Ата-аналарға арналған сауалнама сұрақтары



бет11/12
Дата03.01.2022
өлшемі137.93 Kb.
#451634
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Сауалнама

4. Керн-Ирасек тесті

«Ер адамның бейнесін сал»

Мақсаты: Жалпы психикасының дамуын анықтау

Әдістеме


«Қандай да бір ер адамның бейнесін сал». Қандай да бір белгісі, түсіндіру айтылмайды.

Нәтижесін бағалау.

1 ұпай- бейнеде басы, денесі, аяғы бар. Басын денесімен мойыны жалғастырып тұр. Басында шашы бар (құлақшын, шляпа) құлағы, бет келбетінде –көзі, мұрыны, аузы. Қолында 5 саусағы бар. Ер адамның киімі бар.

2 – ұпай- барлық талаптардың орындалуы, мүмкін 3 бөлігінің болмауы(мойын, шашы, 1 саусағы, қолы, құлағы), бірақ бет келбетінің барлық бөліктері болуы қажет.

3- ұпай- басы, денесі, аяғы бар. Қолы, аяқтары таяқшалармен бейнеленген. Мойыны, құлағы, шашы, киімдері, саусақтары жоқ.

4- ұпай- басы мен аяқтары таяқшалармен бейнеленген.

5- ұпай- анық бейне көрінбейді, бұйра-бұйра бейнелер, шимай.

«Үлгіге қарап көшіру»

Мақсаты: қимыл- көру және қимыл дағдыларын үйлестіруінің дамуын анықтау

Әдістеме


«Қарашы мына жерде бірдеңе деп жазылып тұр, сен әлі жаза алмайсың, сонда да мына жазуды дәл сондай етіп көшіріп көрші».

Нәтижені бағалау.

1- ұпай- анық және толық көшірілген үлгі, көлемі кішкене 2 еседей ғана үлкейтілген. Жазу жолдары 30°-ке ғана ауытқып кеткен.

2-ұпай- анық, жазу мөлшері жақынырақ, әріптердің әдемі болуы міндетті емес.

3- ұпай- әріптер 2 топқа бөлінген 4 әріпке дейін оқуға болады.4 –ұпай- 2 әріпке дейін бөлінген

5-ұпай- бұйра-бұйра, шимай жазулар

«Нүктелер тобын көшіру»

Әдістеме


«Мына жерде нүктелер бейнеленген, дәл осындай етіп көшіріп бер.

Нәтижені бағалау



  • ұпай- үлгіні дәл етіп түсірген. Нақты нүктемен белгілеген(дөңгелектер емес). Пішіннің көлденеңнен, тігінен симметрия сақталған, жартысынан көбі аздап не үлкейтіп, не кішірейтіп көрсетілуі мүмкін

  • ұпай- аздап симметриядан қателескен . мүмкін 1 нүкте рамкадан шығып кетуі .нүктенің орнына дөңгелектермен белгілеген

  • ұпай- дөрекі ұқсастық,барлық фигурадағы бұзылу. Мүмкіндігінше үлкен не кішкене нүктелер (7-ден 20-ға дейін)

  • ұпай- көлемі мен саны жағынан елеулі өзгерген, бір-біріне қабаттап белгілеген, нақты бейнені көру мүмкін емес.

  • ұпай- шимай-шимай

Бұл тапсырмалар Керн-Ирасектің «мектептік жетілгенін бағдарлайтын тест» деп аталады.9 және одан жоғары ұпай жинамаса сонымен қатар ауызша айтуында кемістік бар баланың мектепке дайын еместігі анықталады. Соңғы нәтиже жасау үшін стандартты медициналық сәйкестіктерді де ескеру қажет.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет