Ақыл ойы мен сөйлеуінің дамуы
Грамматикалық конструкцияны дұрыс түсінуі.
Тексеруші сөйлемде асықпай 2 рет оқиды. «Болат киноға кітап оқып болған соң барды». Содан кейін сұрақ қояды «Болат алдымен кино көрді ме, әлде кітап оқыды ма?»
Ауызша тапсырма орындау
Стол үстінде ретсіз қарындаштар шашылып жатыр, тексеруші балаға «Қарындаштарды жинап қорапқа сал, оны сөреге қой» деп тапсырма береді. «Ал енді қарындаштар қайда тұр, оларда қайдан алып едің?» деп сұрайды.
Зат есімнің көпше түрге өзгеруі
Тексеруші балаға «Мен саған бір затты айтамын, сен оның көпше түрін айт» . Мысалы: қарындаш- қарындаштар. Берілген зат есімдер: кітап, қаламсап, шам, үстел, терезе, қала, орындық, құлақ, аға, жалау, бала.
Суретті әңгіме
Баланың алдына балаға таныс әңгіме желісі бойынша ретсіз қойылған 4 сурет көрсетіледі. Тексеруші балаға суреттерді әңгіме желісі бойынша ретімен қоюын сұрайды. Сонымен қатар бала неге олай қойғанын түсіндіруі керек.
Нәтижені бағалау:
Орындалған әр бір тапсырма «+», «-» белгілерімен бағаланады.
1 тапсырма: «+», «-» белгілерімен
2 – 4 тапсырма: «+», «+», «-»
3 тапсырма : 2 қате «+»; 7 қате – «-»; аралас нәтиже- «+» деп белгіденеді. Ойлау мен сөйлеудің қорытынды деңгейін «жоғар» деп, егер барлығы «+» болса, « нашар» деп, егер барлығы «-», немесе 4 суреттің үшеуі, 2 тапсырма «-», 2 тапсырма «+» болса, аралық есеп «орташа» деп бағаланады.
3. Ойлау
«Қима суреттерді құрастыру»
Мақсаты: Топшылауға үйрету
Балаға бөліктерден сурет құрау тапсырылады. Тексеруші балаға « байқайсың ба сурет сынып қалыпты, құрастырып көрші деп айтады. Не бейнеленіп тұрғанын айтуға болмайды. Егер бала құрастыра алмаса одан жеңіл нұсқа беріледі.
Нәтиже бағасы.
Дұрыс орындалған 1 тапсырмаға «+», егер 2 тапсырма «+». Егер дұрыс құрастырылмаса «-» деп бағаланады.
«Лабиринт»
Мақсаты: баланың шартты белгілермен, схеманы қолдана білуін, бейнелі-схемалық ойлауын тексеру
Материал: ашық алаңқайда жолдар мен бекіністер көрсетілген және «хат» өзінің қай бекіністегі үйшікке бағытталған. « Алдарыңда алаңқай көрстеілген, онда жолдар мен бекіністер көрсетілген. Қай үйге келу қажеттігін «хаттан» көруге болады.»
Нәтиже бағасы.
1-6 тапсырманың әр қайсысындағы дұрыс бұрылыс 1 ұпай (жоғары баға 4 ұпай) 7-10 тапсырма 2 ұпайдан (жоғары ұпай: 7,8- 4 ұпай, 9,10-6 ұпай). Барлық баға қосындысы - 44 ұпай.
Достарыңызбен бөлісу: |