Ата-аналарды білім беру ұйымдарында педагогикалық Қолдау бойынша нұСҚаулық



бет130/220
Дата20.03.2024
өлшемі2.36 Mb.
#496164
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   220
АТА-АНАЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ.УМК - для слияния

Уақыты

Сабақтың мазмұны

Ресурстар




1-слайд. Сен жанбасаң лапылдап…
2-слайд.
Сабақ
* жасөспірімнің мамандық таңдауында ата-ана қиындығын азайтуға,
* жасөспірімнің бейімі мен қызығушылығын анықтауға,
* ата-аналар мен жасөспірімдер арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға
көмектеседі.

Сабақтың мақсаты: ата-аналардың баланың өзін-өзі көрсетуіне дайындығын дамыту.


Міндеттері:



  1. Мамандық таңдау кезінде балаға қолдау көрсетуі үшін ата-ананың мықты уәжін қалыптастыру.

  2. Ата-аналардың өз кәсібін іздеу кезеңінде баланы қолдау әдістері мен шарттары туралы тұрақты түсініктерін қалыптастыруға ықпал ету.

  3. Баланың жеке тұлғасының ерекшеліктерін, қызығушылықтарын, қабілеттерін анықтау дағдыларын дамыту.

Жалпыадамзаттық құндылықтар мен жеке қасиеттер:


* Патриотизм. Адамдарға қызмет ету.
* Тәуелсіздік. Уақытша сәтсіздіктерге төзімділік. Еңбекқорлық. Өзіне деген сенімділік.







3-слайд.
Сабақ барысында не туралы айтамыз?
1. Бейімділік – өзіңді көрсетудің негізі.
2. Өзіңді көрсетудің кілті - темпераменттің, мүмкіндіктің, мінездің ерекшелігін ашу.
3. Балаға өз табиғатына лайық мамандықты анықтауына қалай көмектесуге болады?
4. Жоғары сынып оқушысының болашағын анықтауына кедергі болатын «Көрінбейтін тұзақтар".
5. Бойыңдағы бейімділікті дәл табу - бақыт пен өмірлік табыстың негізі.







4-слайд.
"Тілалғыш бала" жаттығуы
Сабаққа қатысқан ата-аналарды екі топқа бөлу. Топтарға олардың жас кезінде мамандық таңдағанда кездескен жағдайлар туралы сөйлесіп, ортаға салу ұсынылады.

1-топ ата-аналарды қорғайды. «Мен мамандықты ата-анамның кеңесі бойынша таңдадым және оған өкінбеймін».


2- топ ата-аналарының кеңесі бойынша мамандық таңдағанына өкінеді. "Мен мамандық алдым, жұмыс істеймін, бірақ әр жұмыс күні мен үшін азап".


Топта талқылау уақыты-5 минут.


әр топтан сөйлейтін спикердің уақыты-2 минут.
5-слайд .
Қалай ойлайсыз: бірінші жағдайда ата-аналардың кеңесі неге дұрыс және пайдалы болды, ал екінші жағдайда неге адам өміріне азап әкелді?







6-слайд.
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де - бір кірпіш, дүниеге
Кетігін тап та, бар қалан!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   220




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет