Ата – аналармен тренинг Тақырыбы: «Жақсылық жолмен жүрейік»


Өмірдегі ең маңызды тіреулеріңіз кім? (Бала , жанұя, отағасы, т.б.)



бет2/2
Дата08.04.2024
өлшемі263.72 Kb.
#497860
1   2
Ata-analarmen trening 1 A Shynar

Өмірдегі ең маңызды тіреулеріңіз кім? (Бала , жанұя, отағасы, т.б.)
Көрсетілген оқиға бойынша «Отбасы бақыты» тақырыбында кластер жасау. Оны ортада қоғайды.


5 Құндылықтар
Өмірде үш нәрсе..............
Өмірде үш нәрсе ешқашан қайта оралмайды: уақыт, сөз, мүмкіндік.
Өмірде үш нәрсе ешқашан жоғалтпау керек: сабырлық, үміт, намыс.
Өмірде үш нәрсе құнды: махаббат, достық, сүйіспеншілік.
Өмірде үш нәрсе тұрақсыз: арман, сәттілік, байлық.
Өмірде үш нәрсе адамды құртады: шарап, өзімшілдік, ашу.
Өмірде үш нәрсе адамды сипаттайды: еңбек, шыншылдық, жетістік.
Бейнеролик көрсету «Мен сенің ..... »
Бейнероликтің үзіндісін көргеннен кейін ата-аналар өз ойымен оны жалғайды. Және сәтсіз жақтарын ортада айта отырып ұсыныстарын да қалдыра алады.
Қорытындылау .
6. Психологиялық тренинг. «Жүректен жүрекке»
Әр ананың жүрегі баласы үшін қуанып, баласы үшін уайымдайды. Сіздердің жүректеріңіз ешқашан ауырмасын. Уайымның не екенін білмесін деген тілекпен жүрек жарды жылы лебіздеріңізді алдарыңызда жатқан жүрекшеге жазып тақтаға ілулеріңізді өтінемін. Ол тілекті балаңыз оқып қанатына қанат қосып, кездескен кедергіге мойымай шыңдалтады деген үміттемін.
Ата-ана алдарында жатқан жүрекшенің біреуін таңдап алады.
Жүрекшеге болашақта балаңызды қандай адам ретінде елестететінін жазады.
7. « Ғажайып гүл» Бүгінгі коучингтен қандай ой түйдіңіз?
Алған әсерлеріңізбен бөліссеңіздер? Ата-аналар өз ойларын гүлдің күлтешесіне жаза отырып тақтаға іледі. Күлтешелер арқылы гүлдің ғажайып бейнесін құрастырады.
Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге үлкен ризашылығымды білдіремін. Әр шаңырақта қуаныш, береке - бірлік болсын. Рақмет.

С.Сейфуллин атындағы


№ 5 көпсалалы мектеп-лицейінің
1 «А» сынып оқушыларының
ата-аналарымен ұйымдастырылған тренинг туралы мәлімет.

Ақпан айының екінші жұлдызында «Жақсылық жолмен жүрейік» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды. Мақсаты: Ата – аналар арасында жағымды қарым – қатынас орнату, сыйластықты арттыру, отбасында балаға жақсы тәрбие беруіне ықпал жасау.Тренинг ережесі: Сенімділік, сыйластық, жақын араласу. Тренинг барысында ата-аналарға бейнероликтер көрсете отырып, тапсырмалар ұсынылды. Бес топқа бөлінген ата-аналар өз ойларын ортада ашық жеткізе білді. «Мұнара» жасау арқылы ұжыммен бірлесе жұмыс істей білу, түсіністік бірінші бақыт екенін, және «Бірлесе көтерген жүк жеңіл» демекші ауызбіршіліктің маңыздылығы туралы өз ойларын ортаға салды. «Отбасы бақыты» тақырыбында кластер құрады. Көрсетілген бейнероликтерді жалғастыра отырып жағымсыз әрекеттерде адам өзін қалай ұстау керек екенін кеңес ретінде ойларымен бөлісті.


Қорыта келе «Жүректен жүрекке» психологиялық тренинг бойынша өз балаларына жылы лебіздерін жазып қалдырды. Ұйымдастырылған тренинг бойынша өз ойлырын, ұсыныстарын, тілектерін «Ғажайып гүл» күлтешесіне жазып тақтада әдемі гүлдің бейнесін құрастырды. Тренинг сәтті ұйымдастырылды. Ата-аналар ризашылқтарын білдіріп тарасты.
Ұйымдастырған: өзін-өзі тану пәні мұғалімі Амангельдиева Ш.Х.








Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет