

90,8

Шошқа, бас

225

138

-87

61,3

Үй құстары, мың бас

70391

92587

+22 196

131,5

Мал шаруашылығы өнімдерін – ет өндіру 103,1% болса, сүт пен жұмыртқа көлемі өткен жылдың деңгейінде қалыптасты.

өнім түрі




2013 ж

2014 ж

+,-

%

Ет

тн

11679

12040

+361

103,1

Сүт

тн

28028

28056

+ 28

100,1

Жұмыртқа

Мың дана

3275

3275




100


«Мүйізді ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасы бойынша 115 шаруашылық құрылып, 7945 бас аналық мал бағдарламаға қатысуда.
*** «Сыбаға» бағдарламасы бойынша жоспардың 60% орындалды: 2014 жылы 5 шаруашылық 68,3 млн теңгеге 360 бас ірі қара малдарын сатып алды. (жоспар 600 бас).

2014 жылы 300 бас ірі қараға арналған бордақылау алаңы іске қосылды. (жоспар-300 бас;Қызылағаш, Думан ш/қ).

«Алтын асық» бағдарламасымен 2210 бас қой,

«Алтын асық» бағдарламасы күзде басталса да, қысқа мерзімде несие алуға 4 шаруашылықтың құжаттары даярланған, алайда, кепілдік мүлікі жетпегендіктен қайтарылды.

«Құлан» бағдарламасымен 170 бас жылқы сатып алу жоспарланған, шаруашылықтардың кепілдік мүлік құны жетіспегендіктен несие берілмеді.
Асыл тұқымды мал өсіретін 5 шаруашылықтарда ірі қараның сүтті бағыттағы «Алатау», етті бағыттағы «Әулиекөл» тұқымы, қойдың «меринос» және жылқының «Жабы» тұқымын өсіріледі.
2015 жылға ауылшаруашылығы өнімдерінің көлемін 5,7% өсіммен 15 млрд 850 млн теңгеге жеткізу жоспарланып отыр,

оның ішінде:

- мал шаруашылығы өнімдері – 9 565,2 млн. теңге,

- егін шаруашылығы өнімдері – 6 244,8 млн. теңге.


2015 жылы «Алтын Асық» бағдарламасы бойынша 2200 бас қой,

- «Құлан» бағдарламасымен 225 бас жылқы,

- «Ырыс» бағдарламасымен 1 сүт товарлы фермасын ашу,

- «Сыбаға» бағдарламасымен 650 бас ірі қара малын сатып алу, Инвестициялық жоба бойынша 3 құдық қазу және экспортқа

156 тонна ірі қара малының етін шығару жоспарланды.
Ветеринария бөлімі

Бруцеллез ауруын анықтау мақсатында 65 мың бас ірі қара,

205 мың бас ұсақ мүйізді малдар тексеріліп,

нәтижесінде 32 бас ірі қара және 1119 бас ұсақ мүйізді малдарда ауру анықталған. Тиісті іс-шаралары атқарылды.

2014 жылы 31,9 мың бас ірі қара, 118 мың бас ұсақ мүйізді малдар, 20,1 мың бас жылқы бірдейлендіріліп, дерекқорға енгізілді.

Бес ауылдық округтерде мал көмінділерін салу жұмыстары аяқталды. (Жансүгіров, Сырттанов, Қызылағаш, Матай, Қапал-18735 мың).

Жер қатынастары бөлімі

Ауданның жер көлемі 1 млн. 259 мың 293 га. Елді мекен жерлері 104 мың 660 га.

Ауылшаруашылық жерлері - 682 мың 366 га,

оның ішінде: 32 мың 625 га суармалы жер, 45 мың 822 га тәлім жер,

21 мың 863 га шабындық жер, 575 мың 705 га жайылым жер.

Ауданда 2570 шаруа қожалықтары, 41 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және 2 өндірістік кооператив тіркелген.

Ш/ қожалықтарының пайдалануында 573 мың 813 га жер бар.

Игерілмей жатқан106 мың 074 га жер анықталды.

(оның ішінде суармалы – 4400 га, тәлім – 6923 га жер,

шабындық – 2389 га, 92360 га жайылым).

Жерін пайдаланбағаны үшін 77 ш/қ мен 5 заңды тұлғаның жерлері иесіз мүлік ретінде Әділет басқармасына тіркелді, 2 заңды тұлғаның құжаттары инспекцияға шара қолдану үшін жіберілді.

2014 жылы жер телімдерін жалға беруге 2 конкурс өткізіліп, 52 мың 049 га жер 154 ш/қ және 5 жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілді.

в тч: суармалы - 3497 га, тәлім - 2052 га, шабындық - 313 га, жайылым - 42496 га.



Өнеркәсіпте жыл басынан 3 млрд 288,6 млн теңгенің өнімі өндіріліп, нақты өнім көлемі 100,2 % құрады,

Жоспар 108,2%ке орындалды, (жоспар - 3038,2 млн тг).

Оның ішінде өңдеу саласының көлемі 100,3%, немесе, 2 млрд 758,8 млн тг құрады.

Ақсу өзенінде су деңгейінің төмендеуіне байланысты электр қуатын беру қызметінің көлемі 3,4% төмендеген, өткен жылы 12,4 млн.квт/сағат, биыл 11,9 млн.квт/ сағат электр қуаты өндірілген.

2015 жылы құны 500 млн тг, қуаттылығы сағатына 5 МгВт шағын ГЭС құрылысы жоспарланған.

Вагондардың жаңартылуына байланысты жөндеуге сұраныстын азайғандықтан «Матай ТУ-8» ЖШС-гі таратылып, орнына «СКД-7» ЖШС-гі тіркелді.

Қызмет көлемі туралы есебі өнеркәсіп саласынын көрсеткіштеріне енгізілетін болады.

2015 жылдан бастап Бүйен өзеннінде ГЭС каскадының құрлысы басталады. Жобаны іске асырушы «Standard hydrapower» ЖШС.



Өнім өңдеу саласында жоспарланған бір кәсіпорын іске қосылып, 3 жаңа жұмыс орындары ашылды, кәсіпкердің қаражаты есебінен 4,0 млн.теңге инвестиция салынды, (пескоблок цехы).

2015 жылы «Өндіріс-2» бағдарламасымен құны 306 млн тг 2 жоба қабылданды:

- 50 млн тг мал сою алаңының құрылысы (ТОО «Копа» - 50 млнтг),

- 256 млн тг гранит өңдеу цехы іске қосылады. (ТОО «Жетісу Гранит» - 256 млнтг).

2015 жылы 112% өсіммен өнеркәсіп өнімі көлемін 3 млрд 682 млн теңгеге жеткізу жоспарланды.

Кәсіпкерлердің қаражаты есебінен 43 млн теңге инвестиция салынып, 5 жаңа жұмыс орнымен 2 жаңа кәсіпорын ашу жоспарланды (мол цех, пекарня).

Елбасының жұмыс сапары барысында берген тапсырмасын орындау мақсатында жаңа өндірістерді орналастыруға Жансүгіров ауылында 50 га жер участкесі анықталды.

Өндіріс алаңында өндіріс цехтары орналастырылады:

1. Майлы дақылдарды өңдеу зауыты - құны 900 млн. теңге.

(«Дана – Жал» өндірістік кооперативі);

2. Мал сою алаңы, ет комбинаты, шұжық цехы, сүт өндіру цехы.

Өнеркәсіп алаңы орналасатын аумақта 215,5 млн.теңге көлемінде инфраструктурасына жобалық-сметалық құжаттары дайындалуда. 100-ге жуық жаңа жұмыс орындары ашылады деп жоспарлануда.
Шағын және орта бизнес саласында тіркелген 3338 субъектілерде

7930 адам жұмыс жасайды.

Белсенді субъектілер саны 2819 бірлікке жетті.

Өткен жылмен салыстырғанда тоқтап тұрған суб. саны 105% құрады, немесе 129ға артты.

(оның ішінде, жұмыс істеп тұрғандары 2819 субъект, 85%; тоқтап тұрғаны -514.).

Жоспарланған негізгі көрсеткіштер артығымен орындалды:



- 1 636 млн теңгенің өнімі өндіріліп, қызметі көрсетілді, 109%,

- бюджет түсімдері 57,3 мың теңгені құрап, 111% орындалды.

**Бұл түсімдердің жалпы бюджет көлеміндегі үлесі 8,2% құрайды.

(2013ж-7,3%).

Шағын және орта бизнестен бюджетке түскен салық көлемі жылдан жылға артып келеді,

2013 жылы - 52 млн тг - 7,5%,

2014 жылы - 57 млн тг болса - 8,2% ,

2015 жылы - 59 млн теңге – 8,8% көлемінде жоспарланды.

Сауда, қызмет көрсету саласында 5 нысан іске қосылды.

13 жаңа жұмыс орындары ашылып, 16 млн.тг инвестиция салынды.

(3 сауда, 1шаштараз, 1 асхана).

Бағаны тұрақтандыру шаралары жүйелі түрде ұйымдастырылған.

Азық түліктің және нан өнімдерінің бағасы тұрақты.

Ауданда 3 әлеуметтік дүкен, 7 бөлім жұмыс істеп тұр.

Бөлшек сауда айналымы 1048,3 млн тг - өткен жылғыдан 113,8% артты, (2013 ж- 921,1 млн/тг).

Өткен мерзімде «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасымен құны 497,2 млн теңге 3 жоба қаржыландырылған (1 грант),

(ХОЗУ алматы 470 млнтг; Ақсу ГЭС ЖШС -27,2 млн тг, (грант -ағаш өңдеу цехы - 3 млн тг, 15 жұмыс орнымен).

2015 жылға осы бағдарлама бойынша 3 жоба дайындалуда.

(1 жылыжай, к/х Ди-нур, 2 бордақылау цехы - Б-Әсел, кх Тналиев).

2015 жылдың қаңтарында ұсынылған үш жобаның екеуі 2-і екінші деңгейлі аумақтық банкінен мақұлданып, бас банкіге ұсынылды. 1 жоба құжаттарын толықтыру үшін қайтарылды.

2015 жылы белсенді субъектілер санын 2920 бірлікке жеткізіп, - өнім өндіру көлемін 107%ке, (1 млрд 750 млн тг),

- салық түсімдері 103%ке өсіммен жоспарланды, (59 млн тг).


Инфрақұрылымдарды дамыту Жолдар

«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасымен 74764 мың теңгеге 2 жоба бойынша жұмыстары толық атқарылып, 12 адам жұмыспен қамтылды:

- аудан орталығында 3 көшеге күрделі жөндеу жүргізілді, (55,5 млн тг);

- Қопа ауылында орталық көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді (23,3 млн тг),

17 млн теңгеге елді мекендердің ішкі жолдарына ағымды жөндеу жүргізілді.

Облыстық маңызы бар жолдардың 4 бағытында 83,6 км-не ағымды жөндеу (242,4 млн тг),

1. Алматы-Өскемен-Молалы-Үштөбе - 3,6 км; 3,3 млн тг;

2. Лепсы-М.Төлебаев-Құрақсу-Матай- 46 км, 86,9 млн тг;

3. Ақсу-Жаналық -3 км, 4,8 млн тг;

4. Алматы-Өскемен-Лепсі-Ақтоғай -31 км, 6,6 млн тг;

2 бағытта 16 км жолдарға орташа жөндеу жүргізілді (140,7 млнтг):


  1. Ақсу-Қаракөз -3 км, 53,5 млн/тг;

  2. 2.Сағабүйен-Б.Сырттанов -13 км, 87,2 млн тг



«Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша 4 ауылда ауыз су жүйелерінің құрлысы және қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ауданның 27 елді мекеніндегі 36300 тұрғындары, яғни 51% таза ауыз сумен қамтылды.

(Сағабүйен, Алтынарық - 332,6; Капал, Суықсай 37,0 млн.тг),

- 3 ауылдың ауыз су жүйелеріне ағымды жөндеу жүргізілуде,



(Көлтабан, Құрақсу, Үлгілі 63,2 млнтг).

- 3 нысанға күрделі жөндеуге ЖСҚ даярланды,



(күрделі - Ақсу, Есеболатов; реконстр- Көшкентал).

Аудан орталығында көркейту, абаттандыру жұмыстарына 58 млн теңге жұмсалды.



«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша бөлінген 36 млн 586 мың теңгеге:

- спорт алаңын ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді (16586 мыңтг);

- 5 ауылда 20 млн теңгеге мал өлекселерін тастайтын орындарды орналастыру жұмыстары аяқталды, (Аксу, Қарасу,Қарашілік, Суықсай,Арасан).
Құрылыс жұмыстарына 431 млн 916 мың теңге бөлінген.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 53,9% құрап, өткен жылмен салыстырғанда 46,1% азайған, 1000,1 млн. теңге болды. (2013ж-1785,7 млн тг).

***Себебі, мердігер ұйым орта бизнес субъектісі болғандықтан есебі статистика агенттігіне наурыз айында өткізіледі, жылдық құрылыс жұмыстарының көлемі толық орындалады.

Тұрғындардың өз қаражатына 1637 ш/м тұрғын үй салынды, өткен жылмен салыстырғанда 100,9%, құны 150 млн тг. (2013 ж -1622 ш/м), (жоспар 1600 ш/м, 102% орындалды).

Аудан орталығындағы 50 пәтерлік тұрғын үйді қайта жаңарту жұмыстары аяқталып, мемлекеттік комиссямен қабылданды. (249 млн/тг).

Жансүгіров ауылындағы 10 арендалық тұрғын үй құрылысы мен инженерлік-коммуникациялық желілерінің құрылыс жұмыстары жүргізілді (16 млнтг).

Сихимов орта мектебінің қайта жаңғырту жұмыстарына ЖСҚ даярланды (8916 мыңтг).

«Туыңды туған жеріңе тік» акциясы аясында аудан орталығындағы көп қабатты 2 үй - 20 пәтерлі және 30 пәтерлі болып қайта жаңартылды. Тұрғын-үй жинақ банкісі арқылы тұрғындарға ұсынуға дайын.






Білім беру

Ауданда 41 мектеп - 28 орта, 7 негізгі, 6 бастауыш, (6600 оқушы),

***Мектепке дейінгі білім беру - 7 балабақша (935 бала),

- 21 шағын орталық, (611 бала).

***Мектепке дейінгі біліммен қамтылу деңгейі - 70 %.

"Балапан" бағдарламасы бойынша 3 мектепте ағымды жөндеу жүргізіліп, 1 мектептің шағын орталығында қосымша 2 топ ашылды (Тоқтаров).

Жөндеу жүргізілген 2 мектепте қосымша 3 топ ашылуы тиіс (Сырттанов, Ойтоған).

Мектеп жасына дейінгі бала саны 100-120дан асқан 4 ауылда шағын орталықтарға қосымша топтар ашу қарастырылады.

Мектепке дейінгі біліммен қамтылу деңгейін көтеру үшін жеке меншік балабақшалар ашуды қолға алатын азаматтарға жан-жақты қолдау көрсетіледі.

2014-2015 оқу жылы ҰБТ-ға 85% оқушы қатысты (414-тен-352 оқушы), орта балы-66,2. (обл -73%).

“Алтын белгіге ”ұсынылған 6-нан 4 ақтады;
Жоғарғы оқу орындарына түскендер – 202, (бітірушілердің 57%);

Грантқа түскендері - 46 оқушы, ( ЖОО түскендердің 22%).

14 мектепте бейнебақылау камералары орнатылды.

27 мектепте тегін ыстық тамақпен 673 бала қамтылған (85,9%), 3 мектепте буфет жұмыс істейді, бейімделген 14 мектепте асханалар жоқ.



Денсаулық сақтау саласында 48 мекемеде

-80 дәрігер жұмыс істейді - қамтылу көрсеткіші 19,6%, (2013ж- 19,3%).

-335 орта буынды қызметкерлер - қамтылу көрсеткіші 82,2%,

(2013ж-84,6%).

Аудан бойынша дипансерлік есепте тұрғандар саны көбейді: өткен жылғы 7683тен 8385ке дейін, немесе, +702 адамға көбейді.

Әлеуметтік маңызы бар аурулар азайды:

- гепатитпен өткен жылы – 1 ауру тіркелген, – 2,5%, биыл тіркелген жоқ;

- туберкулезбен ауыру 4-ке азайды – 25 ауру тіркелді -59,6%

(2013ж-29 ауру, 72,9%);

- бруцеллезбен ауыру 9-ға көбейді – 27 ауру тіркелді - 64,1%, (2013ж -18 ауру, 44,3%).

Қатерлі ісік ауруларымен «Д» есепте 199 адам тұр:

2013 жылы 49 адам, 2014 ж- 54 адам тіркеліп, ауру саны 5-ке көбейді.

2013 жылы 27 ауру, 2014 жылы –нақты 46 ауру қайтыс болды. Қайтыс болғандар бес жылдан артық «Д» есепте тұрған адамдар.

Қайтыс болғандар 2,4 есеге көбейген себебі, 2007-2014 жылдар аралығында қайтыс болғандардың есебі онкорегистр базасына мерзімінде енгізілмегендіктен 2014 жылдың дерегіне 20 адам қосылып, 66 болды.

Бала туу деңгейі 2% көтерілген, (1 мың адамға шаққанда),

туғандар саны өткен жылы – 872, биыл – 891 бала; (+19),

- жалпы өлім деңгейі 6,8 % , немесе саны 316-дан 279-ға дейін -37 адамға азайған.

Бір жасқа дейінгі 7 бала шетінеген, - 7,8%; (2013 ж- 7 бала, 8,0%). 2014 жылы аудандық орталық емхананың 1 корпусына 40 млн 500 мың теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2 корпусын жөндеу жұмыстары басталды.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында

Жыл басынан есепте тұрған 692 адамның: (2013ж -619 адам, 92,1%),



  • 592 адам жолдамамен орналастырылды,

  • 40 адам қайта даярлауға жіберілді,

  • 14 адам жастар практикасына,

  • 11 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды.

- жұмысқа орналастыру деңгейі 93,2% құрады, немесе 657 адам жұмыспен қамтылды.

Жыл басынан 467 жаңа жұмыс орындары ашылды.



Жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,1% құрады, (2013ж-5,2%).

Ауданда әр топтағы мүгедектер саны 1646, оның ішінде:

- жұмысқа жарамды жастағылар - 857, оның ішінде, жұмысқа жарамдысы 581, (67%);

-денсаулықтарына байланысты жұмысқа жарамайтындары-276, (33%).

Жұмысқа жарамдылардың 399 тұрақты жұмыс жасайды (46%).

Жыл басынан 404 адамды жұмысқа орналастырып, 80% жеткізу жоспарланған, нақты 399 адам орналасып 78,9% құрады. (обл-75,8%)

Кедейшілік шегінен төмен тұратын адамдар саны 13-ке азайып, 0,1% құрады.

2014 жылы 10 отбасының 48 мүшесіне 1821,5 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек төленді, (2013ж- 12 отбасының 61 мүшесіне 1827 мыңтг).



«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша:

-1 бағытта - инфраструктураны дамытудың 2 жобасына 74 млн 763 мың теңге бөлінген, 24 адам жұмыспен қамтылды.

-2 бағытына сәйкес - шағын кәсіпкерлікті дамытуға 134 адамға 260,2 млн теңге несие берілді.

36 адам өз істерін кеңейтіп, 98 жаңа жұмыс орны ашылды.

-3 бағыт бойынша жоспарланған көрсеткіштер толық орындалды:

25 адам қайта даярлау курстарынан, 3 адам біліктілігін арттырудан өтті.

2011-2014 жылдары кәсіптік және қайта даярлау курстарынан өткен 60 адамның 47-і тұрақты жұмысқа орналасты(78%).

Қалған 13 адам белгілі себептермен жұмысқа орналаспады (басқа жаққа көшіп кеткен,бала күтімімен отырған, денсаулығына байланысты,әскер қатарында).

***2014 жылы жұмыспен қамту базасына 309 адам енгізу жоспарланған.

Нақты 444 адаммен әлеуметтік келісім шарт жасалды,

Жыл соңына тұрақты жұмысқа орналасқан 391 адамның 44,8%-де, немесе 175 адамда ғана зейнетақы жарналары аударылған. (обл-70,7%).

Бүгінгі күнге 67 адамға зейнетақы жарнасы қосылп, 48% құрады. 2015 жылдың 1 тоқсанында жарналарын аудару жұмыстарын толық аяқтаймыз.


Инвестициялар

Ауданға 2 млрд 883 млн теңге инвестиция салынды, (139,8%)

оның ішінде: - бюджеттен тыс инвестициялардың үлесі - 27% құрайды, (792 млн тг).

2015 жылы 2 млрд теңге инвестициялар тарту жоспарланды.



(бюджеттік инвест. 68% төмендеуіне байланысты болжам 33% дейін азайды).

Кәсіпорындардың өз қаражаты есебінен тартылатын инвестиция көлемі 115% артып, 928 млн теңгені құрайды, үлесі - 50%.



(2013ж-758,4 млн тг; 2014ж-792 млн тг).

Бюджетке түсетін салықтар мен басқа да төлемдерді жинау жоспары 125,4 % орындалды,

нақты 759 млн 242 мың теңге түсті.

(болжам – 605млн 297 мың тг).

- жергілікті бюджет болжамы 128,4% орындалды, (697 млнтг),

- Республикалық бюджет болжамы 99,6% орындалды, (62,4 мың тг).

- ЖБ бойынша салықтың 1 түрінен жоспары орындалмады:

Мем. мекемелерге бекітілген мүлікті сатудан түсетін түсімдер - 44,4%,,

- РБ бойынша салықтың 3 түрінен жоспары орындалмады:

Корпоративтік Табыс Салығы- 98,6%,

Қосымша Құн Салығы - 88,3%,

РБ мем.мекемелердің тауарларды (жұмыс,қызмет) өткізуінен түсiмдер - 1,3%.

- бекітілген кірістер болжамы 101,1% орындалды,



(жоспар 123 млн 129 мың тг, орындалуы – 124,5 мың тг).

Бекітілген кірістердің жалпы бюджет көлемінде үлесі - 2,6%. (2013ж- 4,1%).



Мерзімі өткен салық берешегі жыл басындағы 2744 мың теңгеден – 1548 мың теңгеге дейін азайтылды, (-1196 мыңтг).

Бюджет шығыстарының игерілуі 99,3% орындалды, есепті мерзімге қаралған 4571,3 млн теңгенің 4539,3 млн тг игерілді.

Игерілмеген қаржы көлемі 32006 мың тг,

( -ветеринария - малдарды сан.сою, құнын өтеуге -12908 мың тг; білім бөлімі-сұйық отынның 6644 мың тг; ЖКХ - 3 ауылға су жүйелеріне ЖСҚ -9000 мың тг; төтенше жағдайлар- 1292 мың тг; 2162 мың тг - басқа шығындар).

Коммуналдық меншікті түгендеу жұмыстары жүргізілді. Сатылған 16 автокөліктен 2745,1 мың тг кіріс түсті.

Көпқабатты 2 үй аукционнан сатылып, бюджетке 5554 мың тг түсті.

Әділет басқармасында 2621 иесіз мүлік тіркелген.


Қылмыстылық

Аудан бойынша жалпы тіркелген қылмыс саны артып отыр.

***2014 жылы 346 қылмыс тіркелген, өткен жылмен салыстырғанда 60 дерекке – 18 % өскен. (2013ж–286).

Ашылу көрсеткіші – 81,1% құрады. (2013ж-69,2%).

Ауыр және аса ауыр қылмыстар саны төмендеген.
Бөтеннің мүлкін ұрлау өткен жылғыдан 14-ке көбейген – 215 қылмыс тіркелген, 75,1% ашылған. (барлық қылмыс деректерінің 62% құрап отыр).

Мал ұрлығы 20% төмендеген - өткен жылы 100 қылмыс, биыл 80 қылмыс тіркеліп, оның 50,5% ашылған.

Алаяқтық қылмысы 14 дерекке көбейген - өткен жылы -11, 2014 жылы 25 қылмыс тіркелген.

Бұзақылық қылмысы 17-ге көбейген, тіркелген 32 қылмыстың барлығы ашылды. (2013ж- 15).

Қылмыстың алдын алу, ашу бағытында тиісті шаралары мерзімінде атқарылуда.



Аудан территориясынан өтетін автожолдарында 30 жол-көлік оқиғалары тіркелген, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 40% төмендеген (2013-42).

Аудандық экономика және

бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Г.Жандосова

8 728 32 2 15 51

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет