Ата – аналармен тренинг Тақырыбы: «Жақсылық жолмен жүрейік»



бет1/2
Дата08.04.2024
өлшемі263.72 Kb.
#497860
  1   2
Ata-analarmen trening 1 A Shynar


Ата – аналармен тренинг
Тақырыбы: «Жақсылық жолмен жүрейік»
Мақсаты: Ата – аналар арасында жағымды қарым – қатынас орнату, сыйластықты арттыру, отбасында балаға жақсы тәрбие беруіне ықпал жасау.
Тренинг ережесі: сенімділік, сыйластық, жақын араласу
Барысы:
Кіріспе.

  1. Сәлемдесу.

Бір күнгі танысыңа қырық күн сәлем дегендей біз бүгін
дәстүрден тыс амандасу түрлерін жасаймыз. Түрлі-түсті үш қолдың суретін көрсете отырып бір-бірімен амандасады. Қызыл қолды көрсеткенде күліп қолмен амандасып жылы тілектерін айтады, көк қолды көрсеткенде иықпен амандасады. Сары қолды көрсеткенде құшақтасып жылы лебіздерін білдіреді.


Психологиялық ахуалды орнату.
Ата-аналарды шеңберге тұрғызып орамдағы жіпті бір-біріне тізбектей жалғастыра отырып өзінің мінез - құлқын сипаттайды.
Құрметті ата-аналар сіздермен бірге отбасы бақыты тақырыбында сөз қозғаймыз. Тренинг сабағымызға қош келдіңіздер дей отырып назарларыңызға мына бейнероликті ұсынамын.
Топқа бөлу. Әр ата-ана асықтың түстеріне қарай таңдап алу арқылы бес топқа бөлінеді.
1. «Әкем мені биге шақырды.» Бейнебаян
Қызымен әкесінің қарым-қатынасы жайлы өз ойларыңызды ортаға салсаңыздар.
Негізгі бөлім
«Мұнара». Шығармашылық тапсырма.
Әр топ өз мұнараларын топта құрастырады. Ешқандай үлгі ұсынылмайды. Ата-аналар өз қиялдарымен ең биік, құламайтын , мықты мұнара құрастыру қажет. Әр топ өз мұнараларын ортада қорғайды.
Сіздер бұл мұнараны құрастырудың мәні неде деп ойлайсыздар?
Ұжыммен бірлесе жұмыс істей білу, түсіністік бірінші бақыт. Және істеген ісіміз мықты берік болу шарт. Сол арқылы өзіміздің мықтылығымызды дәлелдейміз. «Бірлесе көтерген жүк жеңіл» демекші ауызбіршіліктің маңыздылығын түсіндік. Әркім өз бетімен жасаса мұнара биік шықпас еді.


Бақыт деген не өзі?
Б.Момышұлының пайымдауында бақыт дегеніміз.......................
Бақыт әркімнің өзіне , өмір сүрген ортасына жағдайға байланысты. «Бақыттымын» деп паңданып, аяғын еріне басып жүрген көп кісілердің бақытсыз екенін өздері сезбеген.Тарихта дәулетке, атаққа паңданып мәз болып, өмірін ақымақтықпен өткізгендер аз емес...
Бақыт дегеніміз - өмірді өз орнында, өз қалпында шамасы келгенше үлгілі өмір сүру. Адал болу, майдалықтан, іштарлықтан, қашық болу. Мұршасы әлі жеткенше өз заманын түсіне білу , өз қоғамымен бірге алған мақсатқа қопарыла шын көңілмен адал қызмет істей білу. Ар намысты қорғау –бақыттың шыңы, қиыншылықтармен санаспастан, азаматтық міндетті орындап шығу-ол да бақыттың шыңы. Жеңсең бақыт.
Ия құрметті ата-аналар біз сіздермен бірінші «Бақыт» деген сөзге жауап іздеп көрейік.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет