Шағын топтардағы жұмыс
Топтарға біріктіру.
4 адамды шақырып, оларға негізгі эмоциялардың атауларын береміз: «Қорқыныш», «Ашу», «Қайғы», «Қуаныш».
Барлығына үстелдің үстінде жатқан эмоциялардың атаулары жазылған карточкаларды алып, оның қандай эмоциялар тобына жататынын анықтауды ұсынамын.
Эмоциялар атаулары бойынша топтарға бірігіп, үстелден орын алуларын сұраймын. Ұсынылған кесте бойынша өз тобыңызды қаншалықты дұрыс анықтағаныңызды тексеруді сұраймын.
НЕГІЗГІ ЭМОЦИЯЛАР
|
РЕҢКТЕР МЕН ҚАРҚЫНДЫЛЫҚ
|
Қорқыныш
|
сенімсіздік, мазасыздық,
алаңдау, ұялшақтық,
абыржу, қорқыныш, сенімсіздік, есі шығу, дүрбелең, үрей
|
Ашу
|
күйгелектік, өкініш, реніш,
қызғаныш, ашулану, ұнатпау, қызғаныш, менсінбеу, ашулану, жек көру, долылық
|
Қайғы
|
жан ауруы, дәрменсіздік, сағыныш, аяушылық, өкініш, үмітсіздік,
көңілсіздік, көңілі қалу, қайғы, үмітсіздік, амалсыздық
|
Қуаныш
|
тыныштық, үміт, шабыт,
қызығушылық, әуестік, қамқорлық,
қабылдау, махаббат, бақыт, таңдану, шаттық
|
Түсініктеме: Бұл жаттығу сөздік қорын белсендіруге, эмоцияларды топтарға бөлгенде сабаққа қатысушыларға бағыт береді. Кесте сабақ барысында тапсырмаларды орындауға көмектеседі. Эмоцияларды вербализациялау бейсаналық процестерді сана деңгейіне «көтеруге» мүмкіндік береді, сондықтан біз оларды зерттеуге, себеп-салдарлық байланыстарды табуға және қандай да бір жолмен өзгертуге мүмкіндік аламыз.
|
Әр қатысушыға стикер, қалам, қарындаштар беріледі.
Эмоциялардың атаулары жазылған карточкалар
|