Ата-аналар жиналысы Хаттама №3 Күні



бет2/4
Дата08.08.2023
өлшемі26.36 Kb.
#475998
түріСабақ
1   2   3   4
Ата аналар жиналысы

Ағымдағы мәселелер бойынша ата-аналар өздерін мазалаған кейбір мәселелер туралы сөз қозғап, сұрақтар қойды. Математика сабағының оқушыларға қиындық туғызатыны ата-аналардың көбін мазалайтыны айтылды.Сонымен қатар Абдуллаева Аяжан деген оқушының анасы математика мұғаліміне үй тапсырмасы толық түсіндірілсе немесе 1 мысал келтірілсе, үй тапсырмасын өткен тақырыптар бойынша ғана берілсе деген ұсыныс айтты. Сондай ақ қыстың түсуіне байланысты балаларының сабақтан кеш қайтатыны, ата-аналарды алаңдатады. Ата-аналар қысқы мерзімге байланысты оқушылардың сабақ уақыттары ауыса ма деген сұрақтар қойды. Бұл сұрақтарға сынып жетекшісі оқушылардың сабақ кестесінде қысқы маусымға байланысты өзгеріс болатынын , бұл жағдайды шешуге жағдай жасалатынын айтты. Келесі тоқсан бойында балалардың сабақтан қалмай келуін қамтамасыз ету, мектеп формасын дұрыс кию, тазалығы, үлгерімі, тәртібі яғни мектеп ережесіне сай жүріп тұруы үшін сынып жетекшімен қатар ата-аналардың қадағалауы қажеттігі туралы айтылды
Қаулы: 
1.Оқушылардың сабаққтан қалмай толық дайындықпен келуі ата-аналарға жүктелсін.
2. Оқушылардың мектептегі оқу үлгерімін, тәртібін қадағалау сынып жетекшісіне міндеттелсін.
3.Оқушылардың күзгі демалыс кезіндегі қауіпсіздігіне жауапкершілік ата-аналарына жүктелсін
Сынып жетекшісі:Шалабаева.Э.М
Хатшы:Қуанышова А

Баламен қарым-қатынас құру құпиясы.

Қайтсек жақсы ата-ана атанамыз?


Айтпақшы, бұл сөздер тек кинодағы кейіпкерлерге арналмағандығын ұмытпаңыз.
Өз отбасымызда біз балаларымызбен күнделікті қарапайым мейірімге толы қарым-қатынас арқылы жақсы нәтижеге қол жеткіземіз. Сол қарапайым сөздер балаңызды адал, нағыз азамат етіп тәрбиелеуге жетелейді. Ал жанға жағымсыз ауыр сөздер баланың жанын күйзелтіп қана қоймай денсаулығна да зиян екенін ғалымдар дәлелдеген.
Мысал: Сіз балаңызды ренжітіп, өкпелетіп жібердіңіз дейік. Ата-анаға деген реніш пайда болады. Бала психикасына, психологиясына кері әсер етеді. Осындай ата-анамен бала арасындағы түсініспеушіліктен балада қорқыныш, үрей сезімдері пайда болады. Көп қорыққан балада қорқыныш туады. Стрестік жағдайлар. Жүйке-жүйесіне салмақ түседі.Осы жағдайдың алдын алу үшін баланың жан дүниесін жылытатын сөздерді қолданайық. Уақыт-балаңызбен бірге болу (өзара пікір алмасу, сезім сырларын аша бөлісу) Жанасу-қолын жұмсақ алақанмен қысу, аялау, арқадан қағу, құшақтау. Көмек- ата-ананың балаға деген шексіз көрсетер көмегі. Сыйлық- бұл жоспарланбаған, тосыннан қуаныш сыйлау. Марапат- балаға жан жүрегіңізден шыққан ең жылы сөздер айту, еркелету. Енді біздің тренинг сабағымыздың қағидаларына тоқталайық:
Кешікпеу; Белсенділік; Өз ойын еркін жеткізу; Ой қозғау, ой жалғау; Қарым-қатынастың басым болуы; Кедергі келтірмеу; Басынан бастап соңына дейін осы топтағы қағидаларды қабылдадық деген белгі ретінде қол шапалақтайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет