Ата-аналар жиналысы Хаттама №3 Күні


Сөз энергетикасы – қатынасқа реңк береді



бет3/4
Дата08.08.2023
өлшемі26.36 Kb.
#475998
түріСабақ
1   2   3   4
Ата аналар жиналысы

Сөз энергетикасықатынасқа реңк береді
Практикалық өнегемен қатар сөзбен әдіптеу де энергетикалық әсері зор құрал екенін есте тұтқан абзал. Бала күнделікті 5-8 мәрте жақындарының құшақтауын, себепсіз әңгімелесуін қажет етеді. Мұндағы басты қағида шынайы болу. Сол кезде мына сөздерді қолданған дұрыс:
Мен саған сенемін!
Мен өзіңмен мақтанамын!
Кез келген сәтте өзіңмен біргемін!
Ақылдым сол..! Ақылыңнан айналайын!
Мен өзіңмен ақылдасқым келеді;
Мұның да дұрыс шығар;
Сенің де қателесуге хақың бар;
Маған… (баланың бір қасиет-ерекшелігі) ұнайды;
Менен кез келген нәрсе туралы сұрауыңа болады;
Сені ұрыссам да, жақсы көремін;
Неге бұлай болды деп ойлайсың?

Тренинг жаттығулары:
1. «Танысу» мұндағы мақсат өзін-өзі тану, өзін түсіну және тұлғаның даму тәсілдерін таба білу. Ата-аналар шеңбер бойына отырады.Әр ата-ана кезекпен өз есімін атайды.Бала тәрбиесіндегі ең басты деп саналатын үш қасиетті атайды.
2. «Ғажайып арман алма талы» мұндағы мақсат:
ата-ананың, отбасы татулығын, бірлігін қалыптастыруда жауапкершілігін арттыру. Орындарыңыздан тұрып, көздеріңізді жұмып төбелеріңізде кемпірқосақ бар деп елестетіп, терең тыныс алып, кемпірқосаққа жетуге тырысыңыздар.
Бірнеше рет қайталаймыз мына сөзді: 3. «Мен-бақытты ата-анамын». «Мен-ақылды ата-анамын». «Мен отбасымның қамын көп ойлаймын». «Мен-үлгілі отбасымын». «Мен өзіме сенемін». «Менің қолымнан бәрі де келеді». «Мен қуаныштымын» Демді сыртқа шығарыңдар осы кезде таудан төмен түсіп келе жатқандарыңызды елестетіңіздер.
Ойынға қатысушы ата-аналар бала тәрбиелеуде баламен қарым- қатынас барысында «Мен-жақсы ата-анамын» тақырыбында хат жазады. Хат иесінің есімін атамай хаттарды оқимыз. Шеңбер бойынша хаттарға талдау жасалынады. 4. «Жүректен жүрекке». «Қарға баласын аппағым дер, кірпі баласын жұмсағым дер», т.с.с. Әр ата-ана баласын өте жақсы көргенде айтып еркелететін сөздерін таратып берілген жүрекшелерге толтырулары керек.
5. Жаттығу «Тілек шоғы», Бір-біріне жылы қарым-қатынаста болу мақсатында бүгінгі сабақ қорытындысы ретінде бала тәрбиесіне қатысты, бір-біріне жылы тілектер тілеу, жүрекшеге ілу, жылы лебізімізбен, жақсы тілегімізді тарту етейік,- деп бір-бірімізбен бала тәрбиесі туралы жылы қарым-қатынаста болдық

Балаға жаның ашыса, оны аяма" дегеннің мәні беталды қаталдық емес, ата-ана тарапынан белгілі бір талаптың қойылуы деп ұққан жөн. Баланың бар қалауы ешбір сыни көзқарассыз жүзеге асуы – бақылаудың жоқтығынан, мұның соңы жақсылыққа апармайды.


Ата-ана жағдайға қатысты баламен түрлі формада байланыс жүргізуі тиіс. Тыйым да – вакцина, қажет тұсында!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет