Сонымен, сіздің мінез-құлқыңызға қай мамандық сай келеді екен?
|
|
|
11-слайд.
Темперамент түрлерінің сипаттамасы
Айзенк шеңбері
Меланхолик
|
Флегматик
|
Холерик
|
Сангвиник
|
Кінәмшіл
|
Енжар
|
Ызақор
|
Көпшіл
|
Мазасыз
|
Ынталы
|
Желікпе
|
Ашық
|
Ерегеспе
|
Ойлы
|
Озбыр
|
Әңгімешіл
|
Көңілшек
|
Бейбіпшіл
|
Қызба
|
Қарапайым
|
Керітартпа
|
Бағытталған
|
Оптимист
|
Еті тірі
|
Тұйық
|
Сенімді
|
Озық
|
Уайымсыз
|
Ұстамды
|
Қалыпты
|
Белсенді
|
Жайлылықты ұнатады
|
|
Салмақты
|
|
Бастамашыл
|
|
|
|
12-слайд.
Сангвиник әлеуметтік құзыреттіліктерді меңгерген. Оның күшті жағы – өзіне елдің назарын аударып, әңгімелесушіні қызықтыра алады. Ол адамдармен қарым-қатынас орнату, оны сақтау мәселесін жетік біледі. (Психолог, кәсіпорын директоры, орта немесе жоғары буын менеджері, мұғалім, іс-шара ұйымдастырушы).
Меланхолик ұсақ-түйектің өзін көре алады. Оның басқа күшті жақтары – ұқыптылық пен жүйелілік. Ол күрделі мәселелерді салқынқандылықпен ақыл таразысына сала алады. Сол себепті нақтылықты қажет ететін салалар үшін олар таптырмайтын маман. Мысалы: бухгалтер болуы мүмкін.
Холерик – мақсаты айқын, белсенді, тәртіпті, бірақ ашуланшақ. Ол қиындықтардан қорықпайды, тез шешім қабылдап, қорытынды жасай алады. Егер олардың бойында сангвиникке тән қасиеттер болса, басшылық лауазымдарға өте жақсы. (Репортер, журналист, дипломат, хирург, кәсіпкер, режиссер, тергеуші, геолог және суретші).
Флегматик жан-жақты құзыретті адам, оған сенуге болады. Ол әкімшілік дағдыларға ие және қысым көрсеткенге көнбейді. Сондай-ақ күнделікті тапсырмаларды орындаған кезде ұқыпты. Флегматикалық тұлғасы бар адам – делдал лауазымы үшін тамаша үміткер. (Дәрігер-терапевт, бас бухгалтер, ғылыми қызметкер, экономист).
|
|
|
13-слайд.
Сахналық көрініс.
Тыңдаушылардың үшеуі ұл мен оның екі досының немесе құрбысының рөлін ойнайды.
Көрермендер жағдайды шешудің ықтимал нұсқалары туралы өз пікірлерін айтады.
Жағдай
Ата-аналар ұлын мықты университетке түсуге көндіреді. Ата-анасының Университет басшылары арасында өте ықпалды ықпалды достары бар. Ұлы болса, мүлдем басқа университетке, басқа мамандыққа, ең бастысы, оқуға тамыр-таныссыз түскісі келеді. Өкінішке орай, ол аса білімді емес, өз бетінше оқуға түсу мүмкіндігі аз.
Ата-ананы қолдаушылардың дәйектері
Көпшілік осылай жасайды.
Ата-анамен ренжісудің керегі жоқ.
Достары оны сөз қылмайды, мүмкіндік болса, олар да таныстарын пайдаланады
ЖОО әскери кафедра бар, әскерге барудың қажеті болмайды.
Білімі төмен болғандықтан көмек бермесе қиын болады.
Ата-ананы қолдамайтындардың дәйектері
Ұлға бұл мамандық ұнамайды.
Мүмкін балаға мектепті бітіргенше оқуға тырысу керек шығар?
Ол ержеткен бала, сондықтан өз болашағын ата-анасынсыз өзі шешкені дұрыс.
Кейінірек баланың тамыр-таныстықпен бітіргенін біреулер біліп қойса, не болады?
Ұлдың сабақ үлгерімі төмен болса не істейді? Пара берем бе? Өтініш айта ма?
Талқылау
|
|
|
14-слайд.
Мамандық таңдау – болашағыңды айқындайтын факторлардың бірі. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, оқушылардың 87% - ы мамандықты ата-аналары немесе мұғалімдерінің ықпалымен таңдайды. Бұл ретте ата-аналардың 75% - ы өз балаларының қандай мамандық таңдағысы келетінін білмейтінін мойындайды.
Оқушылар мен ата-аналардың 90% - ы еңбек нарығында қандай мамандықтардың көбірек сұранысқа ие екенін білмеуі жағдайды қиындата түседі.
2019 жылы Қазақстанда «Жаңа мамандықтар мен құзыреттер атласы» жасалды, онда 5-10 жылдан кейін қандай мамандықтардың сұранысқа ие болатыны болжаммен берілген. https://www.enbek.kz/atlas
Еңбек нарығындағы жағдай тез өзгеруде және жақын арада қандай мамандықтардың сұранысқа ие болатынын білу өте маңызды. Онда тоғыз сала бойынша 463 мамандық туралы ақпарат бар: тау-кен металлургия кешені, мұнай-газ өнеркәсібі, IT-технологиялар, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, машина жасау, энергетика, туризм және құрылыс. «Жаңа мамандықтар мен құзіреттер атласы» халықаралық тәжірибеге сүйене отырып экономикадағы өзгерістерге барынша әсер ететін әлемдік алты трендті негізге ала отырып жасалған. Бұл роботтар мен ақылды жүйелерді енуі, цифрландыру мен деректерді қолдану аясының кеңеюі, шикізат қорларының сарқылуы, экологиялық нормаларды қатаңдату, Y және Z буындары өкілдерінің еңбек нарығындағы жаңа талаптарының пайда болуы, халықтың тұтынушылық қалауының өзгеруі.
Сіздер, құрметті ата-аналар, балаларыңыздың жеке тұлғасының темпераменті мен қасиеттерін, оның қандай мамандыққа ие екенін анықтағаннан кейін, Атласқа жүгініп, өзіңізге қажет саланың балаңызға сәйкес келетін, алдағы 5-10 жылда сұранысқа ие болатын мамандықты таңдай аласыз.
|
|
|
15-слайд.
Казахстандағы сұранысқа ие мамандықтар тізімі
|
|
9 минут
|
16-слайд.
Өз жолын таңдауда жоғары сынып оқушысының алдынан шығатын «Кедергілер» туралы Марина Романенко айтып береді. Бейнеролик. Марина Романенко - тәжірибелі психолог, сертификатталған халықаралық деңгейдегі коуч, (ICF), балаларға білім, тәрбие беру және қарым-қатынас жасау саласы бойынша сарапшы. «Кәсіби ата-аналар мектебінің» авторы және жүргізушісі. https://www.youtube.com/watch?v=51WrG0xtPiI
|
|
|
17-слайд.
Жар таңдау мен мамандық таңдауда қателеспеген адамды нағыз бақытты жан деп жатамыз. Демек, жаның қалаған жұмысты жасау - жартылай бақыт деген сөз. Олай болса, мамандық таңдау бақытыңның жартысын іздеу. Өзі ұнататын іспен айналысқан адам өзіне де, әлемге де сүйіспеншілікпен қарайды. Өзі ұнатып істеген жұмыстан бақытын табады. Ата-анаға баласының бақытын көргеннен артық қандай қуаныш бар?! Төмендегі халық даналығы, мақал-мәтелдер соның айқын дәлелі емес пе?!
Жан қиналмай жұмыс бітпес, талап қылмай мұратқа жетпес.
Көңілсіз бастаған іс көпке бармайды.
Сен істі сүйсең, іс саған бас иеді.
Төмендегі сұрақтарға жауап бере отырып, мақалдардың мазмұнын талдау.
1. Бір-біріне қатысы жоқ еңбек, жан, махаббат ұғымдары мақал мәтелдерде неге бірігіп кеткен?
2. Сіздің жаныңызға қай мақал жақынырақ және түсінікті?
|
|
|
18-слайд.
|
Достарыңызбен бөлісу: |