Ата-аналарды білім беру ұйымдарында педагогикалық Қолдау бойынша нұСҚаулық


Нәтижелерді өңдеу және интерпретациялау



бет149/220
Дата20.03.2024
өлшемі2.36 Mb.
#496164
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   220
АТА-АНАЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ.УМК - для слияния

Нәтижелерді өңдеу және интерпретациялау. Жиырмадан кем дегенде жеті сұраққа оң жауап берілсе құмар ойындарға тәуелділіктің болуының айқын белгісі болып табылады және мамандарға жүгіну қажеттілігін көрсетеді.



5 слайд

7 мин.

Тренер ата-аналарға жүгінеді:
Құрметті ата-аналар! Өздеріңіз түсінгендей, бүгінде жоғары сынып оқушысы өзін әлеуметтік желілерсіз және интернетсіз елестете алмайды.
Жоғары сынып оқушысын интернетте сағаттап отыруға итермелейтін себептер не деп ойлайсыз? (Ата-аналардың жауаптары).
Тренер жоғары сынып оқушыларының неліктен әлеуметтік желіде уақыт өткізетінін түсіндіреді.
6-слайд. Үнемі «трендте» болу ниеті жоғары сынып оқушыларында тәуелділіктің дамуына әкеледі; олар әлеуметтік желілерде өздерінің фотосуреттерін, бейнелерін орналастыруға, сондай-ақ өз ойларымен бөлісуге ұмтылады; мүдделері ұқсас адамдар мен достар табу мүмкіндігіне ие болу; мысалы, сіздерге қарағанда жоғары сынып оқушыларының бос уақыты көп, сіздер жұмыстан басқа, отбасы мен үй тіршілігіне уақыт бөлулеріңіз керек; әлеуметтік желілер құрдастарымен ашық және кедергісіз қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді, бұл кейбір жоғары сынып оқушылары үшін шынайы өмірде қиындық тудыруы мүмкін, ал заманауи әлеуметтік желілер фильмдерге, музыкаға, ойындарға және кітаптарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Әлеуметтік желілерде білім беру ресурстары мен оқыту курстары құрылады. Мұның бәрі жоғары сынып оқушыларын тартады.
Тренер ата-аналарға жүгінеді:
Құрметті ата-аналар, сіздер қалай ойлайсыздар, жоғары сынып оқушыларының әлеуметтік желіге тәуелділігі неден көрінеді? (Ата-аналардың жауаптары).
Тренер ата-аналардың назарын келесі жағдайға аударады.
7-слайд. Тәуелділіктің қалыптасуы жоғары сынып оқушысының әлеуметтік желілердің әсеріне қаншалықты төзімді екендігіне, жеке тұлғаның психологиялық жағдайына, қолданушыға қаншалықты әсер ете алатынына және т.б бағынады. Бұл кезеңдерге байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   220




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет