Ата-аналарды білім беру ұйымдарында педагогикалық Қолдау бойынша нұСҚаулық


-слайд. Ойынхана (балалар мен ата-аналардың бірлескен ойындары)



бет38/220
Дата20.03.2024
өлшемі2.36 Mb.
#496164
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   220
АТА-АНАЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ.УМК - для слияния

4-слайд. Ойынхана (балалар мен ата-аналардың бірлескен ойындары).
Ата-аналар үстел басына отырады.
- Бүгінгі кездесуімізде ата-аналар балаларымен бірге өз қолдарымен жасай алатын қызықты ойындарға толығырақ тоқталғым келеді. Бұл математикалық ойын-сауық арасында ерекше орын алатын геометриялық фигуралардың арнайы жиынтықтарынан заттардың, жануарлардың, құстардың, үйлердің жазық кескіндерін құрастыруға арналған ойындар. Бұл ретте фигуралар жиыны ерікті түрде таңдалмайды, бірақ белгілі бір жолмен кесілген фигураның: шаршының, тіктөртбұрыштың, шеңбердің немесе сопақшаның бөліктері болып келеді. Олар балаларға ғана емес, ересектерге де қызықты.



1,2,3,4-слайдтар

7 мин.

Бейнеролик көру

Бұл бейнероликте ата-аналар танграмм жасауды және онымен ойнауды үйренеді.


Бейнеде танграмды балалармен әзірлеудің барлық кезеңдері анық көрсетілген



Бейнеролик «Танграм жасау»
https://www.youtube.com/watch?v=Cwtq-YRMWJc

20 мин.

Үйрету тренингі

Тренер ата-аналарға Танграм ойынындағы фигураларды көрсетеді.


5-слайд. «Танграм» қарапайым ойындардың бірі. Оны «Картон жұмбағы», «Геометриялық конструктор» деп те атайды. Екі жағы бірдей боялған картоннан (көрсетіп) 8 де 8 см болатын шаршы 7 бөлікке кесіледі. Нәтижесінде 2 үлкен, 1 орташа және 2 кішкентай үшбұрыш, шаршы және параллелограмм шығады. Барлық 7 бөлікті пайдаланып, оларды бір-біріне мықтап бекітіп, үлгілерге немесе өзіңіздің ойыңызға сәйкес көптеген әртүрлі кескіндерді құруға болады.
Тренер ата-аналарға:
Құрметті ата-аналар! Сіздерге балаңыздың сөзбен достасуына көмектесетін, әңгімелеуді, қызықты сөздерді табуды үйрететін, соның нәтижесінде баланың сөз қорын байытып, түрлендіретін ойындар ұсынылады. Сөз ойыны кезінде баланың көңіл-күйін, оның мүмкіндіктері мен қабілетін ескерген жөн.
Балаңызбен тең дәрежеде ойнаңыз, оның жауаптарын жігерлендіріңіз, табыстарына және кішкентай жеңістеріне бірге қуаныңыз!
6-слайд. «Тек көңілді сөздер».
Бұл ойынды шеңберде ойнаған дұрыс. Ойыншылардың бірі тақырыпты айқындайды. Кезекпен тек көңілді сөздерді атау керек. Мысалы, бірінші ойыншы: «Клоун» десе, екіншісі «Қуаныш», үшінші: «Күлкі», т.б. деу керек. Ойын шеңбер бойымен сөздер біткенше ойналады.
Тақырыпты өзгертуге және тек жасыл сөздерді айтуға болады (мысалы, қияр, шырша, қарындаш және т.б.), тек дөңгелек сөздер (сағат, бауырсақ, дөңгелек және т.б.).
7-слайд. «Өмірбаян».
Алғашында ата-аналардың бірі жетекші рөлге ие болып, өзін зат немесе құбылыс ретінде таныстырады, соның атынан әңгіме жүргізеді. Қалған ойыншылар оны мұқият тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы оның кім немесе не туралы айтып тұрғанын анықтауы керек. Тапқан ойыншы жүргізуші рөлін алады да қанадай да бір затқа немесе құбылысқа айналады.
Мысалы, «Мен әр адамның үйінде бармын. Нәзікпін, мөлдірмін, әсем емеспін. Маған ұқыпсыз қарағандықтан жарамсыз болып қаламын, сондықтан жаным да түнекке айналады». (Шам).
Немесе: «Жуан және жіңішке, әдемі және онша әдемі емес бола аламын. Менімен ойнауға болады, бірақ тиянақты ойнау керек. Бір кезеде мен Пятачоктің кесірінен жүдеп қалғанда, Иа есек маған бәрібір қуанды...» (Пятачок).
8-слайд. «Сиқырлы тізбек».
Ойын шеңбер бойымен жүргізіледі. Ата-аналардың біреуі бір сөзді, мысалы «бал» дейді, қасында тұрған ойыншыдан бұл сөзді естігенде не елестететінін сұрайды?
Содан кейін ата-аналардың бірі жауап береді, мысалы, «ара». Келесі ойыншы «ара» сөзін естіп, мағынасы жағынан алдыңғы сөзге сәйкес келетін жаңа сөзді атау керек, мысалы, «ауырсыну» т.б. Не болуы мүмкін?
Бал – ара – ауырсыну – тау – дала – ел – Қазақстан – Астана – Тәуелсіздік алаңы, т.б.



5-8-слайдтар

5 мин.

Мұғалім ата-аналарға:
Екі командаға бөлінуді сұраймын. Енді қазақтың ұлттық ойынын ойнаймыз.
9-слайд. «Жаяу көкпар» ойыны. Ата-аналар командалары шет сызықтар бойымен сапқа тұрады, сызықтан 5-10 метр қашықтықта «көкпар» қойылады («көкпар» доп болуы мүмкін). Әр команда ойыншыларының міндеті – қарсыластарынан жылдам жүгіріп, «көкпарды» басып алу, содан кейін оны топ ішінде бір-біріне беріп, қарсылас қақпасына жүгіріп, «салым» салу. Қарсыласынан көп салым жинаған команда жеңеді. Қақпаның орнына құрсауды қолдануға немесе бормен шеңбер салуға болады.
Нәтижелермен таныстыру. Таныстырып болғаннан кейін педагог қорытындысын шығарып, тұжырымдама жасайды.
Тұжырымдама. Эрудиция мен тапқырлықты дамытудағы ең бастысы - балалармен бірге қызықты отбасылық зияткерлік ойындарды ойнауды үйрену! Сіздер ең тапқыр, зейінді, жинақы және ұшқыр ата-аналарсыздар! Қатысқандарыңызға көп рахмет!
10-слайд.
Пайдалы кеңестер. Эрудиция мен тапқырлықты дамыту бойынша алған дағдыларыңызды жақын арада өз балаңызға қолданыңыз. Нәтижені талдаңыз. Әлеуметтік желілерде курс қатысушыларымен алған әсерлеріңізбен бөлісіңіз.



9,10-слайдтар

3 мин.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   220




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет