Бала – үй айнасы
Ата-анамен қарым-қатынас баланың психикалық мінез-болмысын, ой-түсінігін, әлеуметтік ортадағы рөлін қалыптастыруда алғышарт. Бұдан да маңыздысы, бала бойынан, өзін-өзі ұстауынан ата-анасымен қарым-қатынас деңгейін көруге болады. Яғни әке мен шешенің бірін-бірі толықтырып, ортақ тәрбиелеуі бүлдіршіннің қоршаған ортасына сенімін, сезім-күйін қалыптастырады.
Психолог мамандардың зерттеуіне қарағанда, бала-ата-ана мәмілесі екі түрде жүреді:
Терең-қарапайым қарым-қатынас – күнделікті тұрмыстағы сезімге толы, эмоциялық тұрғыда толайым, баламен жүргізілетін, "байқалмайтын", мазмұнды әрі жанды байланыс. Тілі шықпаған нәрестемен тілдесу, оған ерекше назар аудару – баланы бақытқа бөлеп, дамуын ілгерілететін, оның бойындағы бар потенциалын ашып, гүлдеуіне жағдай жасайтын платформа.
Саяз-күрделі қарым-қатынас – формаға басымдық берілетін, өмірлік нақты қалыптасқан іс-шаралар бойынша құрылымдық байланыс. Көбінесе тергеу-сұрау түрінде көрініс табады. "Сабағыңды қарадың ба?", "Қайда жүрдің?", "Неге олай етесің?" деген сауалдар мен көбесі сөгілмеген тыйымдар. Мұның салдары бағусыз бетімен кеткен, ата-анасынан жасырары көп, меселі қайтқан мұңшыл күйге әкелуі әжеп емес.
Мен-бақытты ата-анамын.
|
Мен-ақылды ата-анамын.
|
Мен-үлгілі отбасымын.
|
Мен-үлгілі отбасымын.
|
Мен-бақытты ата-анамын.
|
.
Сөз энергетикасы – қатынасқа реңк береді
Мен саған сенемін!
Мен өзіңмен мақтанамын!
Кез келген сәтте өзіңмен біргемін!
Ақылдым сол..! Ақылыңнан айналайын!
Мен өзіңмен ақылдасқым келеді;
Мұның да дұрыс шығар;
Сенің де қателесуге хақың бар;
Маған…(баланың бір қасиет-ерекшелігі) ұнайды;
Менен кез келген нәрсе туралы сұрауыңа болады;
Сені ұрыссам да, жақсы көремін;
Неге бұлай болды деп ойлайсың?
Достарыңызбен бөлісу: |