Ата-аналарды білім беру ұйымдарында педагогикалық Қолдау бойынша нұСҚаулық


-слайд. Ең бастапқы алдын алу жұмыстары мыналарды қамтиды



бет145/220
Дата20.03.2024
өлшемі2.36 Mb.
#496164
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   220
АТА-АНАЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ.УМК - для слияния

12-слайд. Ең бастапқы алдын алу жұмыстары мыналарды қамтиды:

  • балалардың әлеуметтік өмір сүру деңгейін жақсарту;

  • оң бағыттағы тұлға тәрбиелеу;

  • аутодеструктивті ниеттердің пайда болуын күшейтетін әлеуметтік жағдайларды жою.

Екінші алдын алу жұмыстары:

  • бейімділік туғызатын тәуекел факторларын анықтау;

  • профилактикалық есепке алу категорияларын әдеттен тыс (девиантты) мінез-құлықтың белгілі бір формаларына сәйкес келетін топтарға бөлу;

  • жүйке-психикалық патологиясы бар тұлғаларды ерте анықтау;

  • анықталған аурулар мен психиканың патологияларына түзету жұмыстарын жүргізу.

Көмек көрсету кезеңдері

  • профилактикалық бағдарламалар

  • жоғары сынып оқушыларының тәуелді тенденцияларын ерте анықтау

  • психодиагностика

  • емдік шаралар

  • оңалту

Нашақорлықты тудыратын биологиялық, психологиялық, әлеуметтік, мәдени және патопсихологиялық себептерді жоюға бағытталған этиологиялық емдеу ең тиімді әдіс болып табылады.

Слайд 13

7 мин

Рефлексия. (Қорытынды сөз)
Қорытындылау.
– Тренингіміздің соңында осындай өзекті тақырыпты талқылауға атсалысқандарыңыз үшін барлығыңызға алғыс айтамыз.
Сіздерді мазалайтын сұрақтарыңызға жауап алдыңыздар ма?
Тренингтен не үйрендіңіздер?
Өткен кездесуімізге деген көзқарастарыңызды бір сөзбен жеткізіңіздер.
Ата-аналарға берілетін үлестірмелі карточкалар
Балалар өмір сүруді өмірден үйренеді
Егер бала үнемі сынға ұшыраса, ол жек көруді үйренеді.
Егер бала қастықта өмір сүрсе, ол агрессивтілікке үйренеді.
Баланы мазақ етсе, ол тұйық болады.
Егер бала қорлық көріп өссе, ол кінәмен өмір сүруді үйренеді.
Егер бала толерантты болып өссе, ол басқаларды қабылдауды үйренеді.
Егер бала жігерленсе, ол өзіне сенуді үйренеді.
Егер бала мақталса, ол алғыс айтуды үйренеді.
Бала шыншыл болып өссе, әділеттілікке үйренеді.
Егер бала қауіпсіздікте өмір сүрсе, ол адамдарға сенуді үйренеді.
Балаға қолдау көрсетілсе, ол өзін бағалауды үйренеді.
Егер бала түсіністік пен достықта өмір сүрсе, ол осы дүниеде махаббатты табуды үйренеді.



Үлестірмелі карточкалар





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   220




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет